АВТОКӨЛІК ИЕЛЕРІ ҮШІН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚО АШЫЛДЫ

Қоғам
777 Views

Шымкентте автоәуесқойлар үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа форматта іске қосылды. Енді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады.

Бұл азаматтардың халыққа қызмет көрсету орталығында көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетілмейді.

Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында автокөлік иелері өз автокөліктерін қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алып, тәжірибелік емтихан тапсыра алады.

Шымкентте барлығы үш мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратында көлік құралын тіркеуге және қайта тіркеуден өткізуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады. Жүргізуші куәлігіне қосымша категориялар бойынша тәжірибелік емтихан тапсыру және медициналық тексерістен өту жұмыстары Достық шағынауданындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында ғана жүзеге асырылады.

Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында авто халыққа қызмет көрсету орталығына кезектің уақытын брондау үшін egov.kz порталы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілуге болады. авто халыққа қызмет көрсету орталығына барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз, медициналық бетперделердің болуы міндетті.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтар, сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстырып, автокөлігін қайта тіркей алады.

Айта кетейік, авто халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысы тоқтатылған сәттен бастап, төтенше жағдай кезінде онлайн режимінде азаматтарға 600 жуық жүргізуші куәлігі берілді және автокөлікті қайта тіркеу бойынша 300 астам қызмет көрсетілді.

Анықтама: жұмыс кестесі: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз.

Мамандандырылған ХҚО мекенжайлары:

№1 мамандандырылған ХҚО: Достық шағынаудан

№2 арнайы ХҚО: Ташкент айналма жолы, 341.

№3 арнайы ХҚО: Қызылжар шағынаудан, Жиделібайсын көшесі, 92. «Бекжан-комфорт».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *