АВТОНАРЫҚТА ЕҢ ӨТІМДІ КӨЛІК ҚАЙСЫ?

Экономика
612 Views

НАҒЫЗ ҚАЗАҚ КАМРИ ЕМЕС, НАҒЫЗ ҚАЗАҚ CHEVROLET

Келесі аптада Қазақстан автобизнесі қауымдастығы 2022 жылдың қорытындысын шығарады. Былтыр Қазақстанда қай автомобиль маркасы ең көп сатылды деген сұраққа жауап беріледі. Бірақ қазір де, желтоқсан айының көрсеткіштерін күтпей, 2022 жылдың 11 айын саралап нақты айтуға болады: Қазақстан бойынша автокороль — Chevrolet Cobalt.

Бестселлерге айналған автокөлікті Қостанай қаласындағы «СарыарқаАвтоПром» құрастырады. Былтыр (11 ай статистикасы бойынша)30 749 Chevrolet маркасы сатылған. Оның 90 пайызы — Cobalt. Бұл абсолюттырекорд. Шевролеттен кейін Хьюндай, КИА, Черри маркалары келеді. 2022 жылданбастап — Тойота қазақтың дәстүрлі көлігі статусынан айрылды. Сондықтан қазақжәне автокөлік дегенде Камриді емес, Кобальтты көбірек айта беруіміз керек. Соләділ болады.

Жалпы, 2022 жылдың 11 айында елімізде 110 мыңға жуық жаңа автокөлік сатылды. Оның ішінде отандық маркалар (Шевроле, КИА, Хьюндай, Jac) және Қытайдан тасылатын Cherry, Haval сынды көліктер өз позициясын күшейткен. Жапондар әлсіреген (Тойота, Лексус, Субару, Хонда, Мазда), ал немістер (Мерседес, БМВ, Ауди) біздің нарықтан біртіндеп алыстай бастағанын көріп отырмыз.

Еуроминимализм бізге де келді. Біз де кішкентай, бензинді аз жейтін көліктерді көп алатын болдық. Үлкен джиптерге деген желік басылды, адамдар оның салығы мен күтіміне ақша жұмсағанша, сол ақшаны инвестициялау дұрыс екенін түсінді. Алматыда метромен жүретін банкирлер, бизнесмендер мен трейдерлер пайда болды. Мінез-құлық та, психология да өзгеруде. Материалды заттарға қарағанда дзен практикаларға, рухани бағыттарға деген қызығушылық артты.

Мінез-құлық экономикасында дәл осы психокартина ескеріліп, ұсыныс та соған лайықталады. Менің көлігім әлемді қалай өзгерте алады, қоршаған ортаға зиян тигізбесе екен деген ортақ идеология күшеймек. Демек, 2025-2027 жылдардағы статистикада біздегі сатылым лидеріне электромобиль шығады деп болжай аламын. Тесла болмайтын шығар, мүмкін Кобальт сияқты арзан әрі кішкентай электрокөлік болар. Біз соған келе жатырмыз.

ҚОШ БОЛ, ЗАУЫТ! КАМРИ 80 ҚАЗАҚСТАНҒА ҚЫТАЙ АРҚЫЛЫ ЖЕТКІЗІЛЕДІ

Тойота корпорациясы Қазақстанда да, Өзбекстанда да зауыт ашудан бас тартты. Негізгі себеп бізде емес.

Біріншіден, Ресей өз нарығын «Москвич 3» (Қытайлық Jac) клонымен толтырмақ. Сондықтан Тойотаға өзі Петербордағы зауытын жауып кетіп қалған Ресей нарығына оралу қиын болмақ. Ал Қазақстан мен Өзбекстан, Қырғызстан нарығын біріктірсе де, білдей зауыт үшін қажетті сұраныс көлемін жаба алмайды. Біздегі Шевроле Кобальт маркасының сатылым лидері атануы — Қазақстан нарығында да арзан көліктің заманы туғанын байқатады. Жалпы, біздің Орта Азия аймағы премиум/бизнес класс үшін аса қызық емес болып барады.

Екіншісі — анағұрлым глобалды себеп. Әлем бензин/дизельді моторлардан кету үстінде. Қытай толық электрокарларға бет бұрды. Тесла капитализациясы бойынша Тойотаны басып озып кеткен. Еуропа аздаған жылдардан кейін жанармай жағатын көлікке тиым салмақ. Бұл жағдайда инвестиция құйып, дәстүрлі көлік құрастыратын зауытқа шығындалудың қажеті қанша деген заңды сұрақтар туындайды.

Бірақ Камри Қазақстаннан қол үзбек емес. 2023 жылдың аяғында премьерасы болатын Камри XV80-ның негізгі параметрлері белгілі болды. Сарапшылар Тойота Краунның жаңа кузовы шыққалы бері «ее, Камри да осыған ұқсас болады» деп топшылап қойған болатын. Айтқандары келді.

Камри 80 жарық фарасы жаңа сәнді трендке сай «бумеранг» стилінде жасалмақ. Жалпы болмысы спорткарға келетін болады. CarsCoops мәліметтері бойынша, ол Toyota Crown, RAV4, Highlander және Lexus ES сияқты модельдерінің негізі болып табылатын TNGA-K модульдік платформасында құрастырылады.

2024 жылы теңге курсының қандай болатынын білмеймін. Бірақ дәл қазіргі курспен Камри 80 шамамен 20 миллион теңге болатын түрі бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *