«АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ, АЛҚАКӨЛ СҰЛАМА» ЗАМАНЫНЫҢ «ЕЛІМ-АЙ» ДАСТАНЫНА 300 ЖЫЛ!

Тарих Әдебиет
621 Views

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде Мәдениет және спорт министрінің №60 бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігімен «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен 2023 жылы 18 тамыз күні Петропавл, «Қызылжар» қаласында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» заманының «Елім-ай» дастанының 300 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Конференцияға елімізге танымал тарихшылар мен әдебиетшілер, ақын – жазушылар және қоғамдық ұйым өкілдері арнайы шақырылып отыр.

Сонымен қатар, осы «Елім-ай» дастанының жазылу және шығу тарихына, оның авторы Қожаберген жырау Толыбайұлының тарихта болғанына шүбә келтіріп әлеуметтік желіде әр түрлі пікірлер айтып, оқырман ойын сан-саққа жүргізгісі келетін кейбір ғалымдар мен ақындарға, әдебиетке, тарихқа өз пікірлерін үстем еткісі келетін отандастарымызға да, хабар айтып арнайы шақырту жіберілді.

Тарихи шындыққа, дәлелді ғылыми көзқарас білдіріп, ойымызды ортаға салып, халық пікірін шындыққа негіздеп қалыптастыру, бәріміздің азаматтық, адалдық, ниетіміз болса деп ойлаймыз.

Конференцияға қатысамын дегендерге есік ашық!

Ұйымдастырушылар алқасы:

8 775 405 0411, 8 778 767 1112, 8 702 925 1611.

Өтетін жері: Петропавл қаласы,Жамбыл Жабаев көшесі, 55А.

Өтетін күні: 2023 жылы 18 тамыз,«Оқушылар сарайы»

Басталатын уақыты: сағат 10.00.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *