АҚТАЛҒАН АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНҒА АҚ ЖОЛ!

Денсаулық Қоғам
629 Views

Елімізде медицинаның бір тармағы трансплантология, яғни ағзаны ауыстыру саласыжылдан-жылға дамып келеді. Бұл саланың қанатына су бүркіп, қарқын алуына үлесқосып отырған отандық санаулы хирургтар бар. Соның бірі – Абылай Донбай. Абылай Әбдіжаппарұлының бір ерекшелігі – туыстық трансплантацияны жетік меңгергендігі.Осы ретте А.Донбай секілді туыстық трансплантациялық отаны істейтін хирургтерТМД елдері ішінде саусақпен санарлықтай екенін айтқымыз келеді. Міне, осындай білікті маманның біздің елімізде болғаны көңіл қуантады.

Аталған кейіпкеріміздің тұлғалық бейнесін анықтап, айшықтайтын еңбек жолына тереңіненүңіле кетсек.

Абылай Әбдіжаппарұлы – 1982 жылғы 27 шілдеде ОҚО, Төлеби ауданы, Ленгер қаласындадүниеге келген. Ұлты – қазақ. 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицинаакадемиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы Қазақгуманитарлық және құқықтық университетінде МВА бағдарламасы бойыншамагистратурасын бітірген.

2005 – 2006 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында бір жылдық интернатурадан өткен.

29.08 – 31.12.2008 жылдар аралығында Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында хирургия мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен.

2009 – 2010 жылдары Мәскеудің Н.В. Склифосовский атындағы Жедел жәрдем ғылыми зерттеу институтының бауыр трансплантация орталығының клиникалық ординаторы.

15.04 – 09.08.2013 жылдар аралығында Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен.

2014, 2015, 2016 жылдары Оңтүстік Корея Республикасындағы Сеул Ұлттық университетінің госпиталінде бауыр трансплантациясы, гепатобилиарлы хирургия және онкология бойынша халықаралық тәжірибе грантының иегері.

Еңбек жолын 02.06.2008 – 10.02.2009 жылдар аралығында Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ-нің клиникасында хирург дәрігері болып бастаған.

23.02-2009 – 11.05.2011 жылдар аралығында Алматы қаласындағы орталық қалалық клиникалық ауруханасында қабылдау бөлімінің хирург дәрігері;

24.06.2011 – 31.07.2011 жылдар аралығында мамандандырылған жоғары спорт мектебінде дәрігер;

01.02.2012 – 19.06.2017 жылдар аралығында Астана қаласындағы «№1 қалалық ауруханасы»-нда хирург дәрігері, медициналық білім және инновация бөлімшесінің бастығы, трансплантология және гепатобилиарлы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, Астана қаласының бас трансплантолог маманы қызметтерін атқарған.

Бірінші санатты хирург дәрігері, трансплантолог. Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша екінші біліктілік санат. Жалпы еңбек өтілі – 11 жыл. Басшылық лауазымдағы еңбек өтілі – 7 жыл.

2017 жылғы 04 шілдеден бастап «№1 қалалық клиникалық ауруханасы»-ның бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Бірнеше рет облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының, аурухана бас дәрігерінің құрмет грамоталарымен марапатталған.

2019 жылы Қазақстан Республикасының Касым-Жомарт Кемелович Токаевтың «Алғыс грамотасы»-мен мараппатталған.

2019 жылғы 11 ақпаннан бастап «№1 қалалық клиникалық ауруханасы»-ның бас дәрігерінің міндетін атқарушы, 2019 жылғы 13 наурыздан бастап «№1 қалалық клиникалық ауруханасы»-ның бас дәрігері лауазымына тағайындалған.

А.Ә. Донбай Шымкент қаласында хирургия саласына инновациялық технологияларды ендіріп, трансплантология саласын дамытуда. Бүгінгі таңға дейін №1 қалалық клиникалық ауруханасында бүйрек және бауыр трансплантациясы оталары сәтті жасалған. Сонымен қатар, медициналық туризмді дамыту мақсатында бүгінгі таңға дейін 23 шетел азаматына (Германия, Канада, Израиль, Румыния) бүйрек трансплантациясы жасалып және қазіргі таңда 100 бұйрек трансплантация отасы сәтті аяқталған.

2019 жылы А.Ә.Донбай бастаған «№1 қалалық клиникалық ауруханасы»-ның трансплантолог дәрігерлері бауыр трансплантациясы отасын 5 сағат 48 минутта жасап, Қазақстандық рекордты жаңартты. 2019 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің қоғамдық кеңес мүшесінің құрамына кірген. 2019 жылы Нұр-Отан политбюросының мүшесі болып тағайындалған.

«Жер бетінде ең әуелі жасалған қылмыс пен күнә көреалмаушылықтың салдарынан болады», – дейді ғұламалар. Расында нақақтан жапа шеккен жандарды көргенде, еріксіз солай ой түйесің. Еңбегі мен өмір жолы көпке үлгі боларлық білікті маман, ардақты азаматымыз да осындай көреалмаушылық пен аяқтан шалып, балақтан тартудың арқасында жазықсыз абақтыға да тоғытылды. Әуелі Жаратқанның, содан соң әділдікке сенген көптің тілеуінің арқасында адал жолдан таймаған оны сот шешімі ақтап алды. Кеш болса да адал есімінің қайтарылғаны қуантады әрине, алайда бір әттеген-айы сол қапаста өткен бір жылында қаншама науқастың өмірін ажалдан арашалап қалар еді, кім білсін?! «Батыр майданда шынығады», – демекші, ешбір сынға мойымаған қайсар азамат өз абыройлы қызметіне қайта оралып, бүгінгі таңда қызу жұмысқа кірісіп те кеткен. Оған дәлел №1 қалалық клиникалық ауруханасында тынбай Қазақстанның өзге де қалаларынан белді, білікті мамандарды қатыстыру арқылы жас мамандарға, орта, аға буын хирург дәрігерлермен тәжірибе алмасу мақсатында тіліксіз ота жасау бойынша шеберлік сыныптарын да жоғары деңгейде ұйымдастырып жатқандығы. Бұл тәжірибелік шеберлік сыныбына Ақтау қаласынан келген дәрігер-хирург Мұхамеджан Есенгелдіұлы мұндай отаның түрін 2011 жылы Литва еліне барған үш айлық іссапарында үйреніп келгендігін айта келе, «Қазіргі таңда бас дәрігер Абылай Әбдіжаппарұлының шақыртуымен арнайы келіп отырмын. 26-қарашадан бері екі ота жасалды. Бұл тіліксіз ота 3-4 ары кетсе 5 тесік арқылы жасалады. Оған арналған арнайы аппарат бар. Мұның ең басты құндылығы – науқастарды 2-3 сағатта орнынан тұрғыза береміз. Мұндай әдістер үлкен орталық қалаларда да жасалуда. Заманға сай технологияның дамуының арқасында науқастарға жақсы жағдайлар туындауда», – деді.

Бұл жөнінде бас дәрігер Абылай Донбай: №1 қалалық клиникалық аурухана Шымкент қаласында орналасқан көпсалалы емханалардың бірі болып табылады. Мұнда жоспарлы және шұғыл түскен науқастардың саны өте көп. Миллион тұрғыны бар мегаполис халқына жоғарғы мамандандырылған медициналық көмек көрсетеміз. Келіп түскен сырқаттардың барлығы хирургия, гинекология, нейрохирургия және көпсалалы басқа да травматология деген сынды бөлімшелер бар. Біз 26-қарашадан бастап, бүгінгі күнге дейін шеберлік-сыныбын өткізудеміз. Оған Ақтау қаласынан өзіміздің әріптесіміз білікті дәрігер Мұхамеджан Нұрғазиевті арнайы қатыстырып отырмыз. Шымкент қаласының басқа да ауруханаларының дәрігер-хирургтары да қатысып, өз көздерімен отаның жасалуын көріп жатыр. Осында жұмыс жасайтын жас хирургтарға орта және аға буынды хирургтарға мастер-класс арқылы тәжірибе алмастыру басты мақсатымыз. Мастер-класстың ең басты ерекшелігі – лапароскопиялық әдіспен тіліксіз ота жасау. Алдын екі операциямыз сәтті өтті. Оның біріншісі – Түркістан облысы және Шымкент қаласында алғаш рет жасалып отыр, ол – ЗОБ, яғни қалқанша безінің түйінді зобы кезінде кеспей эндоскопиялық жолмен жасалды. Екіншісі – несеп жолдарында болатын тастарды осындай тіліксіз жолмен алып тастау. Өздеріңіз куә болып отырған операция – асқазанның үштен бір бөлігін алу. Науқас – ұзақ уақыт асқазан жарасымен ауырып, ас-су өтпей қиын жағдайда жүрген Шымкент қаласының тұрғыны болатын. Оған да дәл осы тіліксіз әдіспен ота жасалды. Бізде жоспарда тұрған тағы бір ота ол – урологиялық және гинекологиялық жағынан болатын жатырдың ісігі бойынша жасалады. Біздің мұнымен айтқымыз, дәлелдегіміз келгені осындай ауруға шалдыққан науқастар болатын болса, тіліксіз, лапароскопиялық әдіспен операция жасауға болады. Оған бізде барлық жағдай қарастырылған. Аурухана заманауи техникамен және аппараттармен жабдықталған. Бұл аппараттың басымдылығы – науқас жылдам аяққа тұрып кетеді», – деп ота жасалған күннің өзінде сырқат адамның орынынан тұруға мүмкіншілігі барын айтты.

Мұнымен айтпағымыз, ақ халаттыларымыздың еңбегі мен жұмсаған энергиясының ең басты бағасы – науқас адамға көрсеткен көмегі, яғни оны қоғамға қайта қосуы, өмірге деген құлшынысын арттыруы. Медицина қызметкерінің беделін көтеретін амалдар – терең білім, сырқат адамды, оның мәселелерін дұрыс және тез түсіне білу қабілеті. Осыған байланысты оның жылдам және толық сауығуына лайықты жол таба білуі. Ендеше, елімізде осындай мамандар көп болсын деген ниетте алда №1 қалалық клиникалық ауруханасынан жағымды жаңалықтар мен зор үміт күтеміз! Басты байлық – Денсаулығымызға немқұрайлы қарамай, көңіл бөлейік! Ал, Шымкент қаласына ғана емес, барша Қазақстанға белгілі ақ халатты абзал жан – Абылай Донбайдың алдағы қызметіне ақ жол тілейміз! Әрдайым ел ықыласына бөленіп, алғысын арқалап жүре бергей!

Қуанышбек БОТАБЕК

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *