БАҚ-пен БАЙЛАНЫС БЕРЕКЕГЕ БАСТАЙДЫ

Саясат Қоғам
1 106 Views

«Ақылды басшың болса, адаспассың» дегендей, жақсы басшы міндетті түрде білікті, өз мамандығының асқан шебері болуы өте маңызды. Екінші маңызды нәрсе –харизма. Егер де басшының харизмасы болмаса, оған еретін адамдардың саны да азболады. Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының су жаңа басшысы Жанар Әлібекқызы Бектаева осы айтылған талаптарға сай екенін аңғартқандай. Ұзақ жылдар бойы тапжылмай бір саланың бағытында келе жатқан,өзіне жүктелген әрбір істі жіліктей шағып, жүктелген, мойнына артылған міндетін мүлтіксіз орындап жүрген тұлға. Бұған көпшілік куә. Өз саласының білгірі басқарманың көркін де түрлендіріп үлгеріпті. Шымкент қаласы ішкі саясат жәнедін істері басқармасы «Ақпараттық-коммуникациялық орталық», «Дін мәселелерінзерттеу орталығы», «Шымкент ақпарат орталығы», «Рухани жаңғыру” кеңсесініңжұмыстарын үйлестіріп отыр. Баршаға белгілі жуырда ҚР Президенті Қасым-ЖомартТоқаев өзінің алғашқы Жолдауын арнаған болатын. Осыған орай, аталған басқармада ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығымен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттауаясында Жанар Бектаеваның қатысуымен баспасөз брифингі өтті.

Бұл басқосудың өткеніне біраз уақыт болды. Алайда, мегаполис өміріндегі, соның ішінде БАҚ-на қатысты өзекті мәселе талқыланып, алдағы жоспарлар белгіленгендіктен, біз ізгілікті де игілікті іс-шара жайлы материалды жариялауды жөн көріп отырмыз.

Басқарма басшысы Жолдау аясында салада атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

– ЕлПрезиденті Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауы аясында қала тұрғындарымен 125 кездесуөткізіліп, оған 20 мыңға жуық адам қатысты. Басқарма қалада жұмыс істеп отырған6 саяси партия филиалдары, жалпы тіркелген 400-ден астам үкіметтік ұйымдардың ішіндегі белсенді жұмыс атқарып отырған 90-нан астам қоғамдық ұйыммен 8 бағытбойынша тығыз байланыс жүргізуде, – деді Жанар Әлібекқызы.

Басқарма басшысының айтуынша, мемлекеттік рәміздерді қолдану, оны талаптарғасәйкестендіру жұмыстары белсенді атқарылуда. Сондай-ақ, қала әкімдігінің«Shymkent.gov.kz» ресми сайтында әкімнің «Виртуалды қабылдау» блогы іскеқосылып, БАҚ-та жарияланған резонансты материалдар бойынша «кері байланыс»жүйесі қолға алынған.

Қазіргі таңда қаладағы 155 БАҚ қызметіне мониторинг жүргізіліп, тиісті заң талаптары бұзылған 7 факт бойынша шаралар қабылданып, заңның орындалуы қалпына келтірілген. – Қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру және азаматтық институттарды дамытуда «Шырайлы Шымкент: Береке басы – бірлік», «Қазақстанның дамуындағы дәстүрлі Исламның рөлі», «Шымкент – мәдениет пен өркениеттің орталығы» форумдарын өткізу, «Рухани жаңғыру» қалалық кеңсесіне арнайы ғимарат бөлу, «Мегаполистегі ақпараттың рөлі» семинар-тимбилдингін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру іс-шараларын өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді басқарма басшысы. Сондай-ақ, Жанар Бектаева Байланыс және ақпарат қызметкерлері арасында өтетін «Үздік аталымдар – 2019» байқауының ережесі мен БАҚ өкілдері арасында волейбол, шағын футбол жарысы жөнінде хабарлады.

Брифингте айтылған алдағы өтетін байқаулардың ережелерін қоса беріп отырмыз:

Байланыс және ақпарат қызметкерлері арасында «Үздік аталымдар – 2019» байқауына БАҚ өкілдері Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты позитивті материалдарын 2019 жылғы 7 желтоқсан күні сағат 17.00-ге дейін тапсыруы керек.

«Рухани жаңғырудағы БАҚ-тың маңызы» шығармашылық байқауына 2019 жылдың 4 қазанынан – 7 желтоқсанға дейінгі электронды және баспа БАҚ-та жарияланған немесе көрсетілген шығармашылық жұмыстар қабылданады. Ұсынылған жұмыстар «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының: 1) «Бәсекелік қабілет», 2) «Прагматизам», 3) «Ұлттық бірегейлікті сақтау», 4) «Білімнің салтанат құруы», 5) «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», 6) «Сананың ашықтығы» бағыттарына сәйкес Шымкент қаласы бойынша материалдар қабылданады. Әрбір қатысушы немесе ұжым аталған алты бағыттың әрқайсысына тек бір ғана жұмысын ұсынуға мүмкіндік алады.

Шымкент қаласы мен Түркістан облысы БАҚ өкілдері арасында өтетін дәстүрлі спартакиада шағын футболдан және волейболдан өтеді. Оған Шымкент қаласы мен Түркістан облысында тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары мен баспа мекемелері қатыса алады. Өтініш беруші ұжымдарға шектеу қойылмайды. Қызметкерлері көп мекемелер бірнеше командаға бөлініп қатысуына да болады.

А. СӘКЕНҚЫЗЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *