БІР КҮНДЕ ҮШ ҰЛ ТАПҚАН КЕЛІНШЕК

Қоғам
478 Views

Түркістан облысында үшем дүниеге келді.

Набат Садықбекова есімді 33 жастағы келіншек Түркістан облысының 3-перинаталдық орталығында босанған. Толғағы мерзіміне жетпей басталғандықтан оған жедел түрде операция жасалыпты. Осылайша түркістандық келіншек үш ұл дүниеге әкелді.

Жаңа туған нәрестелерге Омар, Осман, Мұхамед-Али есімі берілген. Нәрестелердің салмағы мынадай – Султанов Осман Александрович, салмағы 1850 грамм, Сұлтанов Омар Александровичтің салмағы 1490 грамм, ал Сұлтанов Мұхамед-Али Александровичтің салмағы 1550 грамм.

Мерзімінен ерте туған үшем перинаталдық орталық бас дәрігері Нұржан Талғатбекұлы Махмутов бастаған ұжымның бақылауына алынды. Қазіргі таңда нәрестелер жаңа туған нәрестелер патологиясы 2 кезең күту бөлімінде бақыланып, емін жалғастыруда, балалардың жағдайы жақсы.

Жалпы, бұл биыл жыл басынан бері өмірге келген үшінші үшем. Бұған дейін 10 ақпанда Семей қаласында «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында үшем дүниеге келді. Олардың салмағы – 2 280 грамм, 2 300 грамм және 2 200 грамм. Бұл үшем үшін өте жақсы көрсеткіш деп бағалады дәрігерлер. Сәбилердің анасы 32 жаста. Жұбайы екеуі балалы болуды он жылдан артық күткен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *