КӨПТІҢ ҚАМЫ – ӨЗ ҚАМЫҢ

Тұлға
975 Views

Өтіп бара жатқан 2019 жыл – доңыз жылы мәдениет және өнер, әдебиет саласындашығармашылықпен айналысатындар үшін өте бір олжалы, берекелі жыл боп естеқалады. Олай дейтінім, осы жылда үкімет тарапынан болсын, қала, аудан, ауылтарапынан болсын атқарылған үлкен іс-шараларды ой елегінен өткізе отырып,әсіресе ақын-жазушылардың мерейін көтеріп, «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жетіқыры» аталатын бағдарламалар аясында өткізіліп жатқан рухани бастамалардыңкуәсі болғанымыз үшін мақтанамыз. Атап айтсақ, Алаштың үш арысы – СәкенСейфуллин, Илияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиндердің 125 жылдығын республикакөлемінде өткізілуі; белгілі жазушы Ә.Кекілбаевтың және ақын Ф.Оңғарсынованың80 жасқа толуына орай Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында көше атауларыныңберілуі; көрнекті жазушы Ә.Нұрпейісовтің 95 жасқа толуы; Президент Қасым-ЖомартТоқаевтың қатысуымен «Азия елдері қаламгерлерінің 1 форумының» өтуі;қазақстандық ақын-жазушылардың шығармалары БҰҰ-ның 6 тіліне аударылып, әлемдікәдебиет әлеміне шыға бастауы; Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына және«Қазақ әдебиеті» газетінің жарыққа шыққанына 85 жылын атап өтуі; жасақын-жазушылардың Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылдануы, тағыбасқа ірі бастамалардың арқасында Қазақстан Жазушылар одағы қала әкімшілігіменбірлесе отырып, ұлттық әдебиетті әлемдік деңгейге көтеру үшін жаңашабағыт-бағдарлар мен жобаларды ұйымдастырып жүргізіп жатқаны және алдағы жылдада ары қарай жалғасын табады деп үміттенеміз

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев басқаратын қала әкімшілігі ақын-жазушыларға рухани, материалдық жағынан көп қолдау көрсетіп жатқаны, біздерге, шығармашылықта отырған адамдарға үлкен бір серпіліс болды. Атап айтсақ, Б.Сағынтаев бір топ ақын-жазушыларға 500 мыңдық сертификатын тапсырып отыр; 2019 жыл – жастар жылына орай жас ақын-жазушыларға аз пайызбен пәтер алуға да мүмкіншілік жасап жатыр; Алматы қаласындағы ескі мәдени ескерткіштерді сақтау және қорғау мақсатында Жазушылар одағының ғимаратын қайта жөндеуге де кірісіп кетті. Қала әкімінің аппараты бұрын-соңды болмаған, ақын-жазушыларды қаладағы барлық білім ошақтарына үш-төрт адамнан бөліп, әр түрлі тақырыпта кездесулерін ұйымдастырып отыр. Мысалы, мен №178 физика-математика лицейінде, Д.А.Қонаев атындағы колледжде, №198 жалпы орта білім беретін мектепке арнайы шақыртылу мен кездесулерге бардым. Соңғы барған № 198 жалпы орта білім беретін мектеп туралы айта кетейін, өйткені бұл мектеп Түрксіб ауданында, ашылғанына бес жыл ғана болған жаңа ғимараттың сырт көрінісі қандай көз тартарлық болса, іші де сондай жақсы талғаммен (дизайнмен), әр нәрсе өзінің орнын тапқандай әсер қалдырады. Барлық кабинет, сынып бөлмелері, кітапхана, оқу, спорт, концерт залдары өздеріне сай жаңа техникамен жабдықталған. Мектеп қабырғаларына ілінген оқушылардың барлық саладан жеткен жетістіктерін (кубок, медаль, марапаттау қағаздары т.б.) көріп, осындай шәкірттеріміздің болашағы жарқын болады деп, жүрегімізге сенім ұялады. Сонымен қатар мектепте әр түрлі үйірмелер жұмыс істейді және бір қызығы, оқушылардың өздері үйлестіруші болып ұйымдастырады. Сондай көркемөнерпаздар үйірмесі бізге өз таланттарын көрсетті. Мектеп директоры Асемкуль Слямбекқызы Канапьянованың басшылығымен атқарылып жатқан игі шараларға көңіліміз толып, мектеп ұжымына зор табыстарға жете беруіне тілектестігімізді жазбаша жазып білдірдік.

Соңында айтайын дегенім, Егеменді елімізде жастарға, жас ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрге сай барынша рухани азығымызды беруге тырысайық, асығайық. Әлемдегі озық елдермен тереземіз тең болуы үшін алдымен білімді, парасатты, ойлы, креативті, яғни Абай атамыз айтқандай, «кемел адам» болуға бар күш-жігерімізді жұмсайық.

Жанат АХМАДИ,

жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,

Алматы облысы және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы,

«Құрмет» орденінің иегері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *