ЕСЕНТАЕВТЫҢ ЕҢБЕГІ ЕСКЕРІЛДІ

Өмір-өзен
1 369 Views

Нұрмұхамед Есентаев 1909 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында туған. 1929 жылы мектепті бітірген соң Зайсандағы ауыл шаруашылығы техникумына оқуғақабылданған. 1932-1934 жылдар аралығында Марқакөл ауданындағымектеп-интернаттың директоры болып қызмет атқарды. 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан(қазіргі Түркістан облысында) жаңадан құрылып жатқан “Пахтаарал” кеңшарыныңДзержинский атындағы бөлімшесінде, аға агроном болып жұмыс бастады. Өзініңұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 1945 жылдан бастап өмірінің соңына дейінүзіліссіз аталмыш бөлімшенің басқарушысы қызметін атқарды. Сол уақытта өрісалған тың игерудің алғашқы кезеңінен бастап шөл даланы суландыру ісінде«Пахтаарал» кеңшарының алғашқы директоры Орлов сияқты қайраткерлерменқоян-қолтық араласып, аянбай еңбек етеді.

Бөлімшені басқарған кезде халықтың тұрмыс жағдайы едәуір жақсарды. Саялы бақ, асфальт жолдар, көркем мәдени орталықтар, мектеп, клуб, кітапханалар, балабақша, емхана, аурухана, монша салынды. Табиғи газ желісін әкелуде Н. Есентаевтың сіңірген еңбегі орасан зор.

Бүгінде институтқа айналған мақтаның жаңа сорттарын зерттейтін станса осы бөлімшеде ашылып, іске қосылды. Тамшылатып суару тәсілімен мақта суару, екі ярусты соқа және Румынияда жасалған мақта егетін сеялкаларды қолдану, 60 см. орнына жүйек арасын 90 см.-ге жеткізу секілді мақта шаруашылығындағы жаңалықтар да Н. Есентаевтың басшылығындағы бөлімшеден бастау алды. Ол басқарған бөлімше озат технологияларды қолдана отырып, Мақтаарал өңірінде ең жоғары деңгейлік көрсеткіштерге қол жеткізді. Әр жылдың өнімі бір гектарға шаққанда 40 центнерден кем болмады.

Сондықтан Дзержинский атындағы бөлімше сол кездерде “Республикалық ғылыми-техникалық полигон” деп есептеліп, Үкіметтің арнайы қамқорлығында болды. 1962 жылда Н.С.Хрущев пен Д.А.Қонаевтың бөлімшеге келуін Мақтарал тұрғындары еңбектерінің бағалануы және үлкен абырой дер едік.

“ВДНХ қатысушысы—1964”, ҚазКСР Жоғары Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасы (1950ж.), ӨзССР Жоғары Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасы (1970), “Пахтаарал” кеңшар-техникумының Құрмет грамотасы (1969), ӨзКСР еңбек сіңірген мақта қайраткері (1959) секілді көптеген мақтау қағаздарымен де марапатталған. Н.Есентаев 1963 жылы ауылдық, 1959 жылы аудандық, 1957 жылы облыстық Кеңеске депутат болып сайланған, ал 1959 жылы “Коммунистік еңбек үздігі” атағына ие болған.

Нұрмұхамед Есентаевтың атқарған жұмыстары мен еңбектерін ауыл тұрғындары құрметпен еске алып, кейінгі ұрпаққа өнеге етеді.

Н.Есентаевтың қолдауымен өзі басқарған бөлімшеде 1957 жылы Шымкент қаласынан көшірілген ауылшаруашылығы техникумы салынған, Бұл деген аудандағы қажетті маман даярлайтын орталығы қаланған болатыны, сондай-ақ, Н. Есентаевтың басшылығы кезінде осы бөлімшеден М.Тоқжігітов, Ү.Ділдабекова секілді еңбек озаттарының Социалистік Еңбек Ері атағына ие болғанын да атап айтуға болады.

Н.Есентаев Отанымыздағы мақта шаруашылығының ірі гиганты болып есептелген “Мақтаарал” кеңшарының іргетасын құрушылардың бірі еді. Өз елінің адал ұлы болған ол өзінің барлық саналы өмірін мақта шаруашылығын аяққа тұрғызу, өркендетуге жұмсады. Сол үшін ел ұсынысына сай Мақтаарал ауыл округінде орналасқан, өзі негізін қалаған Дзержинский атындағы бөлімшесіне Нұрмұхамед Есентаевтың аты қойылған.

Қорыта айтқанда, елге еңбегі сіңген, елі үшін талай игі істер атқарған, өз өмірімен кейінгі ұрпаққа өнеге болған қоғамдық қайраткері, іскер маман әрі ұйымдастырушысы, Ұлы даланың ұлы перзенті – Нұрмұхамед Есентаев есімі мәңгі жасай бермек.

Сарсенкүл АШУРБАЕВА,

Есентаев ауылы,

Мақтаарал ауданы,

Мамық Тоқжігітов атындағы №42 жалпы орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *