«ЕҢ БАСТЫСЫ, ӨҢІРІМІЗДЕ ЕҢБЕКҚОР ХАЛЫҚ БАР»

Саясат Қоғам
237 Views

Түркістан облысынаҚытайдың тарихи әрі экономикалық орталықтарының бірі, өндірісі дамыған Чжэнчжоуқаласынан делегация келді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды делегацияны қабылдап, Чжэнчжоу муниципалды халық үкіметінің вице-мэрі Ху Цянменкеліссөздер жүргізді. Өңір басшысы Түркістан қаласының қазақ және түркі әлемі тарихындағы маңызына тоқталып, экономикалық әлеуетімен таныстырды. Инвестициятартуға, өндіріс орындарын көбейтуге мүдделі екенін жеткізді.

– Түркістан облысы үлкен инвестициялық, сондай-ақ туристік әлеуетке ие. Облыс арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Сонымен қатар сауданы дамытудың мүмкіндігі өте зор. Біріншіден, жеңіл өнеркәсіп саласында жіп, мата және кілем өндірісімен тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі жоғары. Сондай-ақ пластикалық ойыншықтар, ыдыстар, автомобиль жасау, электроника, цифрлық технологиялар және бұйымдар өндірісін дамытуда үлкен әлеует бар. Индустриалды және «Turkistan» арнайы экономикалық аймағында инвесторларға дайын инфрақұрылымы ұсынылады. Екіншіден, агроөнеркәсіптік кешені саласында мүмкіндігіміз өте жоғары. Туризм саласында да саяхатшыларды қызықтырар орындар көп. 2018 жылдан бастап облысқа шамамен 5,8 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Біз өз тарапымыздан қытайлық компаниялардың бизнесті дамыту жөніндегі бастамалары бойынша әріптестік орнатуға дайынбыз. Ең бастысы, өңірімізде еңбекқор халық бар, – деді Дархан Сатыбалды.

Чжэнчжоу муниципалды халық үкіметінің вице-мэрі Ху Цян екіжақты әріптестікті тереңдетуге, өңірге, Түркістан қаласына инвестиция салуға ниетті екенін айтты.

– Бүгінгі кездесуге қатысып отырғаныма өте қуаныштымын. Чжэнчжоу да Түркістан сияқты тарихи аймақтардың бірі. Қытайдағы тарихи маңызы бар 8 қаланың қатарына енген. «Қытай туралы білгің келсе, Чжэнчжоуды зертте» деген сөз бар. Бұл қала алғашқы ақшаның, кун-фудың Отаны саналады. Әлемдегі әрбір 8 ұялы телефонның біреуі біздің қалада шығарылады. Құрлық, теңіз, әуе жолдарында да сауда-экономикалық мүмкіндігіміз жоғары. Өндіріс, ауыл шаруашылығы, машина жасау және өзге де салалар қарқынды дамыған. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолының Қытайдағы аялдамасы біздің қаладан басталады. Аймағымыздан батысқа қарай жүк көліктері тауар толтырып кеткенімен, бос қайтып жатады. Біз осы олқылықты жойғымыз келеді. Сауданы дамытып, бізге қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерін және өзге де қажетті тауарларды алуға мүдделіміз, – деді ол.

Дархан Сатыбалды екіжақты байланысты нығайту, жобаларды жүзеге асыру, ІТ саласында тәжірибе алмасу, Түркістандағы әуежайдың логистикалық әлеуетін пайдалану, әуе рейсін ашу және өзге де мәселелер бойынша әріптестік орнатуға дайын екенін айтты.

Кездесу соңында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков пен Чжэнчжоу муниципалды халық үкіметінің вице-мэрі Ху Цян Түркістан мен Чжэнчжоу қалалары арасындағы әріптестікті, байланысты нығайту жөніндегі Меморандумға қол қойды.

ҚЫТАЙ ИНВЕСТОРЛАРЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА НИЕТТІ

Түркістан облысында мақта өсіру үшін қытайлық ауыл шаруашылығы технологиялары енгізілмек. Автоматтандырылған заманауи технология «ақ алтынды» егіп, теруге дейін өзі атқарады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қытайлық «Peng Sheng Group» басшыларымен кездескен болатын. Компания көрші Өзбекстан елінде бірнеше ірі жобаларды сәтті жүзеге асырып жатыр.

Осы мақсатта аспанасты елінің инвесторлары Шардара ауданына келіп, аудан әкімі Қайрат Жолдыбайдың қабылдауында болды. Облыстың оңтүстік аудандарында іске асыруды көздеген қытайлық инвесторлар мақта сапасы мен көлемі едәуір артатынына сенімді. Ол үшін тамшылатып суару жүйесі құрылғылары орнатылады. Тараптар осы жобаны талқылады.

Аудан басшысы Шардара ауданының егістікке жері қолайлы, ағын суы мол екенін атап өтіп, ерекшеліктеріне тоқталып, жақында болған Қытай сапары нәтижесінде жүзеге асатын бірлескен жобалар туралы ой қозғады. Жаңа жобаларды жан-жақты қолдауға, мемлекет тарапынан көрсетілуі тиіс қолдауларды ұсынуға әзір екендігін білдірді.

Қытай инвесторы ауданның экономикалық даму бағытын және әлеуетін жоғары бағалап, бірқатар жобаларға қызығушылық танытты. Сондай-ақ, аудан әкімі инвесторларға Шардара ауданының жалпы жер көлемін таныстырып, етістікке қолайлы аймақтар бойынша ақпаратпен бөлісті.

 ФАБРИКАСЫ ЖЫЛЫНА 72 МЫҢ ЖҰП АЯҚ КИІМ ТІГЕДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының көршілес Өзбекстан Республикасымен шекаралас аудандардың əлеуметтік және кәсіпкерлік салада әріптестік орнатып, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы халықтың әлеуметтік осал топтары мен жастардың әлеуметтік жағдайын көтеру бойынша тапсырма берген болатын. Аталған тапсырманы орындау ісі Шардара ауданында қарқынды жүзеге асырылып жатыр.

Осы мақсатта кәсіпкер Омар Әсенұлының жеке инвестициясы есебінен 350 млн теңге тартылып, Алатау батыр ауылдық округінен «Шебер» Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің тігін фабрикасы іске қосылған. Аталмыш фабрикада бүгінде әлеуметтік осал топтағы, аз қамтамасыз етiлген және көпбалалы отбасылардан, 29 жасқа дейiнгi жастар мен 55 жастан асқан зейнет жасына дейінгі адамдардан 200-ге тарта шардаралық тұрақты жұмыспен қамтылған.

Жергілікті мекемелермен қатар еліміздің көптеген облыстарын аяқ киім, киім-кешек және тапсырысқа сәйкес кез келген киіммен қамтамасыз етіп отырған фабрика Түркия және Өзбекстан елдерінен тәжірибелі мамандар шақырту арқылы қолынан іс келетін қыз-келіншектерді жұмыспен қамтып, маман тапшылығының алдын алу мақсатында оқу курстары өткізіліп тұрады.

«Аудан әкімінің тікелей қолдауымен ауылдық округте «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық шағын несиемен және 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттарды беру арқылы қосымша 190 адамды жұмыспен қамтуды көздеп отырмыз. Ал, аталмыш тігін фабрикасының жұмысын жандандыру, қолдау көрсету бойынша заманауи ғимарат салып беру бойынша арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр», — дейді аудандық кәсіпкерлік бөлімінің маманы Елнұр Сайман.

Сондай-ақ, облыс әкімінің бастамасымен шілде айының басында Қытай еліне жасалған әріптестік іссапар кезінде жылдық қуаты 72 мың жұп аяқ киім, 140 мың дана жаздық және 140 мың дана қыстық арнайы киім шығаруға қауқарлы фабрика басшысы қосымша 160 млн теңгеге заманауи лазерлі тігін станоктарын сатып алу бойынша келіссөздер жүргізіп қайтқан.

Кәсіпкерлік саласын дамыту арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында қосымша Жаушықұм ауылдық округінен құс өсіру бағытында аз қамтамасыз етiлген отбасыларды, көпбалалы отбасыларды, 29 жасқа дейінгі жастар мен 55 жастан асқан зейнет жасына дейiнгi 55 адамды кәсіби оқытып, жұмыспен қамту жұмыстары жүзеге асырылып жатыр.

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 22 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, Түлкібас ауданында 2023 жылдың 6 айының қорытындысымен 36 492,7 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Ауданда алдағы 3 жылда өнеркәсіп саласы бойынша 447 млрд. теңгелік 11 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, жобалар іске асырылған жағдайда 3635 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

«Ауданда 6 айдың қорытындысымен негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 7 466,8 млн. теңгені құрады. Одан бөлек, көтерме және бөлшек сауда тауар айналымы 6 айлық нәтижемен 6 873,8 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3% құрады. Аудандағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10 мыңға жетіп, оларда 12 720-ға жуық адам жұмыспен қамтылып, өнім көлемі І тоқсан қорытындысымен 8,1 млрд. теңгеге жетті. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 24 жобаны іске асыру көзделіп, 168 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», — деді Нұржан Жақсылықұлы.

Брифингте туризм саласының әлеуеті жайлы да сөз болды. Қазіргі таңда ауданда 36 туристік нысан жұмыс істейді. 6 айда ауданға 5 700 турист келген. Туризм саласы бойынша алдағы 3 жылда 12,4 млрд. теңгелік 8 жобаны іске асыру жұмыстары жүргізіліп, жобалар бойынша 228 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.

Бұдан бөлек, аудандағы ауылшаруашылық өнімінің көлемі 6 айдың қорытындысымен 19 982,5 млн. теңгені құрады. Оның ішінде ірі қара мал басы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,0%, қой 106,4%, ешкі 96,7%, жылқы 104,4%, құс 110,2%, ет өндіру – 101,7%, сүт – 105,2%, жұмыртқа – 106,5% құраған.

Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруда ауданда 2 ауылдық округ таңдап алынып өсімдік, мал, өз кәсібін ашу, балық, құс шаруашылығын дамыту үшін кооперативтер құрылған. Қазіргі таңда 73 азамат бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қабылданған жобалар саны — 55 (312,3 млн. теңге), оның ішінде қаржыландырылған өтінімдер — 22 (111,8 млн. теңге). Одан бөлек, 2023-2025 жылдары ауыл шаруашылық саласы бойынша 10,5 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, нәтижесінде 202 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделіп отыр.

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ КӨБЕЙДІ

Түркістанда жаңа өндірістік кәсіпорындарды ашу үшін арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар құрылған. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының барлық қосалқы аймақтарының аумағында 340 млрд. теңгеге 64 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде Әкімшілік іскерлік орталығының аумағында 313 млрд. теңгеге 50 жоба және Тарихи орталық қосалқы аймағында 22,6 млрд. теңгеге 9 жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобалар шеңберінде 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бұл туралы Түркістан қаласы тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

Өңір басшысы атап өткендей, индустриалды аймақта 18 инвестициялық жоба іске асырылған. Қазіргі уақытта қосымша 10 жобаның іске асырылуы пысықталуда. Бұл жобалар іске асырылған жағдайда тартылған инвестициялардың көлемі 16 млрд. теңгеге жетеді, 1,3 мыңнан астам жұмыс орындары құрылады.

– Бұдан бөлек, Ұлттық жобалар бойынша осы жылы 337 адам жұмыспен қамтылды. «Еңбек» бағыты бойынша 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табады, – деді Дархан Сатыбалды.

Шет елдерден және еліміздің аумақтарынан келетін туристердің саны өсуде. Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдан былтыр Ыстамбул және Кувейт бағытына тікелей рейстер ашылды. Қазан айында Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Даби қаласына тікелей рейстер ашылады. Қазіргі уақытта Мәскеу, Анталья, Тбилиси, Самарқанд қалаларына рейстер ашуға Үкіметке ұсыныс енгізілді. Ішкі бағытта Астана мен Алматыға рейстер саны көбейтілді.

– Түркістан қаласын дамыту мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жеке бақылауында. Былтыр өңір тұрғындарымен кездесуде Президентіміз Түркістан қаласына арнайы мәртебе беруді тапсырды. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі тиісті министрліктермен бірлесіп, «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасын дайындап жатыр. Осы заң қабылданған соң, қала әкімдігі мен мәслихатына қосымша құзыреттер берілетін болады, бұл тұрғындардың күрделі мәселелерін тез арада шешуге мүмкіндік береді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және автомобиль жолдары, сәулет, қала құрылысы, сауда және қызмет көрсету бағытындағы мәселелер қала деңгейінде дербес шешіледі, – деді облыс әкімі.

Кездесуде облыс әкіміне тұрғындар түрлі ұсыныстары мен пікірлерін айтты, өтініштерін жеткізді. Атап айтқанда, сапалы электрмен қамту, жол салу, мектеп салу, көгалдандыру және өзге де түйткілдер тарқатылды. Сонымен бірге жеке қабылдауда да өзекті мәселелер көтерілді. Әрбір сұраққа жауап беріліп, мәселелер хаттамаға енгізілді. Облыс әкімінің халықпен кездесулері басқа аудан, қалаларда да жалғасын табады.

«МАҚТА КЛАСТЕРІН ДАМЫТУҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ»

Мақтаарал ауданы экономикасының негізгі драйвері — ауыл шаруашылығы. Биыл жергілікті диқандар 61 мың гектар жерге егін екті. Оның ішінде 36,3 мың гектары мақта дақылы. Мақта дақылынан алынатын өнімділікті және сапасын арттыру мақсатында Өзбекстандық «Globаl Textile» компаниясымен келіссөздер жүргізіліп, алғаш рет жаңа «Намаган-77» тұқымдық шит егілді. Биыл бұл компания Мақтаарал ауданында өзінің мақта қабылдау пункттерін ашып, 10 мың гектар алқаптан шикізат қабылдау жоспарланып отыр. Алдағы уақытта мақта қабылдау зауыттарымен қоса мақтаны терең өңдеу фабрикаларын салу жоспарлануда.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Мақтаарал ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар маңызды нысандардың жай-күйімен танысты. Жаңа «Намаган-77» мақта сортын өсіруге кіріскен шаруалармен кездесті. Атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Жаңа сортты айналымға енгізу арқылы мақтаның аса қауіпті зиянкестеріне қарсы өңдеу шығыны азайып, мақта өнімділігін арттыра отырып, қосымша табысты арттыруға болады.

Мақтааралға іссапарында өңір басшысы «Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында болып, тәжірибе орталығының жұмысымен танысты. Ғалымдармен жүздесті. Облыс әкіміне мақта кластерін дамыту, сапасын арттыру барысындағы жұмыстар мен элиталық тұқымдық шит, бәсекелестікке қабілетті отандық мақта сорттары таныстырылды. Өңір басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Аталған саланы дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу аса маңызды екенін айтқан Дархан Сатыбалды ең алдымен мақта сұрпының сапасын жақсарту керектігін атап өтті.

– Облысымызды өзіндік табысын арттыру үшін жаңа жұмыс орындарын ашу бағытына күш салу керек. Бұл ретте мақта кластерін дамытудың маңызы зор. Осы салада ірі фабрика, зауыт ашамын дейтін азаматтарға қолдау көрсетуге дайынбыз. Сонымен бірге, мақта өсіруде су үнемдеу технологиясын мейлінше жетілдіру қажет. Жалпы мақта шаруашылығы үлкен ізденістер мен зерттеулерді талап етеді. Облыс әкімдігі тарапынан мақта кластерін дамытуға жағдай жасалады. Осы бағытта үлкен жоспарларымыз бар, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Сондай-ақ облыс басшысы Мақтаарал ауданындағы коммуналдық меншіктегі К-20 каналына барды. Су арнасы 10 мың гектардан астам алқапқа ағын су жеткізеді. Каналдың жалпы ұзындығы 27 шақырым. 91 ішкі жүйесі толықтай қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта каналдың 5 шақырым бөлігінің бетондары жармасыз күйге түсіп, артық су қабылдай алмайды. Бұл өз кезегінде вегетациялық маусым кезінде ағын су тапшылығына әкеледі. Осыған орай К-20 каналын толықтай бетондау қажет. Каналды мемлекет меншігіне өткізу үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында жаңадан 91 балық шаруашылығын ашу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде қосымша жұмыс орындары ашылып, экспортқа шығару мүмкіндігі артады. Инвестициялық субсидия және жеңілдетілген несие тұрақты түрде берілген жағдайда тауарлы балық өндіру көлемі 30 мың тоннадан аспақ. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен облыстағы балық шаруашылығы саласын дамыту бойынша жиналыс өтті. Онда облыс басшысы бұл бағытта жұмысты ширатып, экспорттық әлеуетті көтеруге басымдық беруді тапсырды.

Облыста жергілікті маңызы бар 104 су айдыны бар. Бұдан бөлек 4 халықаралық маңызы бар, 4 республикалық маңызы бар кәсіпшілік мақсаттағы учаскелер бекітілген. Бүгінде тауарлы балық өсірумен 156 кәсіпкерлік мекеме айналысуда. Облыс тұрғындарын балық өнімдерімен толық қамтамасыз ету мақсатында 30 тоғанды балық шаруашылығы, оның ішінде 4-еуі үйіргелік аулада ашылды. Сонымен қатар жалпы қуаттылығы жылына 15 мың тоннаны құрайтын 7 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиевтің баяндауынша, облыста 2022 жылы 6 мың 200 тоннаға жуық тауарлы балық өндірілсе, биылғы жоспар – 6640 тонна. Саланы дамытуға биыл жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлінді. Бұдан бөлек, инвестициялық салымдарды субсидиялауға республикалық бюджеттен 226 млн. теңге қарастырылған.

Жиналыста сондай-ақ Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының аудан, қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын ретке келтіру бойынша тапсырмасының орындалу барысы баяндалды. Облыста 159 қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигон бар, олардың басым бөлігі санитарлық талаптарға сәйкес келмейді. Осыған орай қоқыс алаңдарын салу бойынша іс-шара жоспары бекітілген. Облыс басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Әр ауданның тазалығына әкімдердің тікелей жауапты екенін қадап айтқан облыс әкімі әр саналы азаматтың өзі тұратын аумақтың таза болуы үшін үлес қосуы керектігіне тоқталды.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, сұрыптау мәселесімен облыста небәрі 4 мекеме айналысады. Бейберекет қоқыс орындарына жүргізілген ғарыштық түсірілім облыста өткен жылы 408 заңсыз қоқыс орны анықталып, толық тазаланды. Биыл 358 нүкте анықталып, жартысынан астамы тазаланды. Жұмыстар жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *