АҚЫН МАРАЛТАЙДЫҢ МАШАҚАТЫ МЕН КЕСАПАТЫ

Көзқарас Қоғам
170 Views

Өткен аптада «Қазақ әдебиеті» газетінің, нақтыайтқанда 2024 жылғы 2 ақпанында жарық көрген №4 санының 21-бетінде «Жалған сөз жарға жығады» деген тақырыппен Қ. Дүйсеновтің мақаласы жарияланыпты.

«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» дегендей, оқиғаның негізі киелі кесененің мән-мазмұнын шала немесе біржақты ұғынған Маралтай ақынның ақылмен емес, басқаша айтқанда кейбір адамдарда кездесетін қасиетсіз мінез-құлықтан туындайтын, бос сөз айтып бөсіп жүретін, кісі қолымен откөсейтін, жүгенсіздіктің салдары іспетті. Содан келіп Маралтайдың машақаты менкесапаты ел аузында біршама уақыт сөз болып жүр-ді. Осыны білген автор мақала басына «Жалған сөз жарға жығады» деген айдар қойып, «Ақын Маралтайдың машақатымен кесапаты» деп тақырып қойып, болған жайды дәл қалпында жарияламақшы болған. Біз «Қазақ әдебиеті» басылымын сүйіп оқимыз, қадірлейміз, ата газет депсанаймыз. Ондағы ақын-жазушылардың әдеби әлемінен әрдайым хабардармыз. Өкінішке қарай, мына жағдайға бей-жай қарай алмайтынымызды білдіргіміз келіп отыр.Қазақта «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» деген сөз бар, сол сөздің ретін осымақаланы жариялауда «Қазақ әдебиеті» газеті өгізді де өлтірмеу, арбаны дасындырмаудың амалын жасап, мақаланың назар салар атауын алып тастап, ақынның жаман атын шығармай, шыңғырып тұрған шындықты байқатпай, аяушылық танытқысы келгенін байқауға болады. Ұлы пір Бекеттің 270 жылдығына орай жасалған киелілер кешені мәңгілік саябағына орнатылып, халық еншісіне табысталған. Тарихқа тұныптұрған ғимарат пен әсем дүниелер толықтай қайырымдылыққа түскен қаражат есебінен салынғаны белгілі. Осы орайда бұл тарихи нысанның мағына-мазмұнын жаңғақтай шағып, қажет болса болашаққа жақсылықпен жария етудің орнына шындыққа жанаспайтын жалған сөз таратып, көптің көңіліне кірбің ұялатып, лағнет сөз айтуға дейін баратын санасыздардың аузына сөз салған, бүгінгі қоғамның кері кеткен келеңсіз көрінісі көңілге қаяу салады екен.

Мемлекет назарына ілігіп, Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірлесіп жазған хатында атаулы нысанның құқығын теріс пайдаланған жағдайда, яғни азаматтың кодекстің 8-бабы 5-тармағына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа тұлғаға зиян келтiруге, құқықты өзге нысандарда теріс пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетiндей етiп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерiне жол берiлмейдi деп, соңында мұндай жағдайда оны қалпына келтіріп орындату үшіназаматтық заңның тиісті бабымен сотқа жүгінуге болатынын ақпарат комитетініңэкс-төрағасы Р.Кәрібжанова нақты жазып көрсеткен.

Бұл дауды дабырайтпай адами тұрғыдан автор немесе қателікті жіберген тарап заңға мойынсұнып, кішілік пен кісілік танытып, түсіністікпен кешірім сұрағанда бұндай даудың оты тұтанбас еді.

Маралтай мырзаның: «Атым бар, биік белесті алатынмақсатым бар, сондықтан өзімді, мінезімді өзгертіп кішірейе алмаймын», — дегені өркөкіректік мінезден туған көргенсіздік емес пе екен? Мұны өзгелер сырт көзбен қарағанда, еріксіз «өзімшілдік құлықтан шыққан көргенсіздіктің көрінісі» дейтіндей әсерде қалатыны анық емес пе?

Киелілер кешені халық жүрегімен қабылдап, оның ашылу салтанатына еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған азаматтар келіп, зиянат жасап, бас иіп, бата оқып кетіп жатқанын ескерсек, бұған қоса оңтүстік өлкесі туризмінің дамуына қомақты үлес қосып, рухани тәрбиенің бұлақ көзі болып отырған қасиетті нысан екенін назарға алсақ, ұлы пір Бекеттің рухына сыйыну халықтың қалыпты жағдайына айналғаны тағы бар.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, біз «Қазақ әдебиеті» газетін сынап-мінеп отырғанымыз жоқ, керісінше, ақты ақ,қараны қара деп айту әділеттің еншісінде болған соң бұл жағдайға жіті назар аудардық. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» демекші, Маралтай ақында періште емес, пенде. Біз оның жеке намысына тиюден аулақпыз. Бірақ Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай «Әділдікті мойындау — адал кісінің ісі» деген қағидасын мақсат етіп отырмыз.

Құрметті оқырман, назарларыңызға «Қазақ әдебиетінің» №4 санында жарық көрген мақаланы төменде ұсынып отырмыз.

ЖАЛҒАН СӨЗ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

2021 жылы Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген мақаласы «Егемен Қазақстан» газетінде басылып және қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде үндеу жариялады, халық бұл үндеуді толықтай қолдап, жер-жерде қуғын-сүргін көргендерді, жазықсыз жазаланғандарды ақтауға үн қосып кірісіп кетті. Мемлекет тарапынан бұл жұмысты жан-жақты тексеріп қарау үшін арнайы комиссия да құрылды.

Осы тұста Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы Сарапхана елді мекенінің тұсындағы биік жота басында Шымкент-Ташкент күре жолының бойында орналасқан тарихи-этнографиялық «Мәңгілік ел» саябағына «Алаш арыстарына» арналған көрнекті 9 тұлғаның ескерткіші орнатылды. Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арнап «Анаға тағзым» ескерткіші және атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арнап биік тұғырлы ескерткіш бой көтерді. Бұл ескерткіштердің ашылу салтанаты «пандемия» сырқатының кең тарауына байланысты 2021 жылы 30-31 қазан күндеріне белгіленіп, республикалық ғылыми конференция өткізіліп, конференцияға елімізге танымал тарихшылар мен ақын-жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, оңтүстік өңірінің зиялы қауым өкілдері қатысты. Осы жиынға тарихшы-академиктер Мәмбет Қойгелдиев, Хангелді Әбжанов, тарихшы Талас Омарбековтермен қатар тарихшы генерал-лейтенант Абай Тасболатов, жазушылар Сауытбек Әбдірахманов, Қали Сәрсенбай, ақын Маралтай Райымбекұлы тағы басқалар, ғалымдар мен мәжіліс депутаттары келді. Сол жолы Созақ аулында «Созақ қасірет мемориалы» ашылып, жоғарыда айтылған зиялы қауым өкілдері оған түгелдей катысты. Осы өткен ғылыми конференция жайлы республикалық баспасөз беттерінде бірнеше мақалалар жазылып, тарихи-этнографиялық «Мәңгілік ел» саябағы жайлы жылы лебіздер айтылды.

Аталған жиынның қонағы болып келген Қазақстанныңенбек сіңірген кайраткері, танымал ақын Маралтай Райымбекұлы сол «Мәңгілік ел»саябағына орналасқан Бекет ата Мырзағұлұлының 270 жылдығына арнайы орнатылғанкиелілер кешенінің ішін аралап көріп, «Бекет ағам әйелі мен екеуіне болашақтажататын орын дайындап қойыпты, адам жүрегі шошитын қандай дайындық о дүниеге» деп,қол телефонына өз даусымен жазып алып кетеді. Бекет ата кешенінің мазмұн-мақсатынанықтап білмей, өзінің ойына келген ұшқары пікірін 2022 жылы 17 сәуірдеелімізге танымал журналист, блогер Арман Шораевқа өзінін жолдастары арқылытапсырыс беріп, әлеуметтік желіде желдей ескен көпшіліктің теріс пікірлер айтуынамұрындық болды. Осы жариялымнан кейін Бекет Тұрғараев әлеуметтік желіде орынсызтеріс пікірлер таратқан Маралтай Райымбекұлына жолығып, қате пікірді таратқанынареніш білдіріп, кешірім сұрауды талап етті, бірақ Маралтай: «Басымды кесіп алсаңда кешірім сұрамаймын», – деп қарсылық ойын айтқан. Бекет аға: «Мен баскесер емеспін,әділдікті, шындықты талап етемін, ар-ұжданнын тазалығын қорғау үшін, бұлмәселені соттың қарауына ұсынамын», – деп, «әлі де ойлан, «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтінтұяқ болмайды» деген сөз бар, қателікті мойындау да ерлікке пара-пар» деп,ойлануына уақыт берді және Арман Шораевқа Астана қаласында жолығып, оған дажалған ақпаратты әлеуметтік желіде таратып, азаматтарға кешен жайлы теріс пікіртуғызғаны үшін, қателігін түзетіп, әлеуметтік желіде пікір айтуын талап етті. Өзкезегінде Арман Шораев та бұл талапты аяқсыз қалдырды. Содан кейін Бекет Тұрғараевар — намысты аяққа басып, жұртқа жалған ақпарат таратқандары үшін МаралтайРайымбекұлы мен Арман Шораевтың үстінен Алматы қалалық сотының азаматтық істер қарайтыналқасына талап-арыз түсірді.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер бойынша алқасы 2024 жылы 9 қаңтар күні Бекет Тұрғараевтың талабын қанағаттандырып, Маралтай Райымбекұлы мен Арман Шораевтың әлеуметтік желіде жазған пікірлері шындыққа сәйкес келмейтін жалған ақпарат деп тану туралы талап-арызды қанағаттандырып, қаулы шығарды.

Арман Шораевтың әлеуметтік желідегі парақшасында ақпарат таратылған соң, ілезде журналист Әсет Әссанди де жалған сөзге сөз қосып жалаулатты, бірақ артынша телеэкранға шығып кешірім сұрап, тобасына келді. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры, Жанарбек Берістен «Дат» газетінде жариялаған мақаласы үшін қателігін мойындап, «Айып бізден» деп кешірім сұрады.

Оқырман назарына осы мақаланы ұсына отырып, Бекет ата атындағы киелілер кешені Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Сарапхана ауылындағы «Мәңгілік ел» саябағында орналасқан «Киелілер кешені» нысанын Түркістан облысының аймақтық маңызы бар «киелі нысаны» деп танылғанын еске сала кетуді орынды деп есептедік.

Қ. ДҮЙСЕНОВ,

Жеті жарғы және Қожаберген жырау халықаралық

қоғамдық қоры кеңсесінің бас хатшысы

«Қазақ әдебиеті» газеті,
№4, жұма, 2 ақпан, 2024 жыл.

«Әділет» газетінің редакциясына осы мақаланың авторы Қ.Дүйсенов жазбаша өтінішпен келіп, мақаланың толық нұсқасын жариялауды сұранғансоң оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.


  • ЖАЛҒАН СӨЗ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

АҚЫН МАРАЛТАЙДЫҢ МАШАҚАТЫ МЕН КЕСАПАТЫ

2021 жылы Қазақстан Республикасының президенті «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деген мақаласы Егемен Қазақстан газетінде жарияланып және қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөнінде үндеу жариялады,халық бұл үндеуді толықтай қолдап, жер-жерде қуғын-сүргін көргендерді, жазықсызжазаланғандарды ақтауға үн қосып кірісіп кетті. Мемлекет тарапынан бұл жұмыстыжан-жақты тексеріп қарау үшін, арнайы комиссия да құрды.

Сурет http://maraltai-raiymbek.kalamger.kz/ сайтынан алынды

Осы тұста Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы Сарапхана елді мекенінің тұсындағы биік жота басында Шымкент-Ташкент күре жолының бойында орналасқан тарихи-этнографиялық «Мәңгілік ел» саябағына «Алашарыстарына» арналған көрнекті 9 тұлғаның ескерткіші орнатылды. Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арнап «Анаға тағзым» ескерткіші және атақты палуан Қажымұқан Мұңайтбасовтың 150 жылдығына арнап биік тұғырдағы ескерткіш орнатылды. Бұл ескерткіштердің ашылу салтанаты «пандемия» сырқатының кеңтарауына байланысты 2021 жылы 30-31 қазан күндеріне белгіленіп, республикалықғылыми конференция өткізіліп, елімізге танымал тарихшылар мен ақын-жазушыларды арнайы шақырып, мемлекет және қоғам қайраткерлері, оңтүстік өңірінің зиялықауым өкілдерінің қатысуында өткізілді. Осы жиынға тарихшы-академиктер Мәмбет Қойгелдиев, Хангелді Әбжанов, тарихшы Талас Омарбековтер мен қатар тарихшыгенерал-лейтенант Абай Тасболатов, жазушылар Сауытбек Абдрахманов, Қали Сәрсенбай, ақын Маралтай Райымбекұлы тағы басқалар, ғалымдар мен мәжіліс депутаттары қатысты. Сол жолы Созақ аулында «Созақ қасірет мемориалы» ашылып, жоғарыда айтылған зиялы қауым өкілдері түгелдей қатысты. Осы өткен ғылымиконференция жайлы республикалық баспасөз беттерінде бірнеше мақалалар жазылып тарихи-этнографиялық «Мәңгілік ел» саябағы жайлы жылы лебіздер айтылды.

Осы жиынның қонағы болып келген Қазақстанның еңбексіңірген қайраткері, танымал ақын, Маралтай Райымбекұлы сол «Мәңгілік ел»саябағында орналасқан Бекет ата Мырзағұлұлының 270 жылдығына арнайы орнатылғанкиелілер кешенінің ішін аралап көріп, «Бекет ағам әйелі мен екеуіне болашақтажататын орын дайындап қойыпты, адам жүрегі шошитын қандай дайындық о дүниеге деген» деп қол телефонына өз даусымен жазып алып кетеді. Бекет ата кешенініңмазмұн мақсатын анықтап білмей, өзінің ойына келген ұшқары пікірін 17 сәуір2022 жылы елімізге танымал журналист, блогер, Арман Шораевқа өзінің жолдастарыарқылы тапсырыс беріп, әлеуметтік желіде желдей ескен көпшіліктің теріс пікірлер айтуына мұрындық болды. Осы жариялымнан кейін Бекет Тұрғараевәлеуметтік желіде орынсыз теріс пікірлер таратқан Маралтай Райымбекұлынажолығып, қате пікірді таратқанына реніш білдіріп, кешірім сұрауды талап етті,бірақ «Маралтай басымды кесіп алсаң да кешірім сұрамаймын» деп, қарсылық ойынайтқан. Бекет аға «мен бас кесер емеспін, әділдікті, шындықты талап етемін,ар-ожданның тазалығын қорғау үшін, бұл мәселені соттың қарауына ұсынамын» деп,әлі де ойлан «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды» деген сөз бар,қателікті мойындау да, ерлікке пара-пар деп, ойлануына уақыт берді және АрманШораевқа Астана қаласында жолығып, оған да жалған ақпаратты әлеуметтік желідетаратып, азаматтарға кешен жайлы теріс пікір туғызғаны үшін, қателігін түзетіп,әлеуметтік желіде пікір айтуын талап етті. Өз кезегінде Арман Шораевта бұлталапты үн-түнсіз аяқсыз қалдырды. Ар намысты аяққа басып, жұртқа жалғанақпарат таратқандары үшін, Алматы қалалық сотының азаматтық істер қарайтыналқасына талап арыз түсірді. Сараптама қорытындысымен ар-ождан туралы талабысот шешімімен қолданбағандықтан, әлеуметтік желіде шындыққа жанаспайтын жалғанақпарат таратты деп тану үшін сотқа жүгінді.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер бойынша алқасы 9қаңтар 2024 жылы Бекет Тұрғараевтың талабын қанағаттандырып, Маралтай Райымбекұлы мен Арман Шораевтың әлеуметтік желіде жазған пікірлері шындыққа сәйкес келмейтін жалған ақпарат деп тану туралы талап арызды қанағаттандырыпқаулы шығарды.

Қазақта «атыңшықпаса жер өрте» деген сөз бар, сол айтқандай Маралтай Райымбекұлы жалған ақпарат таратумен атын шығарып, азаматқа лайықсыз сөз таратып, қателігінмойындап, дау-дамайды ұшықтырмай «өзі жаққан отты өзі өшірмей» көргенсіздік танытты. «Қазақта ақын болу міндет емес, азамат болу міндет» деген қағидалы қара сөзбар, осындай кезде ақынның да адасып, машақатқа салып, кесапат келтіретіні өкінішті-ақ.

Аруақтарғаарналған киелі кешеннің мазмұнын мазаққа айналдырған жанға не айтуға болады. Қара жер қойнынан ешкім де қашып құтылмағанын еске алсақ болғаны.

Арман Шораевтың әлеуметтік желідегі парақшасында жалғанақпарат таратылған соң, ілезде журналист Әсет Әссанди де жалған сөзге сөз қосып жалаулатты, бірақ артынша телеэкранға шығып кешірім сұрап тобасына келді.Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры, Жанарбек Берістен «Дат»газетінде жариялаған мақаласы да қателігін мойындап, «Айып бізден» деп кешірімсұрады.

Оқырман назарына осы мақаланы ұсына отырып, Бекет атаатындағы киелілер кешені Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Сарапхана ауылындағы «Мәңгілік ел» саябағында орналасқан «Киелілер кешені» нысанынТүркістан облысының аймақтық маңызы бар Киелі нысаны деп танылғанын еске салакетуді орынды деп есептедік.

Қ. ДҮЙСЕНОВ,

«Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық

қайырымдылық қоры кеңсесінің бас хатшысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *