АУЫЛ ХАЛҚЫНА МИКРОНЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

Қоғам
438 Views

2023 жылдан бастап ауыл халқының табысын арттыру мақсатында қазақстандықтарға микронесие берілетін болады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Пилоттық жобаның ауқымын кеңейту үшін 2024 жылы 12 мыңнан астам ауыл тұрғынына 74,6 млрд теңге көлемінде микронесие, ал 2025 жылы шамамен 76,7 млрд теңге микрокредит беру жоспарланып отыр. Бүгінде министрлік әкімдіктер мәлімдеген қажеттілікке сәйкес қаржыландырудың толық көлемін бөлуге бюджеттік өтінім дайындады. Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен 2023 жылға толы қолдау тапты», — деді министр.

Жобаның артықшылығы 2,5%-ға дейін жеңілдікпен несие, ауылшаруашылық техникасы мен құрылғыларын лизингке алу, кооперативке арналған инвестициялық субсидияларға ие болуға мүмкіндік береді. Микронесие мерзімі мал шаруашылығы — 5 жылға дейін, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін — 7 жылға дейін беріледі. Айта кетерлігі, Түркістан облысында 2023 жылы аталған жоба аясында 11 млрд теңге қаралып отыр. Жалпы 2023-2025 жылдарға 33 млрд теңге бөлу жоспарланған.

Сондай-ақ, ведомство басшысы аталған пилоттық жобаның аясын кеңейту мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған жол картасы бекітілгенін айтты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *