ЗАМАНАЛЫ ЗАҢГЕР, ЗАМАНАУИ МЕНЕДЖЕР, ҚАЙЫРЫМДЫ АЗАМАТ

Тұлға
251 Views

ӘділеттіҚазақстанды құру – адалдық, әділ­дік,­ адамгершілік, ең­бек­­қорлық,қайырымдылық сияқты құн­ды­лықтарды бойына сіңірген азаматтық қоғамдықалыптастыру арқылы жүзеге асады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтағанда Әділетті Қазақстанды еңбекқор, адал азаматтар ғанақұра алатынына сенім білдіре келіп, «Өз ісінің майталмандары қашанда қоғамныңназарында болуға тиіс», — деген еді. Неміс философы И. Кант адал адам қасие­ттерініңшоғырлануын «Адамгершілік формула­сы»­ деп атаған. Еліміздің қай аумағында болмасын осындай адамгершілігі мол тұлғалы азаматтар баршылық. Солардың бірі – Арқаөңірінің жоғары білім мен ғылым саласында қызмет ететін тұлғалы азамат, ғалым-заңгер, заманауи менеджер және меценат Бақтыбай Жолжақсыұлы Жүнісов.

Бақаң еңбек жолын мектепті бітіргеннен кейін Қарағайлы тау-кен байыту комбинатында слесарь болып бастаған. 1973 жылы Армия қатарына алынып, отан алдындағы борышын өткергеннен соң, сол өзі жұмыс істеген тау-кенбайыту комбинатының жолдамасымен ҚарМУ-дың дайындық бөліміне оқуға түседі.Сөйтіп, 1982 жылы ҚарМУ заң факультетін бітірген. Университетте оқып жүргенде Лениндік стипендиат, топ жетекшісі, студенттік құрылыс бригадасының командирі,ҚМУ заң факультеті жатақханасының студенттік кеңесінің төрағасы болды. Өндірістікорында қарапайым жұмысшы болып жүріп, кейін жоғары оқу орнына түсудің солкездегі қиындықтарынан тайсалмай өтіп, оның үстіне студенттердің қайнағанөміріне белсене араласып, ылғи да көшбасшы болып жүруі – Бақаңның кейінгі өмір жолына үлкен де игі мақсат пен биік мұратқа жолдама алуына ықпал жасағаны анық. Университеттібітіргеннен кейін университеттің заң факультетінің қылмыстық құқық және ісжүргізу кафедрасында ұстаздық қызметін бастап, жай оқытушыдан аға оқытушы,доцент, қылмыстық құқық және процесс кафедрасының меңгерушісі қызмет сатыларынан сәтті өтті. Ал, 1989 жылы факультеттің профессорлық-оқытушылыққұрамы альтернативті негізде заң факультетінің деканы етіп сайлайды. Аталғанқызметтерде жүріп, Бәкең 1987 жылы Министрлер Кабинетінің жанындағы Жоғарыаттестаттау комиссиясының шешімімен доцент атағын, ал 1997 жылы «профессор» дәрежесін алды.

Бақаңның жоғары оқу орындарындағыбасшылық қызметтерінің одан әрі сабақтастығы – 1995 жылы Қонаев атындағы гуманитарлық университеттің Қарағанды филиалыныңдиректоры, 1997-2012 жылдары – «Фемида» заң академиясының ректоры, одан бүгінгі күнге дейін Орталық Қазақстан академиясының ректоры қызметімен жалғасын тапты.

Жоғары білікті, сапалы заңгерлерді дайындауға баса көңіл аудара отырып, Бақаң өзінің жоғары білім беру саласындағы іскерлігін менеджмент ұтқырлығымен ұштастырып отырды. ол «Фемида» қауымдастығын құрды, оның құрамына «Фемида» заң колледжі, заң агенттігі және «Кент» баспасы кірді. 1998 жылдан бері жұмыс істеген жылдарында бұл қауымдастық мемлекеттің бюджетіне 100 млн. теңгеден астам бюджетке салық түсіреді. Сонымен бірге, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің оңтайландыру профильдендіру саясатына сәйкес, Бақаң Фемида заң академиясын, Қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық институтты, көпсалалы гуманитарлық-техникалық институтты, лингва тіл және аударма институтын біріктіріп, Орталық Қазақстан академиясының құрылуының бастамашысы болды.

Бүгінде, ОрталықҚазақстан академиясы облыстағы жоғары оқу орындарының көшбасшыларының бірі.Онда бакалавриаттың болашақ заңгерлерді, экономистерді, қаржыгерлерді, аудармашыларды, психологтарды және бизнес-қауымдастықтардың қызығушылығын тудыратын басқа да мамандықтардың өкілдері дайындалады. Академия студенттергешығармашылық өсу, кәсіби және жеке өзін-өзі дамыту үшін барлық мүмкіндіктердіжасай отырып, классикалық білім беру жүйесінде жинақталған құнды тәжірибелернегізінде қазіргі заманғы инновациялық білім беру технологиялары белсенді қолданысқа енгізілуде. Академияның түлектері республикадағы құқық қорғаужүйесінде, оқу орындарында, мемлекеттік қызметте, қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірінің басқа да әртүрлі салаларында қызмет етеді жәнешетелдік сұранысқа да ие.

Заманауи менеджер. 2015 жылы Ұлттық бизнес рейтингтер одағы (Қазақстан, Ресей, Беларусь,Украина, Әзірбайжан) «Әлеуметтік салық» критерийі бойынша кәсіпкерліксубъектілерінің экономикалық рейтингісі үшін Бәкең «Сала көшбасшысы-2015» Ұлттық сертификатымен және «Өнеркәсіп» медалімен марапатталды. Көшбасшы 2015».сондай-ақ – «Жеке табыс салығы» критерийі бойынша Қарағанды облысыныңкәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық рейтингісі бойынша «Экономикамақтанышы 2015» орденімен марапатталды.

Сонымен қатар, өзі басқарып отырған оқу мекемесінің 2015 жылы Ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес сапа менеджменті жүйесі енгізілгенін, 2016 жылы Ұлттық институционалдық аккредитациядан және Халықаралық институционалдық пен мамандандырылған аккредиттеуден өткенін, сонымен бірге «Халықаралық қаржылық қызметтер» («ADVENT UK LIMITED«) ұлттық қауымдастығымен бірге Мәскеу мемлекеттік және муниципалдық басқару академиясының табысты бизнесті басқару атты халықаралық дипломымен марапатталғанын айта кеткен орынды.

Бақаңның тек отандық, жақын шетелдік қана емес, алысшетелдердің, оның ішінде, әсіресе Еуропаның заңгерлер мен бизнесті басқарусаласы бойынша озық тәжірибелерін жинақтауға барынша ынта-жігерін салғанын жәнеоларды меңгергендігі туралы құжаттары растайды. Айта кетсек, 2016 жылыЕуропалық Бизнес Ассамблеясының (ЕБА, Оксфорд, Ұлыбритания) халықаралық«Біріккен Еуропа» сыйлығы мен сертификаты, бар. «Англиядағы университеттерді басқару» семинарына қатысқаны үшін Лондондағы Халықаралық БизнесАкадемиясының сертификатымен, ал 2006 жылы Францияның Өнеркәсіпшілер Одағының табысты бизнесті басқарғаны үшін дипломымен және «Наполеон» медалімен марапатталған.2010 жылы Халықаралық Сократ сыйлығының лауреаты атанды.

2017жылы Бақаңның республика бойынша білікті заңгерлерді даярлауда, заң саласындағығылымның дамуына, халыққа құқықтық тәрбие беруде сан қырлы практикалық қызметіарқылы қосқан зор үлесін ескере отырып, Қазақстан Заңгерлер одағы оған«Құрметті Заңгер» атағын берді. Бұл оқиғаға байланысты баспасөз беттерінің бірінде: «Құрметті заңгер» атағы лайықты өз иесін тапты. БақтыбайЖүнісов құқықтық мемлекет құру жолында өлшеусіз үлес қосты. Әділдікті ғұмырлықкредосы санаған, мыңдаған адамдардың құқықтық сауаттылығын арттырған азаматміндетін адал атқарды», — деп жазды.

Сонымен сайып келгенде, Бақаңның жоғарыда аталғанотандық және шетелдік тәжірибелерді меңгеріп қана қоймай оларды өзі басқарып отырған көп салалы білім мен ғылым ордасында іс жүзіне асыру нәтижелері, академиялық ұтқырлық шеңберінде менеджменттік озық шешімдерді таба білуі, оның заманауи менеджмент көшбасшысы дәрежесіне көтерілгендігінің айқын дәлелі болды.

Заңгер – ғалым. Бәкеңнің заң ғылымысаласындағы еңбегі өз алдына бір төбе. Ол қылмыстық құқық саласы бойынша республикадағана емес, алыс-жақын шетелдерде де танымал зерттеуші-ғалым. Оның ғылымдағы жолы 1986 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуүшін диссертациясын қорғаудан бастап кеңінен ашылды десек болады. 7 жылданкейін Қазақ мемлекеттік университетінде докторлық диссертация қорғады. Бұданкейін Бақаң өзі республикада заңгерғалымдарды дайындап шығаруға белсене араласып кетті. Оның жетекшілігі арқасындакөптеген кандидаттық және докторлық диссертациялар дайындалып, бірнеше ретдокторлық және кандидаттық диссертацияларға оппонент болды. Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институты жанындағы диссертациялық кеңестөрағасының орынбасары, 10 жылдан астам Қазақ ұлттық университеті жанындағыдокторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесіболды. Бақаң 40 жылдан астам уақыт бойы жоғары білікті заңгерлерді дайындап келеді. Оның түлектері ҚазақстанРеспубликасының түкпір-түкпірінде құқық қорғау жүйесінде, әділет органдарында, Ішкі істер министрлігінде, прокуратурада, Жоғарғы сотта қызмет етуде.

Қылмыстық құқықсаласындағы Қазақстан Республикасында ғана емес, алыс-жақын шетелдерде дебелгілі жетекші академиялық зерттеуші. Оның 100-ден астам ғылыми еңбектері, соның ішінде монографиялар мен «Қылмыстық құқық» оқу құралдарының авторы.

Меценат. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысындаӘділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылықретінде әрдайым қатар тұруы керек екенін айтқаны белгілі. Мемлекет басшысы сонымен бірге «Қазақстан халқына» қоғамдық қорын құруды тапсырғанда да меценаттықтың рөлі зорекендігін атап айтқан болатын. Адал азамат қоғамда қайрымдылығыменерекшеленеді. Осы тұрғыда Бақтыбай Жүнісов меценаттығымен, яғни ғылым мен мәдениеттің дамуынаерікті және ақысыз негізде үлес қосатын және жеке қорынан қаржылай көмеккөрсететінімен көзге түседі.Сөзіміздәлелді болу үшін ол Бақаңның меценаттық іс-шараларыныңхроникасына тоқтала кетсек артық болмас. Бақаң әкесі екінші дүниежүзіліксоғысқа қатысқандықтан да болар, жеңіс мерекелері мен іс-шараларға белсендіқатысып қана қоймай, оларға демеуші бола білді. Мысалы 2005-2009 жылдардағы Қарағанды ​​қаласындағы Жеңіс саябағының құрылысына, 2009жылы Нұркен Әбдіровтің 90 жылдығын мерекелеу іс – шараларына бірден-бір демеушіболғаны қала ғана емес облыс жұртының есінде.

Бақаң меценаттық қызметінде елдің ұлттық құндылықтарын қастерлеп, оның халық арасында кеңінен таратылып, насихатталуына ерекше көңіл бөлуде. «Елдің мәдени мұрасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Бақаң өз қаражатына Шор руының шежіресін жазып, «Шор» қорын құрды. Оны тек ру дәрежесінде емес, бүкіл халықтық деңгейге көтеріп, 15 мыңнан астам адам қатысқан мерекеге 120-дан астам киіз үй құрып, аудан халқының бірлігі сипатында ұйымдастырып өткізді. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағанды ​​облысы бойынша филиалы құрылғаннан бері осы қоғамдық ұйымның белсенді қатысушысы болып, корей, еврей және т.б. этно-мәдени орталықтарының қазақстандық бірегейлікті нығайтуға арналған іс-шараларға демеуші болды.

Сонымен бірге, Бақаң еліміздің рухани жаңғыру барысында «Туған жер» бағдарламасына сәйкес, жалпы ұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналу үшін танымал тұлғалардың өнегесі мен бабалардан қалған көне асыл мұраларды белсенді насихаттауды өзінің демеушілік қызметінің өзегі деп білді. Арқаның дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың 100 жылдығын, Қазыбек бабаның 350 жылдық мерейтойын, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 70 жылдығын, «Қарқабат ана» монументін жасау, туған өлкесі – Қарқаралы қаласының 190 жылдығына арналған мерекелік шаралардың ұйымдастырушысы және демеушісі және 2021 жылы «Ұлы дала аналары – Қарқабат ана» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізудің бас демеушісі болуы осыны аңғартса керек. Көп жылдар бойы өзі оқыған Қарқаралының іргесіндегі Қарағайлыдағы №17 орта мектепке үздіксіз қол үшін беріп, ондағы өзі тағайындаған «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» номинациясы бойынша ұстаздарға 300 мың теңге көлемінде сыйлық беріп отыруы да туған жері мен онда өсіп-өніп келе жатқан жас ұрпақ тағдырына деген риясыз көңілінен хабар береді. 2020 жылы «Қарқабат ана» монументін жасау жұмысын ұйымдастырды және осы іс-шараның бас демеушісі болып табылады 15 сәуір 2021 жылы «Ұлы дала аналары – Қарқабат ана» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Конференция қорытындысы бойынша «Ұлы дала аналары – Қарқабат ана» атты ғылыми еңбектер жинағын шығарды. Бақаңның тағы бір қыры туған өлкесі – Қарқаралының тарихи жасын Патша өкіметінің станица, бекініс ретінде құруға арналған бұйрықтың уақытынан емес, бұрынғы бабалар мекендеген уақытты жан-жақты зерделеп, барып анықтаудың қажеттігін айтып қана қоймай, оған арнайы «Атыңнан айналайын Қарқаралы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция (2023 ж.) ұйымдастыруы және ғалымдардың ортақ тұжырымдарын бекітіп, шешім қабылдатуын айтпай кетуге болмас. Бұл бір жағынан, кезінде бекініс-станциялар ретінде республика шекарасына таяу орналасқан қалалардың жасын қайта қарап, тарихи әділдік тұрғысынан анықтауға үлгі іс болды.

Бақаңның қайырымдылық қасиеті мен іс-шаралары пандемия жайлап, еліміздің басына сын сағат туғанда анық көрінді. Қарағандының балалар ауруханасына 1 млн. және Қарқаралы ауданының ауруханаларына 9,5 млн. теңгеге ИВЛ (өкпені жасанды желдету) аппараттарын алуға қаржылай көмек жасады.

Туған жеріне деген сан қырлы демеушілік және игі істерін бағалай отырып, аудандық және облыстық мәслихаттардың Бақаңа «Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы», «Қарағанды облысының Құрметті азаматы» атақтарын беруге шешім қабылдағандары халықтың қолдауына ие болды. Сонымен бірге, Бақаң халыққа құқықтық білімді насихаттау мақсатында 2004 жылдан бастап «Вестник Фемида», кейін «Қарағанды хабары», «Арқа ақшамы» газетін мемлекеттік тілде шығарып келе жатқанын айту керек.

Жалпы қорыта келгенде, Бәкеңнің демеушілік және қайырымдылық іс-қызметінің нәтижелері туралы айтқанда, Б.э.д. ІҮ ғасырда өмір сүрген Рим философ-ақыны Л. Се́не́каның: «меценат, ол табиғатынан ұлы және батыл рухты адам» деп айтқан әділ бағасы Бақаң тұлғасын толық айшықтайтынын көруге болады.

Тектілік. Бақаңның өмір жолынан байқалатын бір құбылыс – тектілік. Қазақтың таным-түсінігінде тектіліктің өзегі тәрбиеде жатқаны белгілі. Әл Фараби бабамыз адамның тектілігін – тәрбие мен білімнің бір адамның бойына тереңінен тоғысуы деп білген. Бақаңның тұлғасында да осы бір қасиеттер анық көрініс береді. Оған Бәкеңнің ата-анасының отбасында қандай тәрбие алғанына да байланысты болу керек. Әкесі – Жүнісов Жолжақсы екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, 2-дәрежелі Отан соғысы ордені және басқа да әскери марапаттардың иесі. Анасы – Молдақашева Рысбала, Қарқаралы ауданында 46 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек еткен, тіл пәндерін оқыту әдістемесі оқулығының авторы. 1963 жылы Ленин орденімен марапатталған. Осы мәліметтердің өзі ақ бала Бәкеңнің қандай ортадан тәрбиеленіп шыққанын анық көрсететіні сөзсіз.

Ал Бақаңның тұла бойында қалыптасқан адами қасиеттері туралы сөз етсек, біздің заманымызға дейінгі 551-479 жылдары өмір сүрген қытай халқының ұлы ойшылы Конфуций текті адамның үш сипатына туралы айтқаны еске түсер еді: «бірінші сипаты бойындағы даналығы себепті ешқашан асып-таспайды, екінші сипаты кемелділігі себепті күй талғамайды, үшінші сипаты батылдығы, сондықтан ол орынсыз алаңдап, қорықпайды», десе, ІV ғасырда өмір сүрген тағы бір қытай ғұламасы, дао ілімінің негізін қалаушы Чжан Цзы: «Текті адамда үш қасиет болады. Бірінші қасиеті арғы тегінен ажырамайды, екінші қасиеті рухани бастауы­нан бөлінбейді, үшінші қасиеті шындықпен бірге өмір сүреді», деген екен. Міне осы Шығыстың ғұламаларының айтқандарының басым көпшілігі бір Бақаңның бойынан табылатындығына жоғарыда жеке-жеке аталып (ғалым, адал азамат, іскерлік, қайырымдылық) және нақтылы келтірілген дәлелдер куә бола алады. Бақаңның саналы өміріндегі жан-жақты іс-қызметі бағаланып, жоғарыда аталған кәсіби наградаларымен бірге Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Құрмет»,«Парасат» ордендерімен басқа да отандық медальдармен марапатталған.

Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы, белгілі меценат, заңгер-ғалым және заманауи менеджер Бақаң биыл 70 жасты адамгершілік әрі іскерлік абыройлы қасиеттерімен, тың жігермен және жарқын көңілмен еңсеріп отыр. Ендеше, Бақаңа осындай қарқыныңыздан қалмаңыз, шабысыңыздан талмаңыз! Келер ұрпаққа берер тәрбие мен білім және ғылымдағы жетістіктеріңіз арта берсін демекпіз!

Сатай СЫЗДЫҚОВ,

ҚР ҰҒА құрметті академигі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *