АСЫЛЫМ МЕНІҢ – АНАШЫМ

Қоғам
92 Views

Дүние деген үлкен теңізде жүдеу жаныңа желкен боларжалғыз асылың — АНА. Қорыққанда қорғаушың, сүрінгенде демеушің, жаурағандажаныңды жылытатын жалғыз панаң. Қазақтың қасиетті қара сөз өнерініңмайталмандары, ақын, жыраулары, қазіргі қаламгерлері ана тақырыбын ажарлайтолықтырып, маржан сөздерін, ыстық сезімдерін осынау қасиетті жандарға арнады. Түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған аналарға әрбір перзентінің айтар алғысы, жеткізгісі келетін жүрек сыры әрқалай. Жүрегі жұмсақ анамның мамық алақаны, жұпар иісі менің де жаныма үлкен сағыныш сезімін тудырады. Өмірдің сантүрлі сынды сағаттарында еңсесін тік ұстаған жалғыз жан мен үшін өмірге деген талпыныстың үлгісі, жақсылықтың жыршысы.

Менің анам Саменова Аққаным Сұңғатқызы Исатай аудандықбілім бөлімінде жеті жыл есепші, Жанбай ауылдық Х. Наубетов орта мектебінде онбес жыл бас есепші, Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімінде аудармашыредактор қызметімен бес жыл айналысып, аудан бюджетін жоспарлаумен айналысты. Алтын алқа иеленген асылтекті анашым жеті баланы мәпелеп өсірген батыр ана. Анамның еңбектегі қажырлылығы, табандылығы мен еңбекқорлығы бізге әрқашан үлгі. Өмірдің сан түрлі сынды сағаттарында еңсесін тік ұстаған жалғыз жан мен үшін өміргедеген талпыныстың үлгісі, жақсылықтың жыршысы.

Тоқтамай сырғып жатқан өмір ағысында ақ пен қараның, жақсы мен жаманның ара жігін айыруға үйреткен, парасаттылықтың биік шыңына жетуге талпындырған аяулы анатайым мен үшін кемеңгер тұлға. Мендегі бар ізгілік анамның ақылға толы сырлы сөздерінен, мейірім тұнған көздерінен бойыма сіңгендей. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, тәй-тәй басқан шағымнан қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген еңбегін бар ғаламның кереметін алдына жисам да өтей алмасым хақ. Жетер жетістігіме өзім сенгендей сенетін анамның қолдауы мен үшін өмірдің ең асылы, құнды сыйы іспеттес. Осындай асыл жанның шексіз мейірімі дүниедегі бар адамзат атаулысынан маған бұйырғанына шексіз ризамын. Анамның тұлға болып қалыптасуыма берген тәрбиесі, «ешкімнің ала жібін аттама» деп үйреткен қағидасы өміріме енген заңдылық секілді. Алыста жүрсем алаңдайтын жанның қамқорлығы, берер жылуы өзгеден ерек. Өмір атты тарамы мол соқпақта өзіңнен алған өнеге мен тәрбиені, шексіз мейірімді жұдырықтай жүрегіме желкен етемін. Анашым мен үшін өз орны мен қадірін жоғалтпас асқақ, қайталанбас тұлғаның бірі де бірегейі.

Ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған дарын, қанымызға сіңген қасиет, тәрбие болашаққа жетелері хақ. Ана баланың өткені мен бүгінін қалыптастырушы, ұлт тәрбиелеушісі. Сондықтан қоғамнан алар сыйы ерек, маңызы бөлек тұлға. Қанша сөздің асылымен сипаттап, кескінін келбеттесең де іштегі анаға деген құрмет пен сыйластықты сөзбен жеткізу қиын. Қазақта «Алып та анадан туады» деген дана сөз бар. Дүние билігін ұстаған басшы да, бір бойына бар ілімді жиған данышпан да анасының құлыным деген бір ауыз сөзіне бас иеді. Ана адамзат жаратылысының негізгі тұтқасы. Ұрпақ өсіріп, ұлт тәрбиелеушісіне айналған отбасының ұйытқысы. Анаға көрсеткен құрмет жақсылықтың ең ізгісі, жомарттықтың ең қайырлысы, пенденің адамдығы, адамзаттың асыл ісі.

Әлемдегі ең асыл да аяулы жан – Анашым, Алла тағала Сізге ұзақ ғұмыр беріп, БАҚЫТ БАҒЫНДА гүлдей жайқалып жүруіңізді нәсіп етсін!

Зере ӘЛІБЕКҚЫЗЫ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің 1-курс студенті.

Астана

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *