ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНДАҒЫ ҮЙДІ ЖӨНДЕУГЕ АЛҒАН ҚАРЖЫМ НЕЛІКТЕН КЕРІ ҚАЙТАРЫЛДЫ?

Қоғам
317 Views

Менің тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін алған жеткіліктілік шегінен асатын қаражатым БЖЗҚ-ға кері оралды. Неліктен бұлай болды екен?

С. ПІРІМБЕТ,

Шымкент қаласы

Біржолғы зейнетақы төлемін қайтару, егер алушы уәкілетті оператор – «Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ға оның пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынбаса және ақша арнайы шотқа келіп түскен күннен бастап 45 күн ішінде талап етілмеген болса орын алады. Қайтару автоматты түрде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, арнайы шоттағы ақша қалдығы, егер олар толық мөлшерде пайдаланылмаса, қайтарылуға жатады.

Өтініш берушінің зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-ға қайтарылғаннан кейін, екі күн ішінде қайтадан жеке зейнетақы шотына есепке алынады және үзінді көшірмеде көрсетіледі. Егер зейнетақы жинақтарын алған кезде алушы бірден жеке табыс салығын төлеуге шешім қабылдаса, онда ол пайдаланылмаған төлеммен бірге жеке зейнетақы шотына қайтарылады. Егер төлемнің бір бөлігі ғана қайтарылса, қайтарылған соманың 10% мөлшеріндегі табыс салығы жеке зейнетақы шотына қайтарылады. Яғни, салымшыға қосымша қандай да бір өтініштер мен құжаттар тапсырудың қажеті жоқ.

Кейіннен салымшы уәкілетті операторға зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігі шегінен асатын қаражатын алу үшін шектеусіз рет өтініш беруге құқылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *