«ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫНА ОТАНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ

Экономика Қоғам
192 Views

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасыаясында салынатын 63 мектептің құрылысына отандық материалдар қолданылады.Сонымен бірге жергілікті өндірушілерге басымдық беріледі. Әрбір мектептіңқұрылыс материалдары қатаң бақыланады және арнайы стандарт бекітіледі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы №28 мектеп-лицейінде ұйымдастырылған көрмеге арнайы барып, «Жайлы мектеп» жобасына қолданылатынқұрылыс материалдары мен мектеп жиһаздарының жобаларымен танысты.

– «Жайлы мектеп» – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бақылауында тұрған жоба. Әрбір мектептің құрылысы өте сапалы әрі жоспарға сай салынуы тиіс. Өңірде ұлттық жобаны жүзеге асыру бағытында жұмыс тобына әр мектептің құрылысын мұқият қадағалауды тапсырамын. Балаларымыздың алаңсыз білім алуына, ұстаздарымыздың жоғары деңгейде жұмыс істеуіне жағдай жасалуы қажет. Оған мүмкіндік те, жағдай да бар. Облыстың жиһаз және құрылыс материалдарын шығаратын компанияларына, жұмысшыларына басымдық берілуі тиіс. Олардың әлеуеті жетпесе, қосымша өзге өңірлердегі отандық өндірушілермен келісім жасалып, жобалар өз мерзімінде жүзеге асуы керек, – деген Дархан Сатыбалды құрылыс материалдары мен мектеп жиһаздарын өндіретін компания өкілдерімен кездесті. Ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.

Көрмеде мектептерге қажетті жиһаздар, мектеп құрылысына қолданылатын материалдар туралы мағлұмат берілді. Білім ұяларының іргетасынан бастап, шатырына дейін қолданылатын материалдар ұсынылды. Барлық білім ұясына арнайы стандарт бекітілетіні, мердігерлер сол ережеге сай жұмыс істейтіні айтылды. Мектеп директорлары мен білім сарапшыларына Түркістан облысының және өзге өңірлердің жиһаз шығаратын компаниялары өз өнімдерін ұсынды.

Жалпы, өңірдегі 63 мектепке екі орындық 25100 парта, 50200 орындық, ұстаздарға арналған 2470 үстел, 2550 кресло, лаборанттарға арналған 3012 үстел, 6034 орындық алу жоспарланған. Шкафтар, асханаға қажетті үстелдер мен орындықтар, тақталар, кеңсе орындықтары және өзге де жиһаздар қажет. Осы қажеттілікті өтеу үшін Түркістан облысы әкімдігінің осы салаға жауапты басқармалары облыстағы және республиканың өзге өңірлеріндегі отандық компаниялармен келіссөздер жүргізіп, алдын ала меморандумдар жасамақ. Бұл бағаның қымбаттауының алдын алуға да мүмкіндік береді. Қажетті жиһаз көлемі ауқымды болуына байланысты Түркістан облысында жиһаз шығаратын кәсіпорын ашылуда.

«Жайлы мектеп» бойынша салынатын 63 мектептің 29-ының құрылысы биыл басталып, 2024 жылы аяқталады. Ал қалған 34 мектептің құрылысы 2024 жылы басталады. Құрылысы биыл басталатын мектептерге жауапты директорлар бекітіліп, олар құрылысты соңына дейін қадағалайды. Барлық мектеп салынатын орындар анықталып, жері бөлінген. Аталған ауқымды құрылысқа байланысты облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен ұлттық жобаны жүзеге асыру жөніндегі алгоритм жасалды. Алгоритмге сәйкес облыс көлемінде арнайы жұмыс тобы құрылып, құрамына облыс әкімінің орынбасарлары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері, «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының өкілдері, басқарма басшылары, депутаттар, білім саласы және инфрақұрылымға қатысты мекеме өкілдері енгізілді. Жұмысшы топтың отырысы айына кемінде 1 рет өткізіліп, өзекті мәселелер талқылануда. Әрбір білім ұясының құрылысы қатаң бақылауға алынған.

Инфрақұрылымы, инженерлік жүйелері, жері, суы мен газы, электр жүйесі, жалпы әрбір өзекті мәселесін шешу жолдары жоспарланып, нақты жұмыс жүріп жатыр. Оқушылардың саны зерделеніп, қауіпсіздігі де басты назарға алынған.

«ЕРЕКШЕ» КОЛЛЕДЖГЕ ЖЕДЕЛСАТЫ ОРНАТЫЛЫП ЖАТЫР

Кентау қаласында еліміздегі жалғыз арнаулы кәсіптік колледждің ерекше оқушылары үшін оқу орнының тарихында алғаш рет жеделсаты орнатылып жатыр.

Оқуға құштар, бірақ мүмкіндігі шектеулі жандар бұған дейін қоларбаларын бірінші қабатқа тастап, жоғарыдағы дәрісханаларға сатымен көтеріліп әуреге түскен.

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы — «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылай қолдауының арқасында 15-35 жас аралығындағы тірек-қимыл жүйесі бұзылған колледж оқушыларының білім алу жолындағы тауқыметі жеңілдемек. «Эко Атамекен» қоғамдық бірлестігінің облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты мекемеге лифт орнату мәселесі қордың Қамқоршылық кеңесінің оң шешіміне ие болды.

«Қор арқылы мүмкіндігі шектеулі студенттер оқитын Кентау қаласындағы мамандандырылған кәсіптік колледжге жеделсаты салуға 36 млн теңге бөлінді. Бұрын қоларба қолданатын студенттерге баспалдақпен көтерілу қиындық тудыратын. Ал олардың жалпы саны жалпы оқушылардың 60%-ын құрайды. Қазір лифт шахтасын салу және жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізіліп, балалар жаңа оқу жылын жайлы жағдайда бастайды», — деді «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.

Сонымен қатар, Түлкібас ауданында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 150 бала психологиялық-педагогикалық қолдаудың тегін курстарынан өтіп, жалпы сомасы 16,4 млн теңгеге логопедтің көмегін алмақ. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жұмыс істеген жылдары еліміздің әлеуметтік саласын жақсарту және өңірлік бастамаларды дамыту бойынша көптеген жобаларды іске асырды. Еліміздің әртүрлі өңірінде тұратын қазақстандықтарға білікті әрі дер кезінде көмек көрсету ҮЕҰ-мен жұмысқа арқау болды.

Қор арқылы 2023 жылдың басынан бастап жалпы сомасы 4,4 млрд. теңгеге 27 әлеуметтік жоба мақұлданған. Ал Түркістан өңірінде 2017-2023 жылдары 1,7 млрд. теңгеге 21 жоба жүзеге асты. Оның ішінде «Қамқорлық» оңалту орталықтары, «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік осал топтағы оқушыларға мектеп құралдарын алып беру, мектепішілік санитарлық тораптар орнату және ауылдық медицина нысандарына жаңа жедел жәрдем көліктерін табыстау сияқты қадамдар бар.

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫМЕН 29 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

«Жайлы мектеп» – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бақылауында тұрған жоба. Аталған жоба аясында өңірде 49 мың оқушыны қамтитын 63 мектеп салынады. Оның 29-ының құрылысы биыл басталып, 2024 жылы аяқталады.

Ал қалған 34 мектептің құрылысы 2024 жылы басталады. Бұл білім ұялары өңірдегі үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін түбегейлі шешуге серпін бермек.

Аталған ауқымды құрылысқа байланысты облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен ұлттық жобаны жүзеге асыру жөніндегі алгоритм жасалды. Алгоритмге сәйкес облыс көлемінде арнайы жұмыс тобы құрылып, құрамына облыс әкімінің орынбасарлары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері, басқарма басшылары, депутаттар, білім саласы және инфрақұрылымға қатысты мекеме өкілдері енгізілді.

Жұмысшы топтың отырысы айына кемінде 1 рет өткізіліп, өзекті мәселелер талқылануда. Әрбір білім ұясының құрылысы қатаң бақылауға алынды. Инфрақұрылымы, инженерлік жүйелері, жері, суы мен газы, электр жүйесі, жалпы әрбір өзекті мәселесін шешу жолдары жоспарланып, нақты жұмыс жүріп жатыр. Оқушылардың саны зерделеніп, қауіпсіздігі де басты назарға алынған. Сонымен бірге мектептердің жобасы, қолданылатын құрылыс материалдары мен жиһаздары бойынша да ортақ стандарт қабылданған. Ол мердігерлерге ұсынылды.

Жүйелі әрі жедел жұмыстар нәтижесінде 2023 жылы құрылысы жоспарланған 29 мектептің 19-ының жер телімдері бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін мердігер мен жобалаушы мекемелері анықталды. Ал қалған 10 мектеп бойынша «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы тарапынан сатып алу конкурсының ашылуы өткізіліп жатыр. Бұл орайда, өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын 63 мектептің құрылысына отандық материалдар қолданылады. Сонымен бірге жергілікті өндірушілерге басымдық беріледі. Әрбір мектептің құрылыс материалдары қатаң бақыланады және арнайы стандарт бекітіледі.

Жалпы, өңірдегі 63 мектепке екі орындық 25100 парта, 50200 орындық, ұстаздарға арналған 2470 үстел, 2550 кресло, лаборанттарға арналған 3012 үстел, 6034 орындық алу жоспарланған. Шкафтар, асханаға қажетті үстелдер мен орындықтар, тақталар, кеңсе орындықтары және өзге де жиһаздар қажет. Осы қажеттілікті өтеу үшін Түркістан облысы әкімдігінің осы салаға жауапты басқармалары облыстағы және республиканың өзге өңірлеріндегі отандық компаниялармен келіссөздер жүргізіп, алдын ала меморандумдар жасамақ. Бұл бағаның қымбаттауының алдын алуға да мүмкіндік береді. Қажетті жиһаз көлемі ауқымды болуына байланысты Түркістан облысында жиһаз шығаратын кәсіпорын ашылып жатыр.

АУДАНДА 5 БІЛІМ ОРДАСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР

Сарыағаш ауданы аумағындағы күрделі жөндеуді қажет етіп келген білім ордалары «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында және облыстық бюджет есебінен ретке келтірілмек. Бүгінгі таңда, білім беретін бес бірдей кешеннің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстары барысында білім ордаларының ішкі қабырғаларын қырып, қайта әрлеу, сырлау жұмыстары, сыртқы қабырғаларын толығымен металоцерепицамен қаптау және терезе, есік, электр желісі, жылу жүйесін жаңарту, мектептің шатыры ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетсек, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында:

-Қызылжар ауылдық округі, №№75 Жабаев атындағы жалпы орта мектебі;

-Қабланбек ауылдық округі, №36 Тоқмұхамедов атындағы жалпы орта мектебі;

-Көктерек кенті, №№16 Панфилов атындағы жалпы орта мектебі;

-Құркелес ауылдық округі, №8 Айни атындағы жалпы орта мектебі

Ал, облыстық бюджет есебінен:

-Қабланбек ауылдық округі, №13 Мәңгілік ел атындағы жалпы орта мектебі.

Аталған білім ордаларындағы құрылыс жұмыстары уақытылы әрі сапалы орындалуы үшін аудан әкімі Арман Абдуллаев әр екі апта сайын барып, тұрақты түрде бақылауда.

Жобаға сәйкес, білім ордаларындағы күрделі жөндеу жұмыстарын ағымдағы жаңа оқу жылына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» АЯСЫНДА 6 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРЛАНУДА

Сарыағаш ауданында ағымдағы жылы “Жайлы мектеп” пилоттық ұлттық жобасы аясында 6 мектептің құрылысы жоспарлануда.

Осыған орай,бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өкілдері М.Айманбетов, Е.Ахметов №2 А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің ғимаратын бұзу жұмыстарының барысымен танысты.

Айта кетсек, аталған мектептің ғимараты апаттық жағдайда болуына байланысты бүгінгі таңда апатты ғимаратты бұзу жұмыстары жүргізілуде. Аталған мектеп «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 300 орындық мектеп ғимараты салынатын болады.

Қазіргі таңда,мердігер мекеме анықталып жобалау-сметалық сараптамалық құжаттамалары әзірленуде.

Құрылыс жұмыстарының басында болған аудан әкімі Арман Абдуллаев, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы М.Айманбетов тиісті бөлім басшымен, мердігер мекемеге

мектеп ғимаратын бұзу жұмыстарын тездете отырып, жаңа мектепке арналған жерді құрылысты бастауға дайындауды тапсырды.

АТАКЕНТТЕ 1500 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Мақтаарал ауданы Атакент кентінде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 1500 орындық мектептің құрылысы басталды. «Самұрық қазына» акционерлік қоғамының қаржыландыруымен салынып жатқан алып нысан 2024 жылдың соңында пайдалануға берілетін болады.

Өткен аптаның соңында «Самұрық қазына» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша өкілдері Ербол Ахмет пен Сәкен Әшірбай Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, нысанның құрылысымен танысты. Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша мектептер салынатын басқа да елдімекендерге барып, жер телімдерін көрді.

1500 орындық мектептің бас жобалаушысы «Envicon-a» ЖШС болса, құрылысын бас мердігер «Bazis Construction» ЖШС жүргізуде. Құрылыс нысанының аумағы 4 гектардан астам жерді құрайды.

Жайлы мектептер пәндік кабинеттермен, оның ішінде робототехника, кең жолақты интернет, жаңа модификацияланған кабинеттермен жабдықталып, оқушылардың сапалы білім алуларына, түрлі үйірмелерге қатысуына, спортпен айналысуларына, жоғары және бірінші санатты мұғалімдер құрамының пайыздық үлесін, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруға толықтай жағдай жасалатын болады.

Айта кетейік, «Жайлы мектеп» жобасы аясында Мақтаарал ауданында жалпы 5 мектептің құрылысы жоспарланған. Нақтырақ айтар болсақ, Атакент кентінде 1500 орындық және 900 орындық мектептердің құрылыстары, Жамбыл ауылдық округі, Абай елдімекенінен 900 орындық мектеп құрылысы, А.Қалыбеков ауылдық округі, Үлгілі елдімекенінен 600 орындық мектеп құрылысы және Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы елдімекенінен 300 орындық мектептің құрылыстары жүргізілетін болады.

НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА!

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Шұбарсу ауыл округіндегі бірқатар нысанда болып, атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады.

Аудан басшысы алдымен Шұбарсу ауылындағы Қ.Қалметов көшесіндегі 2000 орындық мектеп құрылысына барып, мердігер мекеме «Игілік-Құрылыс 2030» ЖШС-нің кездесіп, құрылыс жұмыстарын көрді. Аталған мектептің құрылысы 2022 жылы басталған.

Жоба құны — 4,5 млрд. теңге. Нысан 2023 жылдың қыркүйегінде аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда. Бүгінде құрылыс нысандарының 80 пайызы аяқталған. Есік, терезелер орнатылған. Ішкі қабырғалар сыланып, әрлеу жұмыстары жасалынуда. Мердігердің айтуынша мектепке қойылып жатқан есік-терезелер өз цехынан шығып жатыр.

Аудан басшысы Найман-2 алабын табиғи газбен қамтудың 3 кезеңінің құрылыс жұмыстарымен, Жаңа-1 алабындағы ауыз сумен қамтудың 5 кезеңінің құрылыстарымен танысты.

Қазіргі таңда Шұбарсу ауылын ауыз сумен қамту жұмыстарының құрылысы бойынша су бастау аумағында су жинақтау резервуарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

АҚҚОЙЛЫДАҒЫ МЕКТЕП БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Шұбар ауылдық округіне жасаған жұмыс сапары барысында Аққойлы ауылында құрылысы жүріп жатқан “Ақбастау” атындағы 100 орындық мектепте болды. Құрылысы 2021 жылдың тамыз айында басталған білім ошағында қазіргі таңда жаңа оқу жылына әзірлік жұмыстары (жиып-теру, тазалау және т.б.) қызу жүргізілуде.

Аудан әкімі тиісті сала басшыларына мектеп құрылысында қандай да бір кемшілік орын алған жағдайда мердігермен бірге дереу ретке келтіруді, мектепті жаңа оқу жылына дайындауға (тазалау, сыныптарға, асханасына, спорт залына және т.б.бөлмелерге қажетті заттар) белсене кірісуді тапсырды.

Ауданда 70 мектеп бар болса (66-сы мемлекеттік, 4-уі жекеменшік), оларда 37449 оқушы білім алады.

Бір мектеп үш ауысымда оқу процессін жүргізсе (Шұбарсу а/о, Исламқұлов ЖОМ), 50-і типтік мектеп, 16 мектеп ыңғайластырылған.

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында: 2023 жылы 6 нысанның құрылысы жүргізіліп, 3 нысанның құрылысы 2023 жылы біткен. Олар: Дербес елді мекені, “С.Мұханов” мектебі, Мақташы елді мекені, “З.Исабеков” мектебі, Аққойлы елді мекеніндегі “Ақбастау” мектебі. Үш мектептің құрылысы 2024 жылға өтпелі.

Жеке инвестициялар есебінен 2022 жылы 4 жеке меншік мектеп пайдалануға берілді. Олар:

— Шұбарсу ауылындағы 280 орындық «Бақтөре» мектебі, «Зейін ашу» 150 орындық мектебі, «Қозыбақ» атындағы 287 орындық мектеп. Қайнар ауылындағы 240 орындық «Дулат» мектебі.

2023 жылдың қыркүйек айында 4 жеке меншік мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *