КЕМЕЛДІЛІК КЕПІЛІ

Қоғам
746 Views

1995 жылы 30 тамызда өткен Бүкілхалықтық референдумда дауыс беру негізінде қазіргі қолданыстағы Конституция қабылданды.

Конституция – қағазда жазылған құрғақ заң ғана емес, ол біздің өміріміздің мәнін, оның әр алуан негізін анықтайды. Біздің бүгініміз бен ертеңіміздің еркін болуына кепілдік береді!

Ата Заң негізінде енгізілген өзгерістер сот жүйесін жетілдіруде ерекше мәнге ие болуда. Елімізде сот реформасы қарқынды түрде жүргізіліп, озық елдер үрдісі мен үлгісіне бой ұрған тәуелсіз сот билігі, сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асырудың өркениетті жүйесі қалыптасуда.

Ежелгі ғасырда ұлы философ Гераклит: «Халық заң үшін қала қабырғасы сияқты соғылуы керек», – деген екен. Тек заң ғана әділетсіздіктің жолын кесіп, шынайы бостандықты сыйлай, барлық адамдарды тең жағдайға қойып, құқықтарын қорғай алады.

Конституция – әркім білуі тиіс басты заң. Бұл заң кез келген даулы жағдайдан қорғайды. Конституцияны оқыңыз және құрметтеңіз, ол біздің бостандығымыз бен мемлекеттің егемендігін сақтайды.

Сіздерді еліміздің осы айтулы мерекесі – Конституция күнімен құттықтаймыз! Бұл мереке күні достар мен жақындар арасында жақсы демалыс, жағымды эмоциялар, жағымды жаңалықтар мен жарқын әсерлер тілейміз! Сіздің үйіңізді гүлдендіріп, еңбектеріңізге жеміс әкелсін. Бейбітшілік пен береке болсын! Бұл мереке Сізді жаңа жетістіктерге шабыттандырсын!

Бақытты өмір сүруді және күн сайын өз азаматтығымызды мақтан тұтуды тілейміз!

Ата Заңымыздың тұғыры бекем, бірлік пен татулығымыз ғұмырлы болсын! Мемлекеттілігіміз мәңгілік болғай! Әр отбасыға шаттық, қуаныш, денсаулық нәсіп етсін!

Ізгі ниетпен,

Е.РАХМАНБЕРДІ,

Шымкент қаласы Қаратау

аудандық сотының төрағасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *