КӘСІПТІК ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ ҮДЕРІСІ

Білім
45 Views

Әртүрлі салаларда білікті мамандарды қалыптастыруда кәсіптік-техникалықбілім беру басты рөл атқарады. Технологияға қаныққан және еңбек нарығының үнеміөзгеріп отыратын талаптары бүгінгі әлем кәсіптік оқытуға заманауи тәсілдерді енгізудіқажет етеді. Заманауи оқыту барысында кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы заманауи кадрларды даярлау мен қазіргі тенденциялары, сондай-ақ оқуорындарының алдында тұрған міндеттер мен осы саланың даму перспективаларықарастырылады.

Қазіргі кәсіптік білім беруде оқыту студенттерге тек техникалық білім мен дағдыларды ғана емес, сонымен қатар тез өзгеретін еңбек нарығы жағдайына бейімделу қабілетін беруге, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған. Оған мыналар кіреді:

— Тәжірибелік бағдар: Оқу бағдарламалары студенттерді шынайы кәсіби жағдайларға барынша жақындату және кәсіпкерлердің жұмысшыға болған талаптары – оқыту нәтижелерінде қарастырылады. Тәжірибелік дағдылар басты назарға алынып, оқу орындары өндірістік тәжірибе мен тағылымдамадан өту үшін бизнеспен белсенді ынтымақтастықта жүргізіледі.

— Заманауи технологияларды пайдалану: Оқыту процессінде қолданылып жатқан жаңа технологиялар және цифрлық технологиялар өз нәтижелерін көрсетуде.

«Шымкент қаласы аграрлық техникалық колледжі» МКҚК-да қазіргі таңда 13 мамандық бойынша осындай бәсекеге қабілетті икемді және жекелендірілген қабілетті студенттерге қызығушылықтары мен мақсаттарына байланысты жеке оқыту жолдарын таңдауға мүмкіндік беретін жағдайлар қарастырылған.

Колледжімізді бітірген түлектер дайын жұмысшы кадр болып өндірісте маман ретінде өз орнын табуда.

Колледждің педагогтар ұжымы заман талабына сай білімін және кәсіптік дағдыларын жетілдіріп отырады.

Педагогтарымыздың еңбек нәтижелерінің жемісі студенттеріміздің жыл сайын өткізілетін «World Skills» қалалық, республикалық чемпионаттарындағы жүлделі орындары болып табылады.

Колледжішілік өткізілетін кәсіби конкурс, таңдаулар студенттердің кәсіпке қызығуын және бәсекелі маман болып шығуына ынталандырады.

Колледждегі кәсіптік оқыту процесі қажетті құзыреттер мен дағдыларды игере алған оқу бағдарламаларының нәтижесі. Кәсіпорындармен және академиялық мекемелермен ынтымақтастықты дамыту да білім сапасын арттыруға және еңбек нарығының қажеттіліктеріне бейімделуге көмектеседі. Осының барлығы заманауи кәсіптік-техникалық білім беруді дамытудың жарқын болашағына негіз болып табылады.

О. С. САЙДИРАСУЛОВ,

колледж арнайы пән мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *