ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ, БІЛІКТІ БАСШЫ, ТАНЫМАЛ ТҰЛҒА

Білім Мерей
72 Views

Шымкенттегі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті колледжінің директоры, тарих ғылымының докторы, профессор Сейдехан Нұрмаханұлы ӘЛІБЕК бүгінде Пайғамбар жасы – 63-ке толып отыр. Ол 1961 жылы 8 сәуірде ОңтүстікҚазақстан (қазіргі Түркістан) облысының Қазығұрт ауданындағы Алтынтөбе ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. 1983 жылы Алматыдағы Сергей Миронович Кироватындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазақҰлттық университеті) тарих факультетін бітірген.

Өзінің еңбек жолын комсомол комитетінің хатшысы ретінде бастаған. 1984 жылыШымкенттегі Қазақ химия-технологиялық институтының (қазіргі Мұхтар Әуезоватындағы Оңтүстік Қазақстан университеті) «Тарих» кафедрасының оқытушысықызметіне ауысқан. 1988-1989 жылдары Алматыдағы тәлім-тәрбие алған жоғары оқуорнында ғылыми-зерттеуші болған. 1989-1992 жылдары аталмыш жоғары оқу орныныңаспирантурасында оқыған. 1992 жылы диссертация қорғап, тарих ғылымыныңкандидаты дәрежесін алған. 1993-1995 жылдары ҚазХТИ-да аға оқытушы, доцентқызметін атқарған. 1995-2004 жылдары М. Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, 2004-2006 жылдары тарих факультетінің деканы қызметінатқарған. 2006-2009 жылдары докторантурада оқыған. 2009 жылы «ОңтүстікҚазақстандағы большевиктік билік (1917-1928 жылдар)» тақырыбында диссертациянысәтті қорғап, тарих ғылымының докторы дәрежесін иеленген. 2009-2018 жылдары М.Әуезоватындағы ОҚМУ Шетел студенттерімен жұмыс жүргізу және жоғары оқу орнына дейінгідайындық факультетінің деканы қызметінде болған.

2018 жылғы 1 қарашадан қазіргі таңға дейін М.Әуезов атындағы ОҚУколледжінің директоры қызметін атқаруда. Оңтүстік Қазақстан тарихшылар менсаясаттанушылар қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 120-дан астам ғылыми,ғылыми-әдістемелік мақалалардың, оннан астам оқулықтар мен оқу құралдарының,екі монографияның, соның ішінде импакт-факторы бар шетелдік Халықаралық ғылыми басылымдарда жарық көрген мақалалардың авторы. Осы орайда қазақтың көрнектіжазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың біріЖүсіпбек Аймауытов туралы «Оңтүстік жастарын сауаттандыруға үлес қосқан Алашарысы», көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист СұлтанбекҚожанов туралы «Сұлтанбек Қожанов — «Ақ жол» газетінің алғашқы редакторы»,«Оңтүстікте айыпталған Алаш ардақтылары», көрнекті мемлекет және қоғамқайраткері, сыншы, көсемсөзші, ақын, аудармашы, ғалым Сейілбек Үсеновтің СәбитМұқановтың «Сұлушаш» поэмасына сыны», «С. Үсенов және «Әдебиет майданы», С.Үсенов туралы «Халық жауы» атанған қаламгер», «Алаш рухының жаршысы С. Үсенов»,Сейілбек және Әшірбек Үсеновтер жайлы «Қызыл қырғынның құрбаны болғанағайындылар», Сұлтанбек Садықбеков туралы «Саяси жазалаудың құрбаны болғанпарасатты педагог», «Соғыс жылдарындағы Шымкент», «Түркістан легионы» қатарында болған Оңтүстік қазақстандықтардың аянышты тағдырына қатысты «Тасада қалғантұтқындар тағдыры», «Түркістан легионында» тұтқында болғандар ақталатын мезгілжетті», Ұлы Отан соғысының ардагері Талқа Әуелұлы туралы «Жеңіс шеруінеқатысқан қазақ», тағы басқа еңбектерін ерекше атап өтуге болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылғанын бәріңіз жақсы білесіздер. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш зиялысының ұрпағы ретінде Сейдехан Әлібек бұл зерттеуге өзінің сүбелі үлесін қосуға ниеттенген. Осылайша ол ата-бабалары жөніндегі тың деректерді тарих беттеріне шығаруға белсене атсалысуда.

Парасатты педагог Сейдехан Әлібектің ел игілігі жолындағы, білім мен ғылымсаласындағы еселі еңбегі еленіп, «Қазақстан Республикасы Білім беру саласының Құрметті қызметкері» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен (2001 жыл), Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы және Шымкент қаласы әкімдерінің Алғыс хаттарыменмарапатталған. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанған. 2021жылы «Үздік ұстаз» республикалық тәуелсіз қоғамдық байқауының жеңімпазыатанған. Отбасылы, төрт ұл-қыздан бірнеше немере сүйіп отырған жағдайы бар.

Біздің бүгінгі кейіпкеріміздің М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстануниверситеті колледжінің директоры лауазымында атқарып отырған жұмыстары да ұшан-теңіздер едік. Арнаулы орта оқу орны 16 мамандық бойынша кадрлар даярлайды. Жоғарыбілікті тәжірибелі ұстаздар дәріс береді. Студенттердің сапалы білім алуы үшінбарлық жағдай жасалған. Оқу процесінде заманауи педагогикалық технологиялартиімді қолданылуда. Кітапханалар, оқу залдары, электрондық оқу залдары оларғатегін қызмет көрсетеді. Ғылыми ізденіс үйірмелер, шығармашылық студиялар,спорттық үйірмелер жастардың сабақтан тыс уақытын мазмұнды әрі қызықты өткізуіне септігін тигізуде. Оқу ғимаратына жақын орналасқан стадион, спортзалы мен жатақхана да студенттер игілігіне қызмет етуде. Мұның барлығыжастардың алаңсыз білім алуына игі ықпал етуде. Міне, осындай сан салалыпедагогикалық қызметтің бәріне сүйікті ұстазымыз жанды басшылық жасап жүргенібіз, жас мамандар үшін үлкен мерей, мақтаныш. Сөз соңында ұлағатты ұстаз,білікті басшы, танымал тұлға Сейдехан Нұрмаханұлы Әлібек ағайымызды Пайғамбар жасынатолуымен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр,шығармашылық табыс тілегіміз келеді.

 Қарлығаш ҮСЕНҚҰЛОВА,

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Ақпараттық білім беру орталығының кітапханашысы.

.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *