МАҚТАРАЛДА 563 АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНҒАН

Экономика Қоғам
213 Views

Биылғы жыл мақтааралдықтар үшін қуанышқа толы, жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылған жылыдесек болады. Оған дәлел, Түркістан облысы Мақтаарал ауданында бір емес үшбірдей жоба өз жұмысын бастап отыр. Бұл туралы аудан әкімі Бақыт Асановжурналистермен болған брифингте мәлімдеме жасады.

Үш зауыт құрылысына жалпы құны 3,6 млрд. теңге жұмсалған. Олардың бірі «Huayі Іnternatіonal Cotton Co» деп аталатын мақта талшықтарын өндірумен айналысатын заманауи жұмыс орны болса, іске қосылған келесі зауыт бетон өнімдерін өндірумен айналысады. Соңғы технологияның көмегімен тиімді әрі сапалы бетон өнімін өндіруді «EL-KZ 2020» ЖШС қолға алған.

Сонымен қатар, ауданнан ашылған жобалардың бірі «Мырзашөл құс» ЖШС деп аталады. Аталған кәсіпорындарға үш жүзге жуық жұмыссыз азаматты жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Осыған дейін айта кетейік, аудан бойынша қоғамдық жұмыс орындарына 2319 адам жұмылдырылып, соның ішінде 980 азаматқа тұрақты жұмыс табылған. Жастар практикасы аясында ауданның 604 жасы да жұмыс күшіне тартылды. Мұның барлығы «Нәтижелі еңбек жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» аясында орындалып отыр.

Өңірде жаңа идеяларды іске асырушыларда жоқ емес. Жаңа идеяларға арналған мемлекеттік грантты жеңіп алғандар бүгінде өз кәсібімен айналысуда. Нақтырақ айтсақ 563 аудан тұрғыны осылайша кәсіпкер атанған. Бұдан өзге өңірде жылыжай ұйымдастыру жұмыстары да қарқынды атқарылуда. Кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жоба аясында 40 отбасыға тиесілі жерлерден жылыжай беру ісі жоспарланған. Пилоттық жоба нәтижесінде әр отбасыдан кемінде 2 адам жұмыспен қамтылып, жалпы 80 жұмыссызға жұмыс беру көзделіп отыр. Ол үшін қазіргі таңда арнайы бизнес жоспар әзірленіп, ниет білдіруші азаматтардың нақты тізілімі жинақталып қаралуда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *