ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА ҚОНЫС АУДАРДЫ

мәдениет
1 854 Views

Шымкент қаласының әкімдігі жаңа ғимаратқа – «Нұрсәт» шағынауданы, Астана даңғылы, № 10 үйге қоныс аударды. Мұнда Шымкент қаласы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы мәслихатының аппараты, сонымен қатар 11 қалалық басқарма жайғасқан:

Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы.

Қалалық қаржы басқармасы.

Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы.

Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы.

Қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы.

Қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

Қалалық құрылыс басқармасы.

Қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

Қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасы.

Қалалық ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы.

Қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы.

Ал, алты қалалық басқарма өздерінің бұрынғы орнында қалған:

Қалалық білім басқармасы.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

Қалалық дене тәрбиесі және спорт басқармасы.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.

Ә. ҚАҢТАРБЕК.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *