МЕНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰСТАНЫМЫМ

Білім
796 Views

Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға – ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымның ұлысы – ұстаз.

Елбасымыз Н.А. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай: «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар, жасөспірім ұрпағы, өйткені, олар – біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» – дегені бәрімізге мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға.

Мамандықтың бәрі жақсы десек те, ұстаз орны ерекше. Әрине, бәрі емес, бала жанымен біте қайнасқандары ғана. Ұстаздықты бар ұлағаттың басы деп білетіндердің ғана орны – «Білім ордасы». ЖОО араларындағы педагогикалық мамандықтар даярлайтын оқу орындарын «Білім ордасы», ал профессор-оқытушы құрамын ұстаздардың «Ұлы ұстазы» – десек артық айтпаған болармыз.

SILKWAY Халықаралық университетінің футбол командасы (сары киімдегілер), Қазақстан ЖОО арасындағы 2015 жылғы универсиада алтын медалистері – чемпионы, 2016 жылғы Азиалық универсиаданың қола жүлдегері – 3 орын.

Ұстаздық жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты қажет ететін мамандық. Ұстаз еңбегі, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім береді, үнемі шәкірттермен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген балаға жауапкершілік етеді.

Бүгінгі ұстаз балаларға ғылым негіздерінен мәлімет беріп, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ұстаз ұлағаты өзінің жайдарлы мінезі, біліктілігі, сабырлығы, шыншылдығының арқасында өнеге болып жүреді, шебер ұстаз болу үшін уақыт пен ыждағатты еңбек ету керек, сондықтан қазіргі таңда үлкен тәжірибеге ие болу жас мамандардың басты мақсаттарының бірі.

SILKWAY Халықаралық университетінің құрылтайшысы Рано Юнусова ханым, Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, т. ғ. д., профессор Абдуалы Асқар Бегәділұлы, Б. Момышұлы атындағы ішкі істер оқу орталығының директоры, п. ғ. д., профессор Тойлыбаев Бекайдар Адамбекұлы университеттің «Достық» спорт кешенінің салтанатты ашылу сәтінде (30.03.2017 жыл, университеттің 25 жылдық мерейтойы кезеңі).

Бүгінгі таңда қоғамда мәні күмән тудырмайтын қоғамдық құндылықтар қалды және осындай құндылықтардың бірі – бұл дене шынықтыру мен спорт. Жеке тұлғаны қалыптастыру процесінде бұл құндылықтың маңызы өте зор және «Денсаулық – терең байлық», «Дене саулығы – рух саулығы» – деген мақал бекер емес. Алайда, қазіргі уақытта дене шынықтырудың таралуына қаржыландырудың болмауы, отырықшы өмір салты, бұқаралық ақпарат құралдарында аз жариялау сияқты кедергілер жетіп артылады. Мұның бәрі физикалық жетілу тұрғысынан жастардың қызығушылығын қалыптастыруға кедергі келтірері анық.

Бұл проблема барлық колледждер мен университеттердің студенттері үшін өзекті, өйткені дәл осы уақытта және осы жаста салауатты өмір салтының негіздері қалыптасып, қаланады. Ал дене тәрбиесі әрқашан басым бағыт бола бермейді және әрқашан бастапқыдай қаланбайды.

Сонымен қатар, бұл олардың жалпы физикалық және психикалық жағдайына айтарлықтай зиян келтіреді. Әсіресе колледжде немесе басқа жоғары оқу орнында оқу кезеңіне сәйкес келетін жеке тұлғаны қалыптастыру процесіне теріс әсер етуі мүмкін.

Осы уақыт аралығында дене шынықтыру ұғымын оқушының физикалық дамуының, оның денсаулығы мен психикасының және «Дене шынықтырудың» жиынтығы ретінде қарастыру қажет. Бұл тақырыптың өзектілігі әлеуметтік және атап айтқанда, жастар саясатының жаңа бағытынан туындайды. Онда басты маңыз «Қоғамды сауықтыру» және салауатты өмір салтының барлық бағыттарына беріледі.

Соған қарамастан, спорттың дамуы мен дене шынықтыруды насихаттаудың тиісті деңгейінің болмауы никотинге тәуелділік, алкоголизм, оның ішінде «Сыра алкоголизмі», нашақорлық сияқты «Қоғам ауруларының» көбірек таралуын тудырады деген пікір бар. Негізінен жастар арасында. Сондай-ақ, демографиялық, яғни елдегі экономикалық жағдайдың халықтың дене шынықтыру деңгейіне тікелей тәуелділігі туралы пікірлер айтылады. Дене тәрбиесінің жоғары оқу орындарында оқу процесінде тұлғаны қалыптастыру процесіне әсерін зерттеу және кәсіби қызметті таңдау үшін адамның физикалық жағдайы мен денсаулығын жақсарту міндетін қоятын тұрақты және уақытша жағдайларды ескеру қажет. Соңғысы дене шынықтырудың мәні мен рөлін қарастыруды қамтиды.

Спорт пен дене тәрбиесі – бұл тек салауатты өмір салты ғана емес, сондай-ақ, жалпы қалыпты және салауатты өмір. Ол күштер мен таланттарды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл саналы адам өмір сүрген өмірді жемісті ету үшін өзіне және басқаларға қуаныш әкелетін жол. Өмірдің прогрессивті ырғағы физикалық белсенділік пен дайындықты қажет етеді. Өмір бойы біздің иығымызға түсетін барлық жүктемелер дене шынықтырумен айналысу арқылы қол жеткізуге болатын жоғары физикалық жетілдіруді қажет етеді.

Дене шынықтыру мен спорттың адам денсаулығы, дамуы және жалпы жағдайы үшін маңыздылығын асыра айту қиын. Ерте жастан бастап ата-аналар, мұғалім-оқытушылар, бұқаралық ақпарат құралдары – радио және теледидар – баланың физикалық белсенділігінің ерекше пайдалылығын шабыттандырады және растайды. Балаларды спортпен белсенді айналысуға шақырады. Дәл осы жаста спорт, әдетте, өсіп келе жатқан ағзаның дұрыс және үйлесімді дамуын қадағалайтын тәжірибелі жаттықтырушылар мен мамандардың бақылауымен өтуі қажет.

Сондықтан, мектеп оқушыларын, студент жастарымызды «Қоғамды сауықтыру» проблемаларын ескере отырып, біздер ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек.

Қазақстанның оңтүстік өңірі, Шымкент қаласындағы SILKWAY Халықаралық университеті, еліміздің егемендігімен қатарлас дамып келе жатқан жоғары оқу орындарының 30 жылдық тарихы бар білім ордаларының бірі. Осы жоғарыда аталған кемшіліктердің болмауы үшін біздің университетте жоғары білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипатын насихаттау мен принциптерін орындауды жоғары дәрежеге қойған оқу орны. Атап айтқанда:

білім берудің ізгілік сипатта болуын сақтау;

білім беру жүйесінің ұлттық мәдениеттерді және салт-дәстүрлерді сақтап, университет тарапынан насихаттау;

білім берудің жалпыға бірдейлігін сақтау;

білім берудің зиялылығын сақтау;

білім берудегі еркіндік пен плюрализмді сақтау;

білім берудің демократиялық сипатта болуын сақтау;

білім беру жүйесінде студент – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, таңдаған спорт және өнер түрлерімен шұғылдануға максималды қолдау көрсету.

Бір айта кететін жағдай, мен өзім осы SILKWAY Халықаралық университетіне басқа ЖОО-нан 2016 жылы ауысып келгенмін. Осы уақыттан бері университет әкімшілігі, атап айтқанда университет құрылтайшылары мен президенті Ифтияр Бахтиярұлы Юнусов мырза осы ЖОО-ның өркендеуіне, оқу процесімен студент жастар өмірін жақсартуда, профессор-оқытушы құрамының қызмет бабына көңіл бөлумен қатар материалдық және моральдық жағдай жасалып жатқандығына көзім жетті.

Жыл сайын жаңа оқу жылында студенттерге төлем ақымен көмек көрсетіледі. Студенттер арасынан: жетім балаларға, жартылай жетім балаларға, спортшыларға (Қазақстан чемпиондары, Азия призерлары мен чемпиондары, Әлем призерлары мен чемпиондары, Олимпиада призерлары мен чемпиондары), оқу және өнер конкурстарының жеңімпаздарына оқу төлемақысы есебінен 20 пайыздан 100 пайызға дейін жеңілдік жасалады. Қыркүйек айының орта белінде кемінде 200-300 студент университет президентінің бұйрығымен осы жеңілдіктерге ие болады.

Осы университетіміздің, «Жаратылыстану – шығармашылық» факультетінің, «Дене шынықтыру және әскери дайындық» кафедрасының профессор – оқытушы құрамындағы ұстаздарға тоқтала кеткім келеді, олар – п.ғ.д., профессор Б.А.Тойлыбаев; п.ғ.к., профессор Д.Б.Биданов; п.ғ.к., доцент М.Ш. Артықбаев; Қазақ ССР-на еңбегі сіңген жаттықтырушы, доцент м.а. А.И. Амидов; п.ғ.к., доцент М.А. Гренадерова; п.ғ.к., аға оқытушы А.Қ. Демеуов; Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, аға оқытушы Д.К. Жарменов; магистр, аға оқытушы Б.Ж. Байдиллаев; магистр, аға оқытушы Ғ.А. Өтегенов; магистр, аға оқытушы А.С. Нурышева; магистр, оқытушы Н.Р. Таджимуратов; аға оқытушы М.Т. Тұрсынбеков; аға оқытушы Е.Д. Камалов; аға оқытушы Б.Т. Балхашов; магистр, оқытушы Г.М. Анарметов; оқытушы А.Р. Юсупов; оқытушы У.К. Жаксылыков; оқытушы И.К. Полатов. Осы аталған білімді де білікті ұстаздарымыздың арасында Қаз. ССР-на ЕСЖ, доцент м.а. А.И. Амидовтың педагогикалық ғылыми еңбектері – 2018 жылы 1) «Спорт өнерінің тарихы, түрлері және терминдері // История, виды и термины спортвного искусства» атты монографиясы, 2020 жылы 2) «Таңдап алған спорт түрлерінің теориясы мен әдістемесі», 3) «Бокс спортының негіздері», 4) «Спорт психологиясы» 6В01402 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтарына, 5) «Тактикалық дайындық», 6) «Саптық дайындық» 6В01401 – «Бастапқы әскери дайындық» мамандықтарына арналған және п.ғ.к., доцент М.А. Гренадерованың 1) 2017 жылы, шағын жинақталған «Методика преподавания гимнастики в школах», 2) 2019 жылы, «Педагогическая и психологическая компетентность специалистов в области физической культуры и спорта» жарық көрген оқу құралдары университетіміздің АББО қорына оқу-әдістемелік құралдары ретінде енгізілген.

Біздің университетте студенттік тұрмыстық жағдай, дене шынықтыру және спорт бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Екі спорт кешені:

Бірінші «Манеж» спорт кешені:

— жабық футбол алаңы (40м. х 80м.);

Үш қабатты ғимаратта. Үшінші қабатта:

— теориялық сабақтарға арналған екі аудитория;

— үстел теннисі бойынша практикалық сабақтарға арналған аудитория;

— шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ бойынша практикалық сабақтарға арналған аудитория;

Екінші қабатта:

— жуыну кабиналары бар екі киім шешетін бөлме (ерлер және әйелдер);

— теориялық сабақтарға арналған аудитория;

Бірінші қабатта құрылысы аяқталмаған үш шағын спортзал:

— бокс секциясы үшін;

— кикбоксинг секциясы үшін;

— күрес секциясы үшін;

Екінші «Достық» спорт кешені: дене шынықтыру бойынша практикалық сабақтар өткізуге, сондай-ақ бұқаралық – спорттық іс — шаралар өткізуге арналған:

— шағын футбол, волейбол, баскетбол ойнауға арналған спорт алаңы (шағын футбол, волейбол, баскетболға арналған қондырғысы бар);

— жанкүйерлерге 350 орынға арналған көрермен залы;

— жарысқа қатысушыларға арналған 150 отыратын орын;

— жуынатын бөлмелері және дәретханасы бар екі киім шешетін бөлме (ерлер мен әйелдер);

Студент-жастарға арналған көп қабатты 500 орындық жатақхана іске қосылған (2018 -2019 оқу жылында)

SILKWAY Халықаралық университетінің құрылтайшы басшылары және президенті Ифтихар Бахтиярұлы Юнусов мырза «Педагогикалық ынталандырудың экономикалық әдістерін» өте жоғары дәрежеге қойған. Бұл «Әркімнің қабілетіне, еңбегіне қарай» жасалған маңызды ұстаным.

Еліміздегі заман талабына қарай, 2021 жылдың наурыз айында университет президенті И.Б. Юнусов мырзаның бұйрығы шықты, жария етілді: «Ғылым докторларына 100 000 теңге, PhD-ларға 70 000 теңге, ғылым кандидаттарына 50 000 теңге айлықтарына ай сайын төлемақы қосылсын» – деген. Меніңше Университет президентінің жоғары дәрежеде жасап жатқан «Педагогикалық ынталандыру» жұмыстары өзіміздің жас педагог мамандарымызды ғылыми және педагогикалық қызмет дәрежелерін көтеруге жол ашатынына күмән жоқ.

Ақын М. Дулатов: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда…, Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман» – деген екен. Ендеше, егемен еліміздің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын шәкірттеріміздің ізгі сарайын оқумен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру – біздің, SILKWAY Халықаралық университеті ұжымы үшін үлкен бақыт!

А.И.АМИДОВ,

SILKWAY Халықаралық университеті,

«Жаратылыстану-шығармашылық» факультеті,

«Дене шынықтыру және әскери дайындық» кафедра меңгерушісі,

Қазақ ССР еңбек сіңірген жаттықтырушысы,

доцент м.а.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *