НЕКЕНІ ТІРКЕТУДІҢ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРМЕЙДІ

Қоғам Құқық
204 Views

«Азаматтарға арналғанүкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалында АХАТ қызметі Мемлекеттік корпорацияға өтуіне байланысты шымкенттіктердің қалай некеге тұратыны түсіндірілді.

1 шілдеден бастап АХАТ функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтуіне қарамастан, некені тіркеуге өтініштерді қабылдау, өңдеу, сондай-ақ, шешімдер қабылдау және нәтижелерді беру АХАТ бэк-офисінде жүзеге асырылады.

«Некені тіркеу туралы өтінішті бұрынғыдай, АХАТ бөліміне 15 күн алдын тапсыруға болады. Бірақ неке қиюды «ескі әдіспен» тіркеуден бөлек, egov.kz электронды үкімет порталы арқылы өтініш берудің ыңғайлы жолы бар. Сонымен қатар, жас жұбайлар өтініш берген кезде некені салтанатты түрде немесе әдеттегі түрде қию жолдарын таңдай алады», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Дәрімбет Бәйімбетов.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету, атап айтқанда туу мен өлімді тіркеу бойынша қызметтерге төлем ақы алынбайды. Ақылы қызметтерге келетін болсақ, Мемлекеттік корпорация ҚҚС төлеуші болып есептеледі. Сондықтан қосымша құнына салық қосылатын болады.

Айта кетейік, мүмкіндігі шектелу жандар азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша қызмет ақысынан босатылады.

Сондай-ақ, АХАТ қызметтерін тек тіркеуші органның қызметкерлері көрсететін болады. Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің, оның ішінде ХҚКО операторларының АХАТ ақпараттық жүйесіне қол жеткізу мүмкіндігі болмайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *