НЕСИЕСІН ЖАБА АЛМАҒАН АДАМ НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК?

Қоғам Құқық
407 Views

Несиесінің айлық төлемін жаба алмаған адам ең алдымен банкке барып, өтініш жазуы керек. Өтінішті төлемді кешіктіріліп бастаған күннен бастап 30 күннің ішінде беру қажет. Осылай дейді fingramota сарапшылары.

Өтініште төлемді неге кешіктіргеніңіз және төлей алмау себебіңіз не – соны түсіндіріп жазыңыз. Соған байланысты жеңілдік беруін өтініңіз. Жеңілдіктің мынандай түрлері бар:

— Пайызды төмендету;

— Займ валютасын өзгерту;

— Негізгі қарыздың пайызы мен төлемін уақытша кейін қалдыра тұру;

— Қарызды төлеудің амалын өзгерту;

— Келісімшарттың уақытын ұзарту не қысқарту;

— Қарызды кешіру, пайызды азайту.

Банк өтінішті 15 күнде қарап, жауабын береді. Несие беруші ұйым өтінішті қабылдап, басқа бір жеңілдіктерді ұсынуы мүмкін. Не қабылдамауы да ғажап емес.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *