ОҚУ ОРДАМЫЗДАҒЫ ОҢТАЙЛЫ ТІРЛІК

Білім
78 Views

Бүгінгі таңда жас ұрпақтың жоғары білімге ие болуы мен келешекте қоғамдаөзінің тиянақты жұмыс орнын табуы ең өзекті мәселелердің біріне айналыпотырғаны сыр емес. Еліміздің келешегі үшін өскелең ұрпақтың алар орны ерекше екенінтерең түсіну әрбіріміздің басты міндетіміз деп ойлаймын. Кез келген ел өзініңкелешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Бүгінгі күнде еліміздің үштен бірбөлігін құрайтын жастар келешек қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратынстартегиялық мақсаттарды жүзеге асырушысы екені мәлім. Егеменді ел болып еңсемізді көтерген уақытымызда қолға алар басты тірлігіміздің бірі ұрпақтыңтәрбиесі мен олардың білімді болып жетілуіне қосар үлесіміз болуы тиіс.Халқымыздың болашағы мен биікке өрістеуі өсер жастың келешегінде екенін тереңұғынуымыз шарт. Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтындүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе.Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Алжастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, елдігіміз бенұлтымыздың сақталып қалуы екіталай дүние болмақ.

Қай ғасырда, қай дәуірде болсын ұлт өмірін өркендетуші саналы да салауатты,ұлтжанды, рухы биік парасатты ұрпақты тәрбиелеу – қоғам алдындағы бастыміндеттердің бірі. Осы орайда, келешектің үздік маманы, еңселі елдің ертеңіболар азаматтарға білім беруде Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтардостығы университетін атап айтсақ, артық айтқан болмаймыз. Себебі, аталмышуниверситетте білім алушы жастар үшін барша мүмкіндіктер жаратылған. ҚазақстанРеспубликасының ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасыаясында Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің 25жылдығына орай Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша орта білім берумектептерінің бітіруші 11-сынып оқушылары арасында «Академик Ә.Қуатбеков -халықтар достығы университетінің негізін қалаушы» тақырыбында университетіміздіңбарша оқу бағдарламалары бойынша пәндік олимпиада болып өтті. Солардың алғашқылары болып университетіміздің «Филология» кафедрасының «Қазақ тілі жәнеәдебиеті» мен «Орыс тілі және әдебиеті» оқу бағдарламасы бойынша пәнолимпиадасы ақпан айының 12-жұлдызында жоғары дәрежеде өткізілді.

Пән олимпиадасын өткізуде кафедрамыз оқытушы-профессорлары тарапынан арнайыкомиссия құрамы түзілді: комиссия төрағасы «Филология кафедрасы меңгерушісі»ф.ғ.к. доцент Қайырбекова Ұлбосын Серікқызы, «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнібойынша комиссия мүшелері: ф.ғ.к. Қожахметов Бектай Қалиұлы, аға оқытушыТотанов Нұрлан Қарсыбайұлы, магистр аға оқытушылар Дүйсембаева МеруертЕлесханқызы, Айтенов Ержан Еркебайұлы, Алшынбеков Қазақбай Өткірұлы «Орыс тіліжәне әдебиеті» пәні бойынша комиссия мүшелері: аға оқытушылар Кадирова Ирина Анатольевна, Мирзамсеитова Камила Ералиевна, Шурменова Нұрсулу Кайыркешқызы,Аден Ұлжан Тастанбекқызы сынды өз маманының жетік ұстаздары тарапынан түзілгенкомиссия құрамы.

«Қазақ тілі және әдебиеті» мен «орыс тілі және әдебиеті» пәндері бойынша пәндік олимпиадаға Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша жалпы оннан аса ЖББ мектептерінен сексенге жуық 11-сыныпты бітіруші оқушылар қатысты. Олимпиада негізгі 2 басқышта өткізілді: І басқыш «қазақ тілі мен қазақ әдебиеті тарихы» және «Орыс тілі және орыс әдебиеті тарихы» пәндерінен тест, ІІ басқыш еркін тақырып бойынша эссе жазу. Олимпиада барысында комиссия мүшелерінің өзара келісіп ұйғаруымен оқушылардың оқу-білімге деген ынта-жігерлерін арттыру мақсатында 1 бірінші орын, 2 екінші орын, 3 үшінші орын және ынталандыру алғыс хаттарымен марапаттауды дұрыс деп қабылдай отырып жеңімпаз оқушылар университетіміздің «Кәсіби бағдар беру және маркетинг бөлім басшысы» г.ғ.к. доцент Мамадияров Марат Дүйсенұлы басшылығында университетіміз ректоры м.ғ.д профессор Рабиға Әбдімұсақызы Қуатбекова атынан І-ІІ-ІІІ дәрежелі дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды.

Атап айтар болсақ «Қазақ тілі және әдебиеті» мен «Орыс тілі және әдебиеті» пәні бойынша:

1-орынға Кулбекова Розиябану, №21 А.П. Чехов атындағы ЖББМ, Никитиной Таисия, №10 Ақпан батыр атындағы ЖББМ;

2-орынға Махсутова Алия, №21 А.П. Чехов атындағы ЖББМ, Сейітжанқызы Ақниет, №10 Ақпан батыр атындағы ЖББМ, Яцуба Анастасия, №10 Ақпан батыр атындағы ЖББМ, Бүркітбай Әсемай, Түлкібас ауданы «Жанкент» ЖББМ;

3-орынға Таукеш Аружан, №138 ЖББМ, Алдиева Ақерке, №138 ЖББМ, Отарбай Дана, №10 Ақпан батыр атындағы ЖББМ, Баратова Балнұр, №2 Әлихан Бөкейханов атындағы ЖББМ, Елтаева Амина, №2 Әлихан Бөкейханов атындағы ЖББМ, Бекзат Мөлдір, Түлкібас ауданы «Жанкент» ЖББМ сынды оқушылар ие болса, ынталандыру орындарына Өмірәлі Аяулым, Қасым Бейбіт, Шынарбек Балнұр, Дәрмен Рахат, Серікбай Жанна ие болды.

Қазақтың қанатты сөздерінің бірі «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» дегендей олимпиадаға өз шәкірттерін белсенді түрде қатыстырып қолдау көрсетіп мектептерден келген бірқатар ұстаздарымыз: Алдиева Гүлмира Алпысбекқызы, Серікұлы Ержан, Тасова Айсұлу Уразбайқызы, Сералиева Элмира Айтжанқызы, Тұрсын Сымбат Сағатқызы, Амангелдиева Нұрбике Булатхановна, Досаева Ұлбала Төлегеновна, Талдықұлова Алия Зиябековна, Сапарғалиева Балхия Нұржановна, Есімханова Индира Жусанбаевналарды.

Университет ректоры м.ғ.д. профессор Рабиға Әбдімұсақызы тарапынан алғысхаттармен марапатталғанымен шынайы құттықтаймыз. Пәндік олимпиада барысындамектепті бітіруші сынып оқушылары университетіміздің кітапхана, музей, зертханаларымен танысып оқу орнының 25 жылдық тарихы мен келешектегі алдынақойған мақсаттары жайлы терең мәліметке ие болды.

Қорыта айтқанда, пәндік олимпиаданың «Филология» кафедрасы тарапынан өткізілуіне белсене атсалысқан барша профессор-оқытушылар мен университетіміздің «Кәсіби бағдар беру және маркетинг бөлім басшысы» г.ғ.к. доцент Мамадияров Марат Дүйсенұлына шынайы алғысымызды білдіре отырып, айтар ойымның қорытындысын «Жастарға» атты өлең жолдарыммен түйіндегенді жөн көріп отырмын.

ЖАСТАРҒА

Еліміздің келешегі жастарым,

Мықты болсын алға қадам тастарың.

«Білімді жан мыңды жығар» деген ғой,

Көпті көрген, көне көзді қарттарым.

Білім-ғылым өміріңнің шырағы,

Ал білімсіз болмас еңбек тұрағы.

Мақсаты мен ниеті бар балаға,

Мәңгі ашық білімдіктің бұлағы.

Болсын сенде талпыну мен талаптар,

Алда талай кездеседі сынақтар.

Сынақтардан өтем десең сүрінбей,

Біліміңді жас кезіңде қалап қал.

Бүгінгі жас ертеңгінің тірегі,

«Ел» деп соқса ары менен жүрегі.

Білімділер белестерден, биіктен,

Бір сүрінбей емін-еркін өтеді.

Солай екен, жастар болсын саналы,

Ажырата алатын ақ пен қараны.

Білімді жан қандай асу болса да,

Бойсындырып бағындыра алады.

Өмір мынау түсінгенге қас-қағым,

Сол өмірде адал қадам тастағын.

Тілейтінім Жаратқаннан бір ғана,

Аман болсын өсер ұрпақ жастарым.

Нұрлан Қарсыбайұлы ТОТАНОВ,

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті,

«Филология» кафедрасының аға оқытушы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *