СОТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЖЕТІ ЖОБАСЫ

Құқық
953 Views

Облыстық сотта БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі құрам жетекшісі Т.Смайлова және үйлестіруші-судьялар – Б.Байдуллаев пен В.Мирошников БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Іс-шара барысында тілшілерге Жоғарғы соттың сот жүйесін жаңғырту бағыты бойынша 7 жобасы түсіндірілді.

«Жоғарғы сот Төрағасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы өкімімен Жоғарғы соттың 7 басымды жобасы, сонымен қатар оларды жүзеге асыру бойынша жұмыс топтарының құрамы бекітілген. Жұмыс топтарына сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша концептуалдық ұсыныстарды әзірлеуді қамтамасыз ету тапсырылған. Одан әрі даму мақсаты болып сот төрелігіне сенімді арттыру және сот төрелігінің әділдігін, оның жауапкершілігін және тәуелсіздігін, сот шешімдерінің жоғары сапасын және судьялардың біліктілігін арттыру арқылы Құқық үстемдігін қамтамасыз ету анықталды. Жұмыстың басымдығы болып «Қазақстан – 2050», «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру болып табылады», – деді Т.Смайлова.

  1. Мінсіз судья. Мақсаты: Тәуелсіз сот төрелігінің халықаралық стандарттары негізінде қазақстандық қоғамның сұранысына сай жоғары кәсіби сот корпусын қалыптастыру.
  2. Үлгілі сот. Мақсаты: 2020 жылға дейін сот төрелігі жүйесіне халықтың сенімін арттыруды қамтамасыз ететін соттарды басқарудың тиімді жүйесін құру.
  3. Әділ процесс. Мақсаты: Әділ және бірізді сот тәжірибесін құруды, процестік әрекеттердің ашықтығын және оңтайландыруын, сот рәсімдерінің жеделдігін және жариялылығын қамтамасыз ету.
  4. Е-СОТ. Мақсаты: Сот жүйесінің ІТ-қызметіне жоғары қанағаттанушылық деңгейіне жету.
  5. «Оңтайлы орта» бағдарламасы шеңберінде Жоғарғы соттың коммуникациялық стратегиясы. Мақсаты: Халықтың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғам мен соттар арасындағы тиімді қарым-қатынасты орнату.
  6. Сапалы нәтиже. Мақсаты: Сот актісінің беделін, сот ісін жүргізуге қатысушылардың сотқа жүгіну нәтижесімен қанағаттану деңгейін көтеру.
  7. Сотсыз татуласу орталығы. Мақсаты: Қоғамдағы даукестік деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту және халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін орталықтарды құру.

 

*   *   *

Брифинг барысында БАҚ өкілдеріне сот жүйесіндегі өзге де жаңашылдықтар жайында, облыс соттарында қаралып аяқталған және қаралу барысындағы қоғамның қызығушылығын тудырған немесе тудыруы мүмкін жекелеген істер бойынша комментарийлер берілді.

2018 жылы 1 қаңтар күні кешкі сағат 19.30 шамасында Түркістан қаласындағы, Найманбай батыр және Исабеков көшелерінің қиылысында Ербол Макулбеков бұрынғы заңды некедегі болған зайыбы Акмарал Найзабековамен кездесіп, өздерінің балалары 2010 жылы туған Жасұлан Берістем мен 2012 жылы туылған Айжан Берістемнің көздерінше жерден тас алып, аса қатыгездікпен, жәбірленуші А.Найзабекованың бас тұсынан ұрып құлатып, өзімен бірге алып келген асхана пышағын шығарып, мойын аймағын кесіп, вена мен артерияларды зақымдап, қасақана қаза келтірген деп, оған ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағымен айып тағылған.

Бұл ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түсіп, алдын ала тыңдауы өткізіліп, басты сот талқылауы тағайындаған. Іс қаралу үстінде.

 

*   *   *

2016 жылдың 25 желтоқсаны күні сағат 12:00 шамасында сотталушы Расыл Әбен Мақтаарал ауданына қарасты «Дархан» елді мекені Жаңақұрылыс көшесінің бойында орналасқан азамат Ш. Елмуратовтың үйінің маңында, араларында бұрыннан қалыптасқан бас араздық және сол күні орын алған өзара жанжал, сондай-ақ оны өзінің туған ағасы сотталушы Шаукат Абенов: — «Осылай таяқ жеп жүре бересің бе, пышақтап тастамайсың ба?» деген сөздер айтып, осы аса ауыр қылмысты жасауға тікелей пиғылда қасақана айдап салуы салдарынан көрсетілген елді мекен тұрғыны жәбірленуші Б. Файзиевтің сол жақ бұғана, сол жақ иық үсті және сол жақ иық аймақтарынан бірнеше рет асханалық пышақпен соққылар беріп, оған адамдар тобы құрамында құққа қарсы қасақана қаза келтірген.

ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2018 жылғы 11 қаңтардағы үкімімен Р.Әбен Қазақстан Республикасы ҚК 99 бабы 2 бөлігінің 7 тармағымен және Ш.Абенов Қазақстан Республикасы ҚК 28 бабының 4 бөлігі, 99 бабы 2 бөлігінің 7 тармағымен, әрқайсысы 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған, Бахытжан Есиркепович Кошкаров Қазақстан Республикасы ҚК 28 бабының 5 бөлігінде, 99 бабы 2 бөлігінің 5, 7, 9, 11 тармақтарында, 293 бабы 2 бөлігінің 1 тармағында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша оның бұл қылмыстарды жасаған кінәсі дәлелденбегендіктен, ақталған.

Қазіргі таңда қылмыстық іс ОҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында қаралуда.

 

*   *   *

Қаратау аудандық соты Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабының 3-бөлігімен айыпталған Жандос Оразалиевке қатысты №1-41/18 қылмыстық іс 2018 жылы 7 ақпанда Астана қаласы бойынша Сараптама институтына қайталама сараптама тағайындау үшін жолданылған. Астана қаласы бойынша Сараптама институтында қайталама сараптама жүргізетін сарапшының болмауына байланысты аталған қылмыстық істі кері қайтарған. 2018 жылы 26 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша сараптама институтына қайталама сараптама тағайындау үшін жолданғанын хабарлайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *