ТАРИХТЫҢ ТАҒЫ БІР ҚҰПИЯСЫ…

Туған жер
1 520 Views

Уақыт алға озған сайын қасиетті жерлер құпия сыры алуан тылсым дүниеге, тарихи дара тұлғалар күшті рухқа айналып, көпшілік оларды әулие ретінде танитыны да шындық. Тәңірінің нұры түскен, пір тұтқан,ата-бабаларының әруағы жайлаған киелі орындарға адамдар өздерінің наным-сенімдеріне сәйкес арнайы барып, зиярат етіп жатады.

Сауапты да пайдалы істің жалпыұлттық идея, бүкілхалықтық және халықаралық қозғалыс болуға құқығы бар демекші, Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Өтеміс тұрғын алабында тұратын еңбек ардагерлері – Еркебай Қаратаев, Сапар Рузденов, Гүлнара Ахбердина, Мағиза Құмарқызы, Өмірбек Үсенбеков, Тілеубек Өмірзақов, тағы басқалар Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласы аясында, мыңдаған жылдар бойы елеусіз келген Жүсіп Пайғамбардың мазары (Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Өтеміс тұрғын алабына жақын жерде орналасқан) басына салынатын ғимараттың порталы және бірнеше күмбезі болуын, оның орталық бөлмесінің төңірегінде түрлі мақсатқа арналған бөлмелер, сонымен қатар жамағат залы, қабірхана, асхана, құдықхана және құжыра бөлмелерден тұратын, діни-ғұрыптық, діни-ағартушылық, тұрмыстық-салттық қызмет түрлерін атқаруға аса күрделі де алып кешенді құрылыс болуымен ерекшеленуін немесе ғаламат зәулім ғимарат болмаса да үлкен порталды-күмбезді құрылыс, яғни, еңселі мемориалды кешен, тағы басқалар орнату керектігін айтып Шымкент қаласы мен Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысының әкімдеріне және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныс өтінішхат жолдаған болатын…

Жүсіп Пайғамбардың мазары орналасқан аймағы ғылыми, тарихи және мәдени құндылығы зор екенін ҚР БҒМ Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, академик Бауыржан Байтанаевтың 2018 жылы 21 ақпанда жолдаған №54/20-81 хаты дәлел бола алады.        Яғни 1925 жылы аты әлемге әйгілі болған Михайл Евгеньевич Массон (профессор, академик, тарих және археология ғылымдарының докторы) Жүсіп Пайғамбардың мазары туралы «Көне Сайрам» атты мақаласында өз тұжырымын айтып кеткен екен. Жүсіп Пайғамбар мазарының орналасқан орнын анықтау үшін тереңдетілген аймақтық археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу қажеттігін алға тартқан. Осы көрсетілген мәлімет жазба дерегі бар, нақтыланған мәлімет, яғни дәлелденген мәлімет.

Келесі кезекте Әлкей Марғұлан атындағы археология институты Астана қаласындағы филиалының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Самашев ағымдағы жылдың ақпан айында Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың арнайы шақыруымен Шымкент қаласына келіп, сондағы Жүсіп Пайғамбар мазары орналасқан тарихи-мәдени және имани-рухани құндылығы зор өңірмен танысты. Тарихи-мәдени сараптама негізінде — көне некропольді зерттеудің материалдары оның хронологиясын айқындайды және отыз бес ғасырлық жерлеу рәсімін бағамдау арқылы, алғашқы мазардың орналасқан жерін анықтайды, сонымен қатар сол аймақтағы Сайрам (Испиджаб) – Махмуд ата Шейх, Ибрагим Ата; Мәртөбе, Тақиятөбе, Ақ Ата (Шагабуддин Испижаб — Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы), ұлы «Жібек жолы» мен көне «Аққаланың» салынған уақытын дәл анықтауға бірден-бір негіз болады.

Ағымдағы жылғы 1 наурызда облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының жанынан құрылған өңірдегі қасиетті жерлердің тізімін қалыптастыруға ұсыныстар әзірлейтін жұмыс тобының отырысы өтіп, Жүсіп (Иоша) Пайғамбар мазары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жергілікті маңызы бар діни және ғибадат ету орыны болып табылатын қасиетті, киелі жерлердің алдын-ала тізіміне енгізілді. Ендеше, түймедей ғана археологиялық олжа тарих тұңғиығының осыншама сырына кілт болып отыр. Мәдениетті темір жәшікке сақтауға, немесе, құпия қоймаға тығып қоюға болмайды. Кез келген мәдени үрдіс әрбір ұрпақтың бойы мен ойында, арманы мен мұратында жатуға тиісті. Мәдениеттің өмір сүру тәсілі осы.

Қазір Қазақстанға, оның ішінде Шымкент қаласына, яғни Жүсіп Пайғамбар мазарына жер жүзінің мұсылмандары мен жұртшылығы айрықша назар аударып отыр. Негізінде Алланың жердегі Елшісі Жүсіп Пайғамбарымыздың адамзатқа көрсеткен үлгі-өнегесін насихаттау, өмірбаянын халыққа таныстыру оңай болу үшін Құрандағы 12 сүреге (111 аят) сүйене отырып, қысқа әрі нұсқа баяндайтын шығармалар дүниеге келді. Татарстан кинорежиссерлері көпсериалы фильм түсіріп, оны төрткүл әлемге таратып, осылай Ислам дінін насихаттап жатыр. Ал, Шымкент опера және балет театрының жас әншісі Айбек Қанатбек Жүсіп Пайғамбар туралы жазылған «Нартөбе» атты шығарманы Шымкент қаласының сахналарында орындап жүр.

Пайғамбардың аты қашанда Пайғамбар. Жүсіп пайғамбар мазарының басына мавзолей (комплекс)-кесене тұрғызу – перзенттік парызымыз болмақ. Осы мақсатта уәкілетті органдардың ұсынысымен «Сайрам-Мәртөбе» қоғамдық қордың Жарғысы Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысының Әділет департаментінде тіркеліп, «Сайрам-Мәртөбе» қоғамдық қоры құрылды…

Негізінде адамзат тек қана кешегісімен ғұмыр кешпейді. Ол бүгінгі күн үшін, болашақ үшін хал-қадірінше жанын сала еңбек етіп, іс-әрекет жасап, із қалдырады. Олай болса, Орталық Азия аймағы тіршілігінде және бүкіл Ислам әлемінде Жүсіп Пайғамбар мазарының дүниежүзілік діни және ғылыми, тарихи, мәдени, архелогиялық және этнографиялық маңызын ескере отырып, Шымкент қаласы әкімдігінің жанынан Жүсіп Пайғамбардың кесенесін тұрғызуды ұйымдастыратын және кесенені тұрғызатын дирекция ұйымдастыруды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының жетекші мамандары қамтылған архитектуралық – көркемдік кеңес құрудың қажеттігі туындайды.

Сонымен, Алланың иман нұрынан нәр алған әрбір мұсылман Алла елшісінің тек бір сүннетімен өмірін өрнектеу үшін қолындағы бар құндысын жұмсауға, тіпті жанын пида етуге дайын. Осы орайда ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың «Бүкіл дүние мұсылмандарына хат!» деген өлеңіндегі:

«…Сатпаймын, сатқан емен

дінімді мен,

Өлмейтін өшпейтұғын

күнім білем.

Таппайтын күнде тыным,

түнде тыным,

Мұсылман Мұхаммедтің

үмбетімін.

 

Бәрі рас айтқанының

Ақ Алламның,

Құм менен топырақтан

жаралғанмын.

Құдайдың құлымын мен,

мұсылманмын,

Денемде түйірі жоқ

арам қанның.

 

Қаны аққан қайран менің

мұсылманым,

Осы ма екі ортада

қысылғаның.

Бірігіңдер әлемнің

мұсылманы,

Құрбан болсын Құдайым үшін

                                жаның…» — деген өлең жолдары еске түседі.

Мұхаммед Пайғамбардың садақа туралы хадисінде: «Игілікті істерге қарайласудың жақсысы адамның дені сау кезінде, дүниеге қызығушылығы мен ашкөздігін жоғалтпаған, ұзақ өмір сүргісі келетін және қаржының қыспағынан қорқатын кезіндегі берілгені», – делінген. «Әруақ риза болмай, тірі байымайды» деген мақалды есімізде әрдайым сақтай жүріп, дүние тіршілігінде игілік істерге құлшына қарайласып, қоғамға өз үлесімізді қосқанымыз жөн деп ойлаймыз.

Материалдық тұрғыдан ауқымды шығынның ауыртпалығын көтеретін демеушілердің табыларына, осы сауапты істің жақын арада орындаларына үлкен үміт арта отырып, алыс, жақын елдің барлық намыскер азаматтарын Аланың Елшісі Жүсіп Пайғамбар кешенді кесенесін орнатуға (жеке немесе заңды тұлға болсын) өз үлесін қосуға шақырамыз. Алланың разылығы үшін нағыз ізгілік іске баршамыз болып, шама-шарқымызша үлес қосып, қоғамдық мұратымызды биік қойып, туған жердің, еліміздің патриоты бола білейік, ағайын!

Сөз соңында «Сайрам-Мәртөбе» қоғамдық қоры, Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысы АҚ Қазақстан Халық Банк филиалында ашылған шоттың реквизитін хабарлаймыз.

Қоғамдық қор

«Сайрам-Мәртөбе»

ЖСК: жеке сәйкестендіру коды 180540020493

(банктік счеттің нөмірі)

КZ986010291000065880

* шоттың түрі: ағымдағы

* KZT; * USD; * EUR; * RUB.

Банктің атауы:

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Банктің БСК: НSBKKZKX

Молдабек ЖҮНІСБЕК,

«Сайрам-Мәртөбе» қоғамдық қорының төрағасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *