ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНДАҒЫ ТАҒАЙЫНДАУЛАР

Қоғам
3 791 Views

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 10 тамыздағы бұйрығы негізінде Б.С.Сейфолла Түркістан облысы Келес ауданының прокуроры, Ж.Ж.Ботабеков Мақтаарал ауданының прокуроры, Н.Ш.Асқанбеков Жетісай ауданының прокуроры, А.Т.Досаев Созақ ауданының прокуроры болып тағайындалды.

 

 

 

Бақыт Сабырханұлы Сейфолла – 1976 жылы 27 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында туған, «Мирас» университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі. Соңғы қызмет орны – Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасы бастығының орынбасары.    

 

 

 

 

 

 

Жұмағали Жорабекұлы Ботабеков – 1977 жылы 21 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында туған, Оңтүстік Қазақстан аймақтық гуманитарлық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі. Соңғы қызмет орны – Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі.

 

 

   Нұрғали Шекербекұлы Асқанбеков – 1980 жылы 07 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында туған, Қазақ мемлекеттік заң академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі. Соңғы қызмет орны – Мақтаарал ауданының прокуроры.

 

       

 

Айтболат Тайырханұлы Досаев – 1982 жылы 22 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында туған, Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі. Соңғы қызмет орны – Сарыағаш ауданы прокурорының орынбасары.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *