ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Қоғам
772 Views

Абай атындағы қалалық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күніне орай «Ел бастар ер дана» атты мерекелік кеш өткізді. Оны абономент бөлімінің кітапханашысы Гүлсара Орынбасарова қысқаша сөз сөйлеп ашып, одан әрі жүргізіп отырды.

Алдымен Елбасының өмірін баяндайтын «Менің балалық шағымның аспаны» атты бейнеролик көрермендер назарына ұсынылды. Журналист, ақын, аудармашы, Қазақстан Журналистер және Халықаралық Жазушылар одақтарының мүшесі Әбдісаттар Әліп, Шымкент қаласындағы Абай ауданы әкімдігі аппаратының мәдениет бөлімінің қызметкері Жомарт Иманқұлов, Шымкенттегі № 1 оқу-өндірістік комбинатына қарасты Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы «Жас қаламгер» ақындар клубының жетекшісі, көркемсөз оқу шебері Марғуба Мұхтарқызы, мерзімді басылымдар залының кітапханашысы Нәзира Сейітжанова құттықтау сөз сөйледі. Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы «Жас қаламгер» ақындар клубының бір топ мүшелері жарыса өлең оқыды. Венера Мешітбай өзі жазып келген «Тәуелсіз Қазақстан» өлеңін оқырмандар талқысына салды.

Шымкент қаласы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Гүлсім Шатырбекова қорытынды сөз сөйледі. Ол өлең оқумен ерекшеленген бір топ оқушыларға Мадақтама мен Алғыс хаттар табыс етті.

Мария ТҰҢҒЫШБАЕВА,

кітапханашы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *