ШӘКӘРІМ – АБАЙДЫҢ РУХАНИ МҰРАГЕРІ

Әдебиет
1 098 Views

Шәкәрім Құдайбердиев – қазақтың басына біткен, заманының озық ойлы демократы. Жартығасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан ұлы тұлғаларымыздың бірі Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихындаалатын орны ерекше. Ол ақын, тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы. Қазақәдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздікүлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің молмүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер. Ол жаңа қазақәдебиетінің көшбасшысы Абайдың үлкен ағасынан туған ізбасар інісі. Туыстық жөніненғана емес, ұстанған жолы тұрғысынан алып қарағанда да Абайға ең жақын адам еді.Қазақ халқының атақты философы, гуманисі Шәкәрім Құдайбердиевтің бізгеқалдырған рухани мұрасы, өзінің ерекшелігімен таң қалдырады. Ол әрдайым өзініңрухани әлемін дамытып, көп нәрсеге түсініктеме бере алатын жан. Философиялықтұрғыда өмір мен өлім, тұлға мен әлем, жан мен тән деген ұғымдарды толық ашыптүсіне білді.

Өзінің шығармаларында Шәкәрім өмір жайлы көп жазған. Әдеби мұрасы толыққанды философиялық ойы осы жайлы ашылатынын өзі де білмеді. Оның өмірі біз үшін үлгі. Абай атамыздан қалған мұрасын, адамгершілік құндылықтарын тазалық пен шындықты өзінің өмір жолында ұстанымға айналдырған. Сондықтан өз санасын тазартып, қажет емес ойлардан босатып, білім жолына бек сеніммен қадам басқан. Үлкен шыдамдылықпен Батыс және Шығыс ғалымдарының еңбектерімен таныса отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын назарына алып, оларға сыни көзбен қарап, өзінің ішкі жан дүниесіне тән ойларын теріп, жинақтаған ізгі ниетті жан болатын.

Гүлжан БЕРКІНБАЕВА,

Хакім Абай музейінің аға ғылыми қызметкері.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *