ІС ПЕН СӨЗДІҢ БІРЛІГІ ҮЙЛЕСКЕН ШАҺАР

Қоғам
957 Views

Халқымызда«Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді» деген қанатты сөз бар. Еңбегімен еңсесінтіктеп келе жатқан еліміз жылдан-жылға дамып, көркейіп келеді. Сондай сергексерпінмен Төлеби ауданы оның ішінде Леңгір қаласының экономикасы шапшаң дамуда.Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы: «Барлық бағдарламалардыңнәтижесі айналып келгенде қарапайым адамдардың ертеңгі күнге деген сеніміноятып, әр отбасының ауқатты тұруын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс», – дегенболатын. Міне, осы тұрғыда Леңгір кентінде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар легіне тоқталып өтсек.

Төлеби ауданыныңдамып, өркендеуіне Леңгір қаласының қосқан үлес салмағы орасан зор. Леңгіркенті ауданның айнасы десек артық айтқандық емес. Жыл сайын ажарына ажар қосып,көркейіп, гүлдене түскені көңілге қуаныш ұялатады. Қала басшысы Болат Әділбеков СҮЙІНДІКҰЛЫ әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өңірде шешімін тапқан мәселелердібайыппен жүргізіп отырғаны аян. Алдымен айтарымыз, өңір экономикасын дамытудағыбасым бағыттарды белгілей білген қала басшысының мерейі қашан да биік болмақ.ІС ПЕН СӨЗДІҢ БІРЛІГІ үйлесе білген десек артық айтпаспыз. Сонымен Төлебиауданы, Леңгір қаласының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2021 жылға арналған міндеттері жайлы толығырақ таныстырып өтсек.

Уақыт алға жылжыған сайын Леңгір өңірі де көштен қалмай дамып келеді. Оның ең басты себептерінің бірі – тұрғындардың ұсыныс, тілектеріне құлақ асу болып табылады. Атап айтсақ, 2020 жылы қала әкімдігіне келіп түскен хаттар саны – 383-ті құраған. Оның 232-сі түрлі мәселелер бойынша түскен өтініштер.

Леңгір қаласы әкімі аппаратының бюджетіне 2020 жылдың 12 айында 5 салық түрлерінен 75489,0 мың теңге түсіру жоспарланып, нақты 87606,6 мың теңге түсіріліп, жылдық жоспар 116,1 пайызға артығымен орындалған. Тарқатып көрсетер болсақ (кестеде):

КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ

Леңгір қаласында – 12 кәсіпорын, 396 сауда-саттық дүкендер, 6-жанар-жағармай құю бекеттері, 3 базар орналасқан. 2020 жылға тартылуға жоспарланған инвестиция көлемі мен кәсіпорындар өндіретін өнім көлемінің орындалуы.

2021 жылы өнеркәсіп және кәсіпкерлік салалары бойынша құны 3650,0 млн. теңгені құрайтын 7 жоба іске асып, қосымша 694 жұмыс орны ашылатындығы жоспарлануда.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2020 жылдың 10 айында “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыстар атқарылуда:

Бағдарламаның «Бизнес-бастау» жобасы аясында жыл бойына 234 жұмыссыз оқытылып, жоспар 100 пайызға орындалған.

Жыл бойына 670 жұмыссыз азаматтарды бос жұмыс орындарына тарту жоспарланып, орындалғаны 550, немесе 82,1 пайызға, жаңа жұмыс орындарына 13 жұмыссыз азаматтарды тарту жоспарланып, 12 айда 16 жұмыссыз жіберілген, немесе жоспар 123,1 пайызға орындалған.

Жыл бойына 17 жұмыссыз азаматты шағын несиемен қамту жоспарланып, 12 айда 7 жұмыссыз азаматтарға шағын несие берілген немесе 41,2 пайызға орындалған.

2020 жылдың 12 айында 44 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына тартылып, жоспар 176 пайызға, 81 жоғарғы оқу орындарын бітірген жастар “Жастар практикасына” жіберіліп, жоспар 100 пайызға, 234 жұмыссыз азаматтар қоғамдық жұмыстарға тартылып, жоспар 101,3 пайызға орындалған.

2020 жылдың 12 айында 873 отбасыға 362895,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленген.

Сонымен қатар, көпбалалы отбасылар мен 2 – ҰОС ардагерлеріне, мүгедек жандарға және аз қамтамасыз етілген отбасыларға, барлығы 310 отбасыға “Нұр Отан” партиясы тарапынан 50,0 мың теңгеден бір реттік жәрдемақы төленді.

Жыл басынан жалпы демеушілер есебінен аз қамтамасыз етілген және көп балалы т.б. 412 отбасыға 3708,0 мың теңгенің азық-түліктері мен 25 отбасыға 515,0 мың теңгенің сиыр еттері таратылып берілді.

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ

COVID-19 індетінің алдын алу мақсатындағы құрылған мобильді топ мүшелерімен қаладағы кәсіпкерлік нысандар тұрақты араланып, Түркістан облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген санитарлық талаптардың орындалуы күнделікті бақылауға алынып, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Түсініктеме жұмыстарына жолаушы тасымалымен айналысып жүрген қоғамдық көлік иелері де қамтылды. Аралау барысында кемшіліктерге жол берген кәсіпкерлік нысан егелеріне әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Білім саласы бойынша қалада 8 жалпы орта және 1 Дарын мектебі бар. 2019-2020 жылы ЖОМ білім алғандар саны – 6973, 2020 жылы мектеп бітіргендер – 277 оқушы. Оның жетеуі алтын белгімен бітірген.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Леңгір қаласы әкімі аппараты 2020 жылы ауыл шаруашылық саласындағы 3 жақты келісім аясында бекітілген 8 тармақ бойынша жұмыстар атқарылды. Тарқатып айтқанда: 64 гектар егістік жерлер игеріліп, 5 ауыл шаруашылығы техникалары жаңаланды.

ВЕТЕРИНАРИЯ

Диагностикалық жоспарға сәйкес 2020 жылдың 12 айында 2181 МІҚ-дан, 4789 бас уақ малдан (қой, ешкі) және 4 жылқы, 30 иттен қан сынамалары алынып, 19 малдан бруцеллезге оң нәтиже берген. 2020 жылдың 10 айында 140 бас МІҚ-ға, 120 бас уақ малға, 20 бас жылқыға, 2810 итке, 720 мысыққа құтыруға қарсы вакцина салынған.

2020 ЖЫЛДЫҢ 12 АЙЫНДА АТҚАРЫЛҒАН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

Төлеби көшесі «Азад» ЖШС жанындағы және 3 м/а “Шаңырақ” мейрамханасы жанындағы 2 арка жаңартылып, ою өрнектермен безендіріліп, диодты шамдармен жарықтандырылды.

А.Мадельханов көшесін Төлеби көшесімен жалғастыратын жаяу жүргіншілер өткел жолы ағымдағы жөндеуден өткізіліп, қол сүйеніштері орнатылды.

Арзымбетов көшесі мен №4 орта мектепті жалғастыратын жаяу жүргіншілер жолы ағымдағы жөндеуден өткізіліп, қол сүйеніштері орнатылды.

Қазыбек би көшесі мен 2 мөлтек ауданын жалғастыратын жаяу жүргіншілер жолы ағымдағы жөндеуден өткізіліп, қол сүйеніштері орнатылды.

Казахстанская көшесі мен 2 мөлтек ауданын жалғастыратын өткел жол ағымдағы жөндеуден өткізіліп, қол сүйеніштері орнатылды.

Абай көшесі мен 3 мөлтек ауданын жалғастыратын өткел жол ағымдағы жөндеуден өткізіліп, қол сүйеніштері орнатылды.

Ә.Бектаев көшесінен №3 ЖОМ-не түсетін бөлігіне мектеп оқушыларының жүруіне ыңғайлы болуы үшін аяқжол жасалынып, қол сүйеніштері орнатылды.

1 м/а жаңадан бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлерге баратын 183 метр жол бойына аяқ жол мен баспалдақтар орнату жұмыстары жүргізілуде.

Қапал батыр көшесі бойына жаңа үлгідегі 11 дана аялдамалар орнатылды.

Төлеби, Ә.Бектаев көшелеріндегі түнгі жарық шамдарына диодты шамдармен жарықтандырылған 150 дана кранштейндер орнатылды.

Төлеби, Дотық, Бектаев көшелері мен 3 мөлтек ауданына және Қапал батыр к/і “Тәуелсіздік” саябағы ішіне барлығы 5 жерге заманауи балалар ойын алаңшалары мен стрит воркауттар орнатылды.

Қала бойынша 64 дана қоқысқа арналған контейнерлер және 40 қоқыс алаңшалары мен қоршаулары орнатылды.

Север м/а орналасқан ескі қараусыз қалған христиан мазаратына қоршау орнатылды.

Леңгір-Достық бағытындағы жол бойында орналасқан христиан мазаратының 300 метр қоршауы ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Таскешу елді-мекеніндегі ескі мұсылман мазаратының 195 метр қоршауы ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Төлеби-Қазыбек би көшелерінің қиылысы абаттандырылып, темір бетоннан қоршау орнатылып, қазақи ою-өрнектермен безендіріліп, диодты шамдармен жарықтандырылды.

Төлеби көшесінің жоғарғы бөлігіне (Әділет басқармасына қарсы бет) қазақша оюлармен өрнектеліп темір бетоннан қоршау орнатылып, диодты шамдармен жарықтандырылды.

Төлеби көшесіндегі (Қазыбек би к/і №107 үй арты) спорт алаңы ағымдағы жөндеуден өткізіліп, А.Мадельханов көшесіне ашық спорт алаңы орнатылды.

Ә.Бектаев көшесі мен Қапал батыр көшесінің бойында ағаш көшеттерін отырғызуға дайындалған 4 жер телімдеріне қоршаулар және тамшылатып суғаруға арналған жабдықтар орнатылды. Қазіргі таңда егілген көшеттер тамшылатып суғарылуда.

Леңгір қаласы бойынша көшелер мен мөлтек аудандарға 102 дана көше бағыттаушылары орнатылып, 5145 жеке тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлерге, сонымен қатар 206 кәсіпкерлік нысандарға QR кодтары ілінді.

Ә.Бектаев көшесінің Новостроевка бағдаршамнан 1 м/а бағдаршам аралығында сәнді шамдар мен орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылды. Бүгінгі таңда түн мезгілінде жанып тұратындай етіп көше бойына архитектуралық кескіндер орнату жұмыстары жүргізілуде.

Леңгір қаласы әкімі аппаратының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындар сұранысы бойынша жеке кәсіпкер А.Сулаевтың демеушілігімен Төлеби және Қабыланов көшелерін жалғайтын жолға жаңадан баспалдақ жасалынып, қол сүйеніштері мен пандус орнатылды.

Тұрғындардан түскен сұраныстар бойынша демеушілер есебінен Д.Қонаев көшесі бойындағы ескірген лотоктар ауыстырылып, тротуар салынып жол кеңейтілді.

Төлеби – Әйтекеби көшелерінің қиылысына демеушілер есебінен гүлзарлар дайындалып, түрлі сәндік гүлдер отырғызылып, сәнді жарық шамдары орнатылды.

Сейфулина мен Өркен көшесін жалғастыратын “Ленгерка” өзенінен өтетін жаяу жүргіншілер өткелінің сел алу барысында сынған біржақ қол сүйеніші демеуші есебінен қайта жасалынды.

Демеушілер есебінен аудан бойынша 60 Тәжік-Ауған соғысының ардагерлеріне арнайы тақтайшалар жасалынып берілді.

Қала әкімі аппаратының мамандары тарапынан Төлеби көшесіндегі кәсіпкерлік нысандар егелерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы, бірқатар кәсіпкерлік нысан қасбеттері сәулеттік талапқа сәйкестендірілді және орталық көше бойларындағы ретсіз жарнамаларды алып тастау жұмыстары жүргізілді.

2020 жылдың көктем мезгілінде арнайы дайындалған орындарға 2700 түп сәндік ағаштардың көшеттері отырғызылып, тамшылатып суғарылуда. Сонымен қатар, Ә.Бектаев көшесінің бойына топырақ төселініп, можжевельник және туя ағаштарының көшеттері отырғызылды. 2021 жылы тамшылатып суғару жүйелері орнатылады.

ЖК “Сахова” жұмысшылары арқылы орталық Төлеби, Әйтекеби, Қапал батыр, Ә.Бектаев көшелері бойларындағы шөптер орылып, қала көшелерінің тазалығы тұрақты бақылауға алынды.

Жыл басынан 41 сенбіліктер ұйымдастырылып өткізілді. ЖК «Сахова» жұмысшылары арқылы қала тазалығы тұрақты бақылауға алынып, Төлеби көшесі бойындағы ретсіз қоршаулар алынып, ретсіз өскен ежевикалардан тазартылды. Сонымен қатар, 1 мөлтек ауданындағы №4,5,6,7 көпқабатты тұрғын үйлер аулалары жабайы шөптер мен бұталардан тазартылып, ағаш түптері әктелді.

Леңгір қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен сенбілік арқылы Леңгір-Алатау бағытындағы жол бойындағы қара ағаштардың түптері майда шыбықтардан тазартылып, көктемгі әктеу жұмыстарына дайындық жұмыстары жүргізілді.

Леңгір қаласы әкімі аппаратының қолда бар техникасымен қыс мезгілінде қар жауысымен қаланың ішкі жолдары және ЖК “Сахова” жұмысшылары арқылы тротуарлар тұрақты қардан тазартылып тұрды.

Қорытындылай келе айтарымыз, әлемдегі таралған қауіпті дерт әсерін тигізген саяси және экономикалық ахуалды ескере отырып, қойылған міндеттерді орындау көп күшті талап етері анық.

Қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту атқарушы органдар мен тұрғындар арасында түсіністікпен бірлесіп атқарған жұмыстар нәтижесінде ғана жүзеге асырылады. Алға қойған жоспарларды орындап, межелерге жетуге жұмыла кіріссе, келер жылғы жетістік пен көрер қуаныш мол боларына үлкен сеніммен қарауға болады.

Аягөз ДҮЙСЕНБАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *