ҒАЛЫМДАРДЫ НАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРІНІСІ

Білім Қоғам
112 Views

ЕҰУ ғалымдарына жобаларын коммерцияландыруға «JANA ASU» гранты табысталды

Соңғы жылдары зерттеу университеті мәртебесін иеленген жекелеген ғалымдарға қаржылай қолдау көрсетудің өзіндік жүйесін сәтті жасады. Биыл да ЕҰУ жыл сайынғы «JANA ASU» грант байқауының қорытындысын шығарды. 11ғалым сәулет, медицина, ауыл шаруашылығы, ІТ-технологиялар және экология саласындағы инновациялық әзірлемелерін коммерцияландыруға қаржылай гранттариеленді.

Аталған білім ордасы ғылыми жұмыс нәтижелерін коммерцияландыруды қолдау үшін «JANA ASU» гранттарын бөледі. Биыл ашық байқауғаЖОО ғалымдары өздерінің 50 жобасын жолдаған.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУректоры, академик Ерлан Сыдықов. «Қазіргі таңда отандық ғылымның алдындағыбасты мәселе – ғалымдардың ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін коммерцияландыру. Мемлекет басшысы өз сөздерінде өндіріс пен ғылым тығызбайланыста жұмыс істеуі керектігін үнемі айтып келеді. Бүкіл ғылыми жетістіктерхалқымыздың әл-ауқатын, өмір деңгейін жақсартуға міндетті. Сондықтан біз өткенжылдан бастап университет есебінен коммерцияландыруға перспективалары бар ғылымижобалар мен идеяларды қолдауғабағытталған «JANA ASU» жобасын бастадық. Биыл біз гранттар санынкөбейттік және бұл дәстүрді болашақта жалғастыруды жоспарлап отырмыз.Университетті ғылыми-зерттеу университетіне айналдыру аясында ірікомпаниялармен ынтымақтастыққа және қолданбалы ғылымды дамытуға, сондай-ақ ғалымдарымыздың ғылыми әзірлемелерінің нәтижелерін өндіріске енгізуге көп көңілбөлінеді»,- деп атап көрсетті.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы,ЕҰУ сәулет кафедрасының оқытушысы Жандарбек Мәлібеков инновациялық киіз үйдің модульдік үлгісін жасауды жоспарлап отыр. Ол күн батареяларымен, байланыспен,интернетпен және басқа да мүмкіндіктермен толық жабдықталады. Ғалымның пікірінше, заманауи киіз үй туристер, ауыл шаруашылығы қызметкерлері, ТЖМ жәнебасқа да саланың қызметкерлері арасында үлкен сұранысқа ие болады және төтенше жағдайларда да пайдалануға мүмкіндік бар.

Көлік-энергетика факультетінің оқытушысы Нұржан Болатов көпқабатты ғимараттарда қоқысты басқарудың инновациялық жүйесін әзірлеуде. Ғалым қалдықтарды жинау, сұрыптау және ғимараттың төменгі деңгейіне тасымалдауүшін қоқыс шығарудың демонстрациялық моделін құруды жоспарлап отыр. Ғылыми идея қалдықтарды сұрыптауға және өндірістік кәсіпорындарда екінші мәрте шикізатретінде қолдануға мүмкіндік береді.

ЕҰУ ғалымы Асылтас Қалтенова қазақ тілін шетелдіктер үшін барынша қолжетімді жасауға ниетті. Ол ағылшын тілінде сөйлейтіндер үшін қазақ тіліндегі негізгі диалогтар ұсынылатын «Sana» мобильді қосымшасын әзірлеуге кірісті. Асылтас өз идеясын ЕҰУ грантының көмегімен іс жүзінде жүзеге асырады.

Жаратылыстану факультетінің оқытушысы Қазбек Дүйсембаевтың экологиялық жобасы да ЕҰУ қаржылай гранттық қолдауына ие болды. Ғалым алма ағаштарының саңырауқұлақ ауруларын кПЦР тесті арқылы тез және дәл анықтаудың жолын тапты.

Ғалым Мұратбек Арпабеков пен ЕҰУ магистранты КәрімМазманов цифрлық мамандарды іздеу және жұмысқа қабылдау үшін инновациялық платформа әзірледі. Олар компаниялар үшін кадрларды іріктеу үрдісін жеңілдетугежәне жақсартуға ниетті.

– Біздің жоба шағын және орта бизнесті қолдауға мүмкіндікбереді. Біз 100-ден астам бизнес өкілдерінің арасында сауалнама жүргіздік. Оларда маркетплейс арқылы көп мамандарға қолжетімділік бар болғанымен, автоматтандырылған жұмысқа қабылдау мәселелері туындайды, маманның жұмыссапанын тексеру қарастырылмаған. Біз жасанды интеллект көмегімен мамандардыңжұмыс сапасын 3 кезеңде тексеретін боламыз, – деді ЕҰУ магистранты КәрімМазманов.

ЕҰУ аға оқытушысы Амангелді Нұрзада қазақша ым-ишаратілін танудың алғашқы автоматты жүйесін құру бойынша бірегей жобаны жалғастыруға мүмкіндік алды. Ғалымға екінші рет ЕҰУ ақшалай грант бөлді. Ғылымижоба жасанды интеллектке негізделген және сөйлеу мен есту қабілеті бұзылғанадамдарға бағытталған. Оның ғылыми жобасын Дүниежүзілік банк те қолдады.

Айта кетейік, Еуразия ұлттық университеті «JANA ASU» ішкі грантын 2022 жылы бекітті. Өткен жылы 4 ғалым байқау жеңімпазы атанып, грант иегері болған еді.

Жамила РАЙХАНОВА.

Астана

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *