«ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТУЫН КӨТЕРУГЕ КӨМЕКТЕСУІҢІЗДІ СҰРАЙМЫЗ»

Спорт
328 Views

Белгілі кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы Президентке үндеу жасап, көмек сұрады.

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Менің есімім – Қанат Ислам. Кәсіпқой боксшымын. Біз «Qazaq Promotion» компаниясы елімізде 2016 жылдан бері елімізде бокс кештерін ұйымдастырып жүрміз. Сол кеште тұңғыш жекпе-жегін өткізген Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахметов, Айдос Ербосынұлы сынды қазақтың мықты жігіттері шығып жүр. 2019-2020 жылдардан кейін елімізде түрлі себептермен кәсіпқой бокс кешін ұйымдастыра алмай жүрміз. Өзіңізге 3-4 ай бұрын кәсіпқой бокс кештерін өткізуге көмектесуге өзіңізден өтініш айтып, хат жаздық. Хатымыздың жауабын ала алмай отырмыз.

Алла бұйырса 16 желтоқсанда өзім бастаған қазақтың тағы 10 жігіті кәсіпқой бокс кешіне дайындалып отырмыз. Ол бокс кештерінің үзіліс таппай, әр үш-екі ай сайын елімізде өтуіне өзіңіздің тікелей қолдау көрсетіп, тікелей бақылауыңызда ұстауыңызды үміт етеміз. Сол кешке көмекші болып қазақтың мықты жігіттерінің қазақ елінің туын көтеруге көмектесуіңізді сұраймыз. Аман болыңыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, — дейді боксшы.

Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Кемелұлы спортты назардан тыс қалдырған емес. Спортшыларымызды қолдап, жеткен жетістіктерімен құттықтауды ұмытпайды. Мысалы, кешегі жексенбіде жеңіске жеткен Жәнібек Әлімханұлын да құттықтаған болатын. Сондықтан бүгінде кәсіпқой боксшы ғана емес, қазақ боксының жанашыры болып жүрген Қанат Исламның да үндеуін үнсіз қалдырмас.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *