ҰЛЫ ЖЫРАУ ҰЛЫҚТАЛДЫ

мәдениет Рухани жаңғыру
383 Views

Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттықуниверситетінде филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» халықтың көркем жадында»деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтті. Қазақстан РеспубликасыныңМемлекеттік кеңесшісі Ерлан Кариннің тапсырмасымен ұйымдастырылған шараға елімізге танымал тарих, әдебиет, мәдениет өкілдері қатысып, мазмұнды баяндамаларжасады.

Атақты ғалым, академик Манаш Қозыбаевтәуелсіздіктің елең-алаң шағында жазған «Дауылпаз баба – Қожаберген» деген еңбегінде: «Қожаберген бабамыз көп батырлардың бірі ғана емес. Ол 1688-1710 жылдары 22-23 жасында қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының біріккен жасағына қолбасшылық жасаған сардарбек, ордабасы, Орталық Азия деңгейіндегі әскери қайраткер! «Ақтабан шұбырындыдан» кейін – ұлы жеңісті шыңдаған стратег» деп жаза келіп, қазақ мәдениетінің ірі қайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Сегіз сері, Мүшhүр-Жүсіп Көпеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Шәңгерей Бөкеев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Ғабит Мүсірепов, Бейімбет Майлин, Iлияс Омаров, Молдағали Жолдыбаевтарды тағы басқаларды қызықтырған Қожаберген Толыбайұлының мұрасын игеру – замана талабы деген ойын кейінгілерге аманат еткен еді. Содан бері бұл бағытта атқарылған істер аз емес. Атап айтсақ, 2000 жылғы желтоқсанда Ұлт­тық ғылым академиясының ұйым­дастыруымен Петропавл қала­сында «Қожаберген жырау­ Толыбайұлының Отан­­­ тарихы мен қазақ поэзия­сында алатын орны» деген та­қырыпта республикалық ғы­лыми-теориялық конференция өт­кі­зіл­гені ұмытыла қойған жоқ. Осындай ал­қалы жиын 2010 жылы «Өлке та­рихы, тұлғалар тағдыры» деп ата­лып екінші рет өткізіліп, онда көзі­ тірісінде ұлттың намысы атан­ған, қазақ заңгерлерінің абыз­ ақсақалы, академик,­ ғалым Салық Зиманов сөз сөй­леп:­ «Қожаберген – біздің тари­хы­мыздағы тұтас құбылыс, бүкіл­ ғұмырын қазақ халқының тәуел­сіздігі жолындағы күреске арна­ған ұлы тұлға» деген баға берген-ді.

Ұлы жыраудың өмірі мен шығармашылығын зерттеп, зерделеуде есімі елімізге жақсы танымал заңгер, руханият жанашыры Бекет Тұрғараев басқаратын «Жеті жарғы және Қожа­бер­ген жырау» халықаралық қайы­рымдылық қорының тындырған істері де бір төбе. Осы қордың бастамасымен батыр жерленген қорымда кесене тұрғызылды. Құ­ран­ бағышталып, ас берілді. Жам­был ауданының орталығы Прес­новка ауылындағы қазақ мек­тебінің алдындағы алаң Қожа­берген атымен аталып, ес­кер­ткіш бюсті орнатылды, мек­тепте мұражайы ашылды. Бүгінде облыс орталығы Петропавл қаласындағы №6­­ ­қазақ орта мектебі де ұлы жы­­рау­дың есімімен аталады. Сондай-ақ қордың қолдауымен: «Қожа­бер­ген жырау», «Елім-ай», «Баба тілі», «Өнерпаздар әулеті» деген кітаптар басылып шықты. Олар­ жұртшылыққа таратылып, оқырмандардың жылы­ лебізіне ие болды.

Атал­ған қордың қозғау салуымен­Қазақстан Үкіметі 2012 жылдың желтоқсанында арнайы қаулы қабылдап, 2013 жылы Қожаберген Толыбайұлының туғанына 350 жыл толу мерейтойы елімізде кең көлемдеатап өтілді. Алматы мен Астана қалаларында көпшілікке танымал тарихшы,әдебиетші ғалымдардың, белгілі қоғам, мемлекет қайраткерлерінің қатысуымен ғы­лыми-практикалықконферен­циялар ұйымдастырылды. Мұның соңы Солтүстік Қазақ­стан – Қызылжарөңіріндегі түрлі мәдени-спорттық іс-шара­лар­ға ұласты. Осынау тор­қалы тойдыңқорытындысы ре­тінде Алматыдағы «Зерде» баспасынан: «Заманының заң­ғары» мен«Мәңгілік елдің мәң­гілік жыршысы» және Астанадағы «Фолиант бас­пасынан –«Дауылпаз баба Қожа­бер­ген» деген көлемді және әсем безен­дірілген жинақтаржарық көрді. Бертін Петропавлдың Астана жақтан кіреберіс қақпасына ҚожабергенТолыбайұлының алып ескерткіші орнатылды. Өңірде жыл сайын Қожаберген оқуларынөткізу де дәстүрге айналды.

Қожаберген жыраудан қалған әдеби мұралардың ішіндегі ең шоқтықтысы – «Елім-ай» дастаны. Осы дастан жайлы халқымыздың аяулы ұлдарының бірі, батыр қаламгер Бауыржан Момышұлы: «Қожаберген жыраудай бұрын-соңды өмір сүрген қазақ ақындарының бірде-біреуі қазақ жұрты жерінің көлемін, шекарасын айқындап берген емес. Ол кісінің «Елім-ай» жыры – әскери дастан! Жас бала кезімде оны әншілердің аузынан талай рет естіп едім. Шіркін, сол әскери дастан қайда бар екен?» – деп жазған екен. Айтса айтқандай, батыр бабамыз әйгілі еңбектерінде зар заманға талдау, зерттеу жасап, өз көргенін хаттап кетті. «Ол тек қана бір «Елім-айда» ғана бір ғасырдың сырын, мұңын ашты» (Кәкімбек Салықов).

Міне, биыл ұлттық рух пен идеяның қайнар көзі, бүгінгі ұрпақты ел бірлігін нығайтуға, алауыздықтан арылуға, рушылдық, жүзшілдіктен тазаруға үндейтін осы намыс жырының жазылғанына 300 жыл толды. Қуанарлығы сол, бұл дата елеусіз қалған жоқ. Үкімет қаулысының негізінде Мәдениет және спорт министрлігі оны 2023-2025 жылдарға арналған мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесіне енгізген-ді. Соған сәйкес, Қожаберген жырау Толыбайұлының «Елім-ай» дастан жырының 300 жылдығы ел көлемінде кеңінен аталып өтуде.

Мерекелік шаралар биылғы жылдың маусым айындақасиеттіТүркістанның төрінді бастау алып, белгілі академиктердің, ғалымдар мен Қожабергентанушы жазушылардың, зиялы қауым өкілдерінің, жас ғалымдардың қатысуымен республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Алқалы жиында қазақ халқының тарихындағы ең бір ауыр да азапты кезеңде ұлттың рухын қолдап, халықты жауға қарсы тұруға үндей білген Қожаберген жыраудың өмірі мен «Елім ай» дастаны жайлы сөз сабақталды, Қожаберген жырау Толыбайұлының дипломатиялық қыры мен қол бастаған батырлығы, ең негізгісі Ата заңымыздың қазығы болған «Жеті жарғының» авторларының бірі ретіндегі орны бөлек екені айтылды. Конференция аясында қаралы көш құлаған Қаратаудың қойнауына құлпытас тұрғызылып, жыр мүшайрасы ұйымдастырылды.

«Елім-ай» дастанының 300 жылдығына және Қожаберген жыраудың туғанына 360 жыл толуына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция Петропавлда да ұйымдастырылды. Мұнда да ғалымдар ұлы жыраудың өмірі мен артына қалдырған бай мұрасына байыпты талдау жасады. Астанада да әңгіме осы бағытта өрбіді. «Елім-ай» дастанының жазылу тарихы, мазмұнына терең талдау жасалып, ұлт қорғаны болған шығарманың маңызы жан-жақты ашып көрсетілді. Жиынға қатысқан Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында тұратын Қожаберген Толыбайұлының ұрпағы Бектас Тырқаев ұлы бабасының рухын қолдаған Үкіметтің қаулысына ризашылық білдіре келіп, жиналғандарды ата-баба шежіресімен таныстырды, әлеуметтік желіде тараған жаңсақ сөздерді жоққа шығарды.

Жиынға қатысушыларға Солтүстік және Түркістан облыстары әкімдерінің қолдауымен жарық көрген «Елім-ай» дастан жырына 300 жыл» деген кітап таратылып берілді.

Төлеген АСАНБЕКОВ,

«Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының хатшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *