ҚАРАСАЙ БАТЫРҒА АРНАЛДЫ

Таным Тарих
1 026 Views

Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде қазақтың атақты батыры, дарынды қолбасшы Қарасай батыр Алтынайұлының туғанына 420 жыл толуына орай «Ел батырлары – ұлттық рухы, таным мен тағылым» атты Халықаралық конференция өтті. Онда Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының докторы, Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Берекет Кәрібаев, жазушы, республикалық «Бәйдібек баба» қорының президенті, ЮНЕСКО Мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері, ОҚМУ-дің профессоры Нағашыбек Қапалбекұлы, Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы Хазретәлі Тұрсын, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, тарих ғылымының докторы, Қазақ Ұлттық аграрлық университеті «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі Хангелді Әбжанов, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі, тарих ғылымының докторы Саттар Мәжитов, белгілі қоғам қайраткері, заң ғылымының докторы Бекет Тұрғараев, Өзбекстан Ғылым академиясы Тарих институтының ғалымдары, Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, профессор Арнабай Нұржанов, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы Сейдехан Әлібек, тағы басқа да тарихшы ғалымдар баяндамалар жасап, Қарасай батырдың Қазақ елі мен жерін қорғаудағы ерлігі мен өмірі туралы құнды мағлұмат, деректер айтты.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев қатысып, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалы мақаласына орай Қарасай батырдай елін, жерін қорғаған қолбасшының ерлігін кейінгі ұрпаққа өнеге, үлгі ету жөнінде сөз сөйледі. Конференцияны университеттің бірінші проректоры Қайрат Еңбекшіұлы Нұрманбетов жүргізіп, қорытынды сөзінде Қарасай батырдың ғұмыры мен елі үшін істеген ерлігін зерттеу, екшеу, тұғырлы өмірін бүгінгі күн тұрғысынан зерделеу – қазіргі ұрпақтың асыл парызы, аманат екенін айтты. Маңызды іс-шараға қатысуға келген ғалым оқымыстылар, Қарасай батыр ұрпақтары университеттің бүгінгі күні атқарып отырған игі істерімен жан-жақты танысты.

Салтанат ӘШІМОВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *