ҚЫСҚА-НҰСҚА

Қоғам
1 157 Views

СЕРІК СӘПИЕВ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ АУЫСТЫ

Белгілі былғары қолғап шебері, бокстан Олимпиада чемпионы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты Серік Сәпиев өзінің депутаттық мандатын тапсырды. Ол Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл оның егемен ел спортының өркендеуіне оң септігін тигізетіні анық.

АЛЕКСЕЙ КАЛАЙЧИДИ – ҚР ІІМ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ

Берік Бейсенқұлов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Бұл жоғары лауазымдық қызметке Алексей Дмитриевич Калайчиди тағайындалып отыр. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарып келген.

АЛМАТЫНЫҢ МЕШІТІ ҰРЫЛАРДЫҢ СҮЙІКТІ ОРНЫНА АЙНАЛҒАН

Алматының орталық мешітінде ұрлық жиілеген. Құлшылық орнында іс-тейтіндер келушілердің бәрін бақылауда ұстай алмайтынын айтып ақталуда деп жазады Almaty.tv арнасы.

Бесін намазына келген Ербол есімді жігіт ұрылардың құрбаны. Сырт киімінің қалтасында тұрған банк картасы, көлік жүргізу куәлігі мен жеке куәлігі ұрылар-дың олжасына айналған.

Сапарға шықпас бұрын дұға қылмақ ниетпен келген Бекболат Мұратбаев те телефоны мен айлығынан айырылған.

Мешіт ішінде тілдескен өзбекстандық жігіт көз алдында заттарын алып, қашып кеткен.

Қажетін қолды қылған қауымның көбі дінге көлеңке келмесін деген оймен алдырған заттарын жоқтамай, жылы жауып қоя салғанды жөн көреді екен.

Полиция департаменті «Мешіттегі оқиғалар жеке жазылмайды. Соңғы бір жылда қоғамдық орындарда ұрлық жасаған 55 қылмыстық топ анықталып, 89 адам ұсталды» деген жауап қайтарған.

ОБЛЫС ПЕН ҚАЛА ӘКІМДЕРІ БІР КҮНДЕ, БІР САҒАТТА ЕСЕП БЕРЕДІ

Жаңадан құрылған Түркістан облысы мен Шымкент қаласы енді екі бөлек ел секілді болып кетті. Күні кеше ғана бір үйдің баласындай болып келген құрылымдардың басшылары осылай деп шешіпті. Ақпан айының 15-і күні таңертеңгі сағат 11.00-де бірі Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, ал екіншісі Шымкенттегі «Түркістан» сарайында тұрғындар алдында өткен жылы атқарған жұмыстары жайлы есеп беретін болады.

ТӨРТ ЖАСАР БАЛА БЕСІНШІ ҚАБАТТАН ҚҰЛАП КЕТКЕН

Түркістан облысының дәрігерлері бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен баланың өмірін құтқарып қалды. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Болат Нұсқабаев мәлімдеді деп хабарлайды Nur.kz.

Үйінде қараусыз қалған төрт жасар бала терезенің алдына шығып, тордан құлап кеткен. Абырой болғанда балақай аман қалып, алайда ес-түссіз күйде облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Баланың бас миының соққысы, бас миының шайқалуы, бастың көптеген жа-рақаттары, жабық бас миының жарақаты, кеуде қуысының соғылуы мен денесінде көптеген жарақаттар алғаны анықталды.

Айта кетейік, бесінші қабаттан құлап аман қалған төрт жасар бүлдіршін бір ай емнен соң аяққа тұрған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *