ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құттықтаймыз
326 Views

Құрметті Бақтығали Аюбайұлы!

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері, денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина саласының білікті дәрігері ретінде Сізді мерейлі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Әлем пандемия құрсауында қалғанда өзіңіз бастаған барша ұжым ауыр дертпен жан аямай күресті! Сіздің жауапкершілігіңіз бен ұйымдастырушылық қабілетіңіз арқасында көптеген еңбектер атқарылды. Адам өміріне араша бола білген медицина қызметкерлерінің, әсіресе жұқпалы аурулар ауруханасы халыққа сапалы қызмет атқарып жыл қорытындысында «Халық номинациясын» иеленгені зор құрмет, бұл Бас дәрігер ретінде өзіңізге көрсетілген халықтың шексіз алғысы деп білеміз.

Әрдайым мерейіңіз асқақ, денсаулық саласында алар асуыңыз биік, мәртебелі абыройға кенеліп жүре беріңіз! Еліміз аман, әрі бейбіт, дені сау ұлт болып, өсіп өркендей берсін! Өңірге сіңірген еңбегіңіз жемісті, әрі жеңісті бола берсін!

Құрметпен,

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының ұжымы және кәсіподақ ұйымы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *