«ТҮРКІСТАН ТУРИСТЕР ҮШІН ТАРТЫМДЫ ӨҢІР БОЛМАҚ»

Ақорда
608 Views

Қазақстан Республикасының Президенті Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитінеқатысты. Видео конференция форматында өткен жиынға Пәкістан Премьер-Министрі Имран Хан, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Түрікменстан ПрезидентіГурбангулы Бердімұхамедов, Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани, ӘзербайжанПрезиденті Ильхам Әлиев, Иран Президенті Хасан Рухани, Қырғызстан ПрезидентіСадыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті ШавкатМирзиёев, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хади Сулейманпурқатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің басында бауырлас түрік халқына және Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға пандемияға қарсы күресте елімізге көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы осынау қиын-қыстау кезеңде елдеріміз жаһандық деңгейдегі өзара көмек пен қолдаудың қаншалықты маңызды екеніне тағы бір мәрте көз жеткізгенін атап өтті.

Президент баяндамасында пандемияның экономикаға тигізген кері әсерін еңсеруге баса мән берді.

– Қажетті қаржымен қамтамасыз етілген Дағдарысқа қарсы кешенді жоспарды іске асырудың арқасында Қазақстан пандемияның теріс әсерін барынша азайта алды. Тіпті құрылыс, ауыл шаруашылығы және өндіріс секілді салаларда өсімге қол жеткіздік. Биыл біз ішкі жалпы өнім 3 пайыздан астам өседі деп жоспарлап отырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Экономикалық ынтымақтастық ұйымымен ықпалдастық – Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

– Бұл – өзара ықпалдастығымыздың жақсы үлгісі. Дегенмен орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін әлі де көп іс атқаруымыз керек. Биыл біз Қазақстан – Түрікменстан – Иран темір жол бағытының толық іске қосылуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Басқа да жаңа бағыттар пысықталуда. Түркістан мен Ташкент арасындағы жоғары жылдамдыққа арналған темір жол Қазақстанның да, Өзбекстанның да туристік әлеуетін арттырады деп күтілуде. Бұл жол уақытты екі сағатқа дейін қысқартуға және екі ел кәсіпкерлері арасындағы байланыстарды жеңілдетіп, әлеуметтік қатынастарды жақсартуға мүмкіндік береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев туризм саласының әлеуетін арттыру мәселесіне де тоқталды. Бұл сала пандемияға қарамастан, ынтымақтастықтың перспективті бағыттарының бірі болып қала береді.

– Қазақстан туристік саланың үлесін 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 8 пайызына дейін жеткізуді көздеп отыр. Біз Орталық Азия елдері мен күллі түркі әлемі үшін қасиетті саналатын Түркістан қаласын белсенді дамытып жатырмыз. Тек 2020 жылдың өзінде қаланың инфрақұрылымына, Түркістанның туризмі мен логистикасына құйылған ішкі инвестиция шамамен 1 миллиард долларды құрады. Түркістан Қазақстанның ТОП-10 туристік бағытына кірді. Бұл сіздердің елдеріңіздің инвесторлары мен туристері үшін тартымды өңір болмақ, – деді Президент.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға Экономикалық ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығының сәтті өтуіне тілектестігін білдірді.

Akorda.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *