ӘСКЕРИ АВИАЦИЯ ҰШҚЫШТАРЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Әр алуан
562 Views

Ел ішінде əртүрлі алып-қашпа əңгіме жүр. Əуе кеңістігінде тікұшақтар жерге жақын ұшса,»вирус сеуіп жүр» деп қауіптенуде. Бірақ бұл қисынға келмейді. Жалған ақпарат. Қалада түнгі уақытта да, күндізгі уақытта да аптасына үш рет өткізілетін тұрақты ұшулар бұл — Шымкент авиациялық базасының әскери авиациясыұшқыштарының оқу-жаттығуы. Яғни, əскери авиация топтық ұшуларды пысықтауғакірісті.

Пысықтау барысында пилотаждық аймақтардағы Ми-35М және Ми-171Ш тікұшақтарының экипаждарыжұптар мен буындар құрамында топтық ұшу элементтерін жүргізуде. Ұшқыштар 50-ден1000 метрге дейінгі кіші және өте кіші биіктіктерде сүңгу және төбешіктерсияқты күрделі пилотаж элементтерін орындауда. Дәрістер барысында топтарғажинау, қайта құру және топтан тарау кезінде өзара әрекеттесуді жақсартады.Оқу-жаттығуда әуе ұрысын жүргізу жағдайында экипаждардың жұмысына ерекше көңілбөлінеді.

Топтық ұшулардың күрделілігі ең алдымен тікұшақтар арасындағы белгілі бір аралықтар мен қашықтықты ұстап тұрудан тұрады. Топ құрамында жетекші немесе алдыңғы борттарға қатысты жетекші экипаж 50 метр аралықты, рұқсат етілген 3-5 метр биіктікте 70 метр қашықтықты ұстап тұруы керек. Бұрын мұндай ұшуды орындамаған жас ұшқыш жетекші курсты ұстап тұруға және сонымен бірге борттың маневр жасауының тегістігін бақылауға тырысуы керек.

Айта кетейік, ұшу кезінде күрделі ұшу элементтері елді мекендердің үстінде немесе жақын аудандарда орындалмайды. Бұл ережелер қауіпсіздік шараларымен байланысты. Аталған оқу-жаттығулары жауынгерлік әзірлікті қолдауға, әскери авиация ұшқыштарының кәсіби деңгейін арттыруға және ұшу дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *