«ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БӘРІН БІЛ, ӨЗ ТІЛІҢДІ ҚҰРМЕТТЕ»

Қоғам
1 435 Views

Қазақстан – көпұлтты, көпұлысты, көптілді көпдінді мемлекет. Бір ата-ананың баласындай бауырмал, тату-тәтті ғұмыр кешуде. Олардың өздерінің тілін, дінін сақтауға, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін өрістетуге кең жол ашылған. Осылайша ұйымшылдықпен, өзара ынтымақта өмір сүріп, ортақ мүдде жолында еселі еңбек етуде.

Егемен елімізде мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшыныс артып келеді. Бұл бағытта жоғары және арнаулы орта оқу орындары мен мектептерді айтпағанның өзінде, сан түрлі ұйымдар мен орталықтар жүйелі жұмыс істеуде. Елбасының «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін» қағидатын ұстанған қандастарымыз бір-бірімен туған ана тілімізде сөйлесіп, шүйіркелесіп жүргені қандай ғанибет. Оңтүстік өңірінде жасайтын өзге ұлт пен ұлыс өкілдерінің де қазақ тілін білсек деген ықылас, талпыныстары көз қуантады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару жүйесі департаменті Шымкент қаласы ИЧ-167/3 мекемесінің САӘРТЖ бөлімі де туған тіліміздің мәртебесін көтеру жолында ізденімпаздықпен еңбек етіп келеді. Жазасын өтеушілермен өткізілетін сабақтар, жиындар, байқаулар, тағы басқа да басқосулар барысында мұның жарқын мысалын көріп те жүрміз. Таяуда өткізілген «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты байқауға қатысушы түрлі ұлт өкілдері өздерінің сауаттылығы мен тілге, елге деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді. Біз соған сүйсіндік.

Данияр ШЕРМУХАМБЕТОВ,

Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару департаменті Шымкент қаласы ИЧ -167/3 мекемесі САӘПТЖ бөлімінің бастығы, әділет майоры.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *