ӨЛЕҢ СӨЗДІҢ ДАҢҒЫЛЫ, БАР ҚАЗАҚТЫҢ ЖАМБЫЛЫ

Таным Тұлға
2 189 Views

Жетісу өңіріне ғана емес, бүкіл қазаққа аты мəшһүржыр жампозы Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда қазіргі Жамбыл облысы, Мойынқұмауданындағы Жамбыл тауының баурайында, Ұлы жүздің ішіндегі Шапыраштының Екейруынан шыққан Жапа Ыстыбайұлының отбасында дүниеге келген. Əкесінің аты Жапаболғанымен, ел Жабтай деп атап кеткен. Жапаның Ұлданай атты əйелінен Тəйті, Жамбыл, Коман туады. Арғы аталары дəулетті кісілер болғанымен, Жамбылдың əкесіЖапа «шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған».

Жамбыл Жабаев бар ғұмырын Майтөбе мен Суықтөбетауының етегіндегі құт қонып, бақ дарыған өлкеде өткізді. Ғасыр жасағанхалқының аса дарынды перзенті батырлықты, өрлікті, әділдік пен теңдіктіжырлады.

Ақиық ақынның жыры да, сыры да мəңгілік тақырыптықозғайды. Яғни, тіршілік жəне адамтану жөнінде! Жыр дүлділі Жамбыл Жабаевесімінің бүкіл жер шарын шарлаған кезі — жиырмасыншы ғасырдың отызыншыжылдарының ортасы. Оның өлеңдері Азия мен Еуропа жəне басқа да континенттерұлттарының елу шақты тілдеріне аударылған.

Жамбыл Жабаев өзінің ғасырға жуық ғұмырында таумен даланы жырлады. Поэзия əлеміндегі туған халқының мақтанышы, əлемдікдеңгейдегі жыр алыбына айналды. Оның ақыл-ойға, парасатқа, терең тарихқа,мөлдір сырға, нəзік сезімге, бай образға толы поэзиясы өлеңге құштар, өнерсүйерəрбір жанды сүйсінтті. Жамбыл бабамыз — есімі қазақ əдебиетінде алтын əріптерменқалған ғажайып құбылыс! Алып та биік, айдынды да айбынды жыр жампозы!

«Жамбыл жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпенөтті. Ол əлеуметтік жəне жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі»,— деп толғанған екен кезінде даңқты жазушы Сəбит Мұқанов.

Бұл сөздер – ақын өмірі мен шығармашылығына, оныңғасыр жасаған, ерлікке толы поэзиясына берілген əділ баға, біздер үшін мəн-мағынасынешқашан жоймайтын құнды деректер. Бұл мəліметтер Жамбыл бабамыздың кейінгіұрпақ үшін тек танымдық дүние, аңсап, сусап оқитын, тəлімдік, тəрбиелік мəнізор өнегесі, біздерге қалдырған өлшеусіз ғибраты. Биыл Ұлы жырау ЖамбылЖабаевтың туғанына – 175 жыл! Осыған байланысты, республикалық «Әділет.Руханижаңғыру» қоғамдық-саяси, тарихи-танымдық газеті өзінің басты айдарынан бастап,Жамбыл атамыздың суреті мен 175 жылдығына сәйкес, 2021 жылдың қолдарыңыздағыалғашқы нөмірін атамызға арнап беташары ретінде қанатты сөздерін жыл ширегіндежәне жырау туралы тың дүниелерді, классик жазушылардың зерттеулерін, дәстүрлітүрде жариялайтын болады. Жамбыл атамыздың 150 жылдығы тойланған тұста тарихшы,жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым, ф.ғ.д, Мемлекет сыйлығыныңлауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауин өз ой-пікірін білдірген болатын.Санаға сіңген саналы сөздерге қайта назар аударсақ.

Өткен жыл Абай жылы, әдебиеттің, ұлттың мерекесі. Қаншама ұлағатты сөз айтылды, бірақ мұхиттың тереңіне, заңғардың биігіне жетпедік. Биігін бағамдап, тереңін түгесу, ауқымын тану, аумағын қамту мүмкін де емес. Қашан да ұлылардың үлесі осындай. Биыл – Жамбыл жылы. Тағы да айтып жатырмыз, асқақтатып жатырмыз. Бәрі жөн. Артығы жоқ. Бірақ…жеттік пе…таныдық па?… Біз ең алдымен бір нәрсеге бейіл беруіміз керек. Өзінен бұрынғы барлық ірі қайраткерлер сияқты, Жамбыл да ұлттың рухы. Жәкең қазақты бүкіл әлемге танытып кетті. Қалыптасқан нанбас ұғымға қарап, заманындағы шындықты бұрмалау керек. Қазақты, қазақтың әдебиетін, қазақтың рухын бүкіл дүние жүзіне ең алдымен танытқан Жамбыл болды. Әуезов емес, Абай емес. Біздің ұлы фольклорлық мұраларымыз емес. Жамбыл. Арыстар атылған, халық қырылған, елдің еңсесі түсіп, аруағы төмендеген ең бір қиын кезеңде Жамбылдың ұлт ұранындай көтеріліп, соншама атақ-даңққа жетуі үміт сәулесі, болашақ жақсы күндер жоралғысы секілді көрінді. Азаматқа күш берді, кейінгі ұрпаққа тыныс қосты. Міне, сол Жәкең – Алаштың ұлы перзенті, қазақтың даңқын шығарған ғажайып тұлға екендігіне ешқандай күмән тумауға тиіс. «Құдай жоқ болса, ойлап шығару керек» деген сөз бар. Жамбыл қолдан жасалған жоқ, сом болып қашалып туды, қазақтың ұлы жырауларының ең соңғы сарқыты болды. Орта ғасырлық сахара дүлдүлін жиырмасыншы ғасырдағы империя төріне шығарды. Сол үшін де біз Жәкеңнің аруағына бас ұрып, барын бағалап, әрқашан да қастерлеуіміз қажет. Жамбыл – әлемнің небір дамыған елдері мен халықтары мақтан етіп, тойлап жүрген ірілерімен, алыптармен терезесі тең, өзгеше тұрпатты, кесек тұлға.

Мұхтар МАҒАУИН,

Қазақстанның халық жазушысы,

әдебиет зерттеушісі.

Сөз соңында айтарымыз, Жамбылдың ақындық мұрасыкөп зерттелген. Оның шығармаларының баспа бетін көруіне кезінде С.Сейфуллинараласқан. М.Əуезов, С.Мұқанов бастаған қазақ ақын-жазушыларының көбі Жамбылжайында мақалалар, естеліктер жазған. Арнайы зерттеулер де бар. Еліміз Тəуелсіздікалғаннан кейін Жамбыл туралы жаңа көзқарас қалыптастыру, оны «социализм менСталиннің жыршысы» деген ұғымнан арашалап алу шаралары қолға алынды. Өлең –сөздің даңғылы, бар Қазақтың Жамбылы.

Ұрпақтары барда ұлы ақын жыры ғасырдан ғасырғамәңгі жасай береді.

Ізгі ниетпен:

Қуанышбек БОТАБЕК.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *