ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қоғам
549 Views

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен ауыл тұрғындарына баспана салу үшінмемлекет тарапынан берілген 17 млн. теңгенің 50 пайызы толық аударылған. Ауылтұрғындары екінші транш бойынша қалған қаражаттың 25% -на құжат өткізіп, қаржыала бастады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен кездескен ауылтұрғындары жұмыстың тоқтаусыз жүріп жатқаны үшін алғыс айтты.

Бұдан бөлек, топан судың зардабын көрген барлық отбасыға кәсіпкер Әлішер Усмановтың қоры есебінен әрбір жанұяға 425 мың теңгеден (1000 АҚШ долларынан) берілген. Сондай-ақ, отбасының әр мүшесі мемлекет тарапынан 100 мың теңгеден қаржылай көмек алды.

Түркістан облысының әкімі кезекті рет Мақтааралға жұмыс сапарымен келіп, Өргебас және Фирдоуси ауылдарын қалпына келтіру жұмыстарының барысын бақылады. Мырзакент кентіндегі жаңа мөлтек ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын тексерді. Салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады. Тынымсыз жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексерген облыс басшысы мобильді топ жұмысының тиімділігіне оң баға берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *