2019 ЖЫЛ АРАЛЫҒЫНДА ОНЛАЙН БКМ-ГЕ КӨШУ

Қоғам Құқық
926 Views

ҚР Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 27 қарашадағы «Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса мәшинелерін қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 206 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №1029 бұйрығына сәйкес 2019 жыл аралығында ақшалай есеп айырысулар кезінде онлайн БКМ қолдану міндеті туындайтын қызмет түрлері ұлғайтылды.

2019 жылдың әр тоқсаны сайын онлайн БКМ қолдануға 633 қызмет түрі қосылады:

— 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 323 қызмет түрі бойынша;

— 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 86 қызмет түрі бойынша;

— 2019 жылдың 1 қазанынан бастап 224 қызмет түрі бойынша.

Атап айтқанда, 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап автомобильдер мен жеңіл автомобильдерді жалға алу және жалға беру, жекеменшік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, такси қызметі, жылжымайтын мүлікті сатып алу және сату, Халықаралық саясат, ғимараттар құрылысы, автобуспен тасымалдау, газет басып шығару, жиһаз жасау, балмұздақ өндіру, нан өндіру, ұннан жасалған кондитерлік жаңа піскен өнімдерді, торттарды және тәтті тоқаштарды өндіру, баспа қызметі, жарнамалық қызмет, тұрмыстық электрониканы жөндеу, компьютерлер мен байланыс жабдықтарын жөндеу, жиһаздарды және үйге қажетті заттарды жөндеу, аяқ киімдерді жөндеу, тұрғын үй ғимараттарының құрылысы, терминалдардың қызметі, химиялық тазалау және бояу, сылақ жұмыстары, тағы басқа да қызметті жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде онлайн БКМ қолдануға міндет туындайды. Бұл ретте БКМ қолдану тәртібі ҚР Салық кодексінің 166-бабымен реттелетініне назар аударатын боламыз.

Баян ТҰЛҒАБАЕВА,

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *