800 МЫҢ МҮШЕСІ БАР САЯСИ ПАРТИЯНЫҢ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУҚАРЫ ҚАЙДА?!

Саясат
215 Views

Қаңтардағы оқиғаны тарихи терең тұжырымдау екі айдан аса уақыт өтсе де әзірге ертелеу сияқты. Талдауды, зерттеуді талап ететін және де-факто ретінде қабылдайтын көп шындық, көп құқықтық материал әлі де жабық. «Тергеу құпиясы» дейтін құқықтық категория бар. Бүгінгі күні білетініміз — тек жоғарғы билік иесінің компетентіндегі ашу мүмкін деген ақпараттық мәліметтер ғана. Онан кейінгісі — мүмкін болған телематериалдар. Қалғаны — әлеуметтік желілердегі өтірік-шынын ажырату, басқаны былай қойғанда, сол блогерлердің өзін шатастыратын, сену-сенбеуі қоғамдық пікірдің жекелеген субьектілерінің өздеріне тапсырылған «ақпарат көздері».

Кәрі тарихтың даусы ғасырларды жаңғырықтатқан небір уақиғалары бәрібір төл еліміздің кейінгі тіршілігінде жаңарып, өз орын жаңғыра еске түсіріп тұрады. Сол себепті ХХI ғасырдың 22-ші жылының алғашқы аптасында көпшілік үшін кенеттен болғанымен, тарихи және пәлсапалық заңдылықтар легінде өз орнымен «Қазақстандағы қаңтар трагедиясы» деген атпен біздің де, болашақтағылардың да естерінде мәңгі қалады…

Ең жаңа тарих заманында қай ел болмасын, егер индустриалды, оның әрмен дамыған сатысы постиндустриалды қоғам құруды мақсат етсе, онда оның алғышарты ретінде ең алдымен барлық саяси күштерінің қолдауымен халқының басым көпшілігінің әлеуметтік мүддесін бейнелейтін идеялар жинағын (қоғамдық идеологиясын) қалыптастыруы керек. Бұл – кемінде екі, немесе онан көп саяси партиялардың адал бәсекелестігі арқасында пісіп жетілетін дүние.

Әрине, біздегі қалыптасқан саяси-идеологиялық жағдайдың «ерекшеленуіне» байланысты, билік партиясының да «саяси статусы» ерекше болғанын көзі қарақты азаматтардың бәрі біледі. Ал енді біздің саналы азаматтарымыздың көзін ашып, сезімін оятқан қаңтар топалаңынан кейінгі мерзімде, осы қоғам дамуына өте қажетті саяси мақсаттың бастамасы қолға алынды ма? Әзірге тек біртіндеп шешіліп жатқан сияқты деп айтуға ғана болатын сияқты! Неге, сияқты? Қоғамымыз формалды түрде болса да, немесе реалды түрде болса да, билік партиясы деп мойындаған саяси ұйымның тек лидерінен ғана түскен тапсырмалар мен әсер ету импульстары болмаса, партиялық көпшілік, немесе оның қайраткерлері тарапынан туындаған мәселелерді шешуге арналған ұсыныстар көрінбеді. Тіптен, ешкімді бейжай қалдырмаған қаңтар саяси дағдарысы күндерінде де «билік статусындағы» партияның даусы естілмеді. Пресс-хатшысының ешкімді сендіре алмаған бір рет шыққан әлсіз даусынан басқа (!). Барша жұртқа белгілі барлық іс-қимыл мемлекет басшысының ғана әрекетімен өтті. Міне, арасынан қанша билік тұтқасын ұстаған азаматтар шыққан саяси ұйымның «белсенділігі»! Партия қызметкерлерінің саяси бет-пердесі! Барлық пәле артта қалғаннан соң да, жергілікті белсенділердің ұйымдастыруы және қатысуы арқылы бастауыш ұйымдарда арнайы партжиналыстар көзге көрініп, халыққа ықпал, әсер ететіндей өткенін естімедік. Ел бойынша 800 мыңдай мүшесі бар билік саяси ұйымының идеологиялық және саяси қауқары қайда!?

Сондықтан да осыған дейінгі жетекші саяси құрылымымызда қаласақ та, қаламасақ та, төменгі диалеммаға тірелген ұйымдық проблема пайда болды. Не отыз жыл бұрынғы СОКП сияқты тып-тыныш тарау, немесе түбегейлі қайта өзгерісті (реорганизация) қабыл алу. Қалыптасқан жағдайда бұл проблеманы шешу іс-қимылдағы мемлекет басшысының компетентіне келіп тұйықталды. Елбасымыз емес, ел басшымыз орыс халқының «из двух зол, выбирает наименьшее» деген мәтеліндегі тиімділік жолын таңдады.

16 наурызда өткен билік партиясының идеологиялық конструкциясы мен әлеуметтік-экономикалық саясатының жаңа бағдарларын анықтаған жылдық Президент Жолдауына дейін барлық ішкі партиялық қордаланған мәселелерді шешіп алған тиімді болар еді. Біраз үрдісті мәселелер шешілді де. Жаңа лидер, кадрлық бірінші кезектегі өзгерістер, партияның жаңа аты, т.с.с. Бірақ мұның бәрі республикалық ұйым деңгейіндегі, сайлаушылар сегменті мен қалың партиялық массаның батасын талап етпейтін, белгілі бір орындалу мерзімін талап етпейтін, керісінше, қанша жылдам шешілсе, сонша халық сенімі үшін саяси күрес пен тиімді саяси позиция қалыптастыруға көп уақыт беретін іс-әрекет емес пе? Өкінішке қарай, атын өзгертіп, «ребрендинг» деп масаттануға, қайта тіркелеміз деп ұрандатуға, партия жарғысы мен бағдарламасына өзгерістер енгіземіз уәде тастауға екі айдан астам уақыт кетіп қалды…

Осы уақыт мерзімінде партияның аты өзгергенін мемлекеттік тіркеуден өткізіп қана қоймай, бүткіл партияішілік мүшелік және бастауыш, жергілікті ұйымдық тіркеу өткізіп, пайдасынан зияны көп балласты ашық түрде алыстатып алса болмас па еді!? Әрбір партия мүшесіне қайтадан «Аманаттың» қатарында қалу туралы арызын жаздырып, оның бастауыш ұйымда мақұлдауын алып, саяси ұйымның бүгінгі күнгі сенімі ортақ контингентін реттеп алуға да уақыт бар еді.

Соңғы 15 жылдай уақыт бойы біртіндеп қалың жұрт алдында саяси қоғамдық күштің орнына биліктің «сайлауалды халықпен жұмыс істеу бөліміне» айналып кеткен партия жаңғырып, жаңарып өзінің саяси-әлеуметтік орнын қайтару үшін кадрлық, активтік өзгерісін тек жоғарғы деңгейде ғана емес, жергілікті жерлерде де іске асыруы керек.

«Жаңа Қазақстан» идеясының өміршеңдігін қамтамасыз етуде билік партиясының ролі ерекше екені көзі қарақты азаматтардың бәріне аян. Ал біздің саналы азаматтарымыздың көзін ашып, сезімін оятқан қаңтар топалаңынан кейінгі мерзімде осы саяси мақсаттардың бастамасы шешілді ме?

16 наурызда өткен Жолдауға дейін-ақ билік партиясының идеологиялық конструкциясы мен әлеуметтік-экономикалық саясатының жаңа бағдарларын, барлық ішкі партиялық қордаланған мәселелерді шешіп алған тиімді болар еді. Біраз үрдісті мәселелер шешілді де. Жаңа лидер, кадрлық бірінші кезектегі өзгерістер, партияның жаңа аты, тағы сол сияқтылар. Бірақ, мұның бәрі республикалық ұйым деңгейіндегі, сайлаушылар сегменті мен қалың партиялық массаның арнайы «батасын» талап етпейтін, белгілі бір орындалу мерзімін талап етпейтін, керісінше, қанша жылдам шешілсе, сонша халық сенімін көтеруге арналған іс-әрекет емес пе? Саяси күрес пен тиімді саяси позиция қалыптастыруға мейлінше көп уақыт үнемдейтін іс-әрекет емес пе? Өкінішке орай, атын өзгертіп, «ребиндринг» деп масаттануға, қайта тіркелеміз деп ұрандатуға, партия жарғысы мен бағдарламасына өзгерістер енгіземіз уәде тастауға екі айдан астам уақыт кетіп қалды…

Осы уақыт мерзімінде партияның аты өзгергенін мемлекеттік тіркеуден өткізіп қана қоймай, бүткіл партияішілік мүшелік және бастауыш, жергілікті ұйымдық тіркеу өткізіп, партияның іс-әрекет потенциалын халық алдына анықтап алса болмас па еді!? Әрбір партия мүшесіне қайтадан «Аманаттың» қатарында қалу туралы арызын жаздырып, оның бастауыш ұйымда мақұлдауын алып, саяси ұйымның бүгінгі күнгі сенімді контингентін реттеп алуға да уақыт бар еді.

Соңғы 15 жылдай уақыт бойы біртіндеп қалың жұрт алдында саяси-қоғамдық күштің ролін атқарған биліктің «сайлауалды үгіт бөлімінен» нағыз саяси партияға, жеке қайраткердің мүддесін күйттейтін емес, керісінше сол қайраткерлерді басқа саяси ұйымдармен бәсекелестік аясында халық арасынан шығарып, тәрбиелейтін қоғамдық құралға айналдыру қиынның қиыны болса керек. Сондықтан да, өздері бәсекелестік жағдайын бастан кешірмеген, күрделі саяси-қоғамдық мазмұндағы «шешімдері» билік органдарынан келіп түсетініне дағдыланған, саяси мәдениеті «айтқанды орындаудан» аспаған, белсенді кадрлары атқарушы органдардың иерархиясы мен аппаратындағы ойындағы орындарына шаршамай кезек күткендерге үміт артуға болады ма?

Десек те, амал жоқ. «Әркім барына риза» дейді қазақ. Болашақта өркениетті қоғам дегенге иегіміз қышыса, онда идеологиялық саясатсыз, саяси қозғаушы күштерсіз, қоғамдық-әлеуметтік құрылымдарсыз ондай мақсатқа, ең жаңа әлемдік тарих тағлымдары көрсеткендей, қол жеткізу мүмкін емес. Кезіндегі билікке қолшоқпар болған, басқа елдегі ресми тіркелген партияларға «аға» болған, барына базар партияны кемістігін зерттеп, айыбын анықтап, алдағы мақсат-мұратын айқындап, «Жаңа Қазақстан» идеологиясына сәйкестендіріп, әлемдік көштегі орнымызды алға сүйреуіміз керек. Қазіргі іс-қимылдағы мемлекет басшымыздың «жаман да болса барымыздан» безбей, жыл соңына дейін басшылығын тастамай, басқа өзіне төл саяси партия құруға ұмтылмай, елдегі саяси алаңды бос тастамағаны бір жағынан жанашырлығы және саяси тіршілікті жете түсінгені.

Кәрі тарихтың заңдылықтарын түсінсек, оған сенсек, оны мойындасақ, қандай да болмасын деспотиялық, диктаторлық, клиптократиялық биліктің, тоталитарлық тәртіптің, узурпациялық айланың жақсылықпен «ұзағынан сүйіндіргені» жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы кезеңде қалыптасып қалған беделсіз болса да билік партиясын жеке мүддесіне пайдаланбай, оның «құдай сыйлаған» басшылығынан бас тартуы да бұл азаматтың жоғары саяси және құқықтық мәдениетінің дәлелі, ұлт болашағына бейжәй қарамайтындығының белгісі.

Өз кезегінде «НұрОтанның» «Аманаты» да жеке тұлғаның «қалта» партиясынан елдегі бүткіл халықтың белгілі де беделді саяси-қоғамдық ұйымына өсіп-жетілу түрткі ниетіне ие болып отыр. Рас. Саны мүшелерінің көп азаяр. Ел үшін, халық үшін даму идеяларына қызмет іздегендер емес, өтірік ұрандатып өзіне карьера іздегендер, саяси-ұйымдастыру проблемаларының алғашқы ауыртпалығы келгеннен-ақ кешегі саяси «сенімділігінен» айнып, қызметін тастай қашар. Қалай болғанда да саяси идеология қоғамдық идеологияның күре тамыры екенін, заманның даму талабы екенін, ақсақалдардың ақылымен ілгерілейтін мифологиялық идеология және имамдардың уағызымен құлдық ұратын діни идеология адамзат көшінің кешегі күні екенін жақсы білетін азаматтар бүгінгі қазақта да жеткілікті шығар. Енді ұлтты, елді алға жетелейтін, Тәуелсіздігіміздің туын биіктететін, халықтың әбиірін бәсекелесе көтеруге ұмтылған, бірнеше саяси партияға топталған білімпаз, ғылымпаз, кәсіби білікті жігіттер мен қыздардың әлеуметтік сыннан өту кезеңі келген сияқты.

«Ауруын жасырған, өледі» дейді атам қазақ. Өткендегі мойындамаса болмайтын осы бағыттағы басты «дертіміз»: жұрт сенген идеологиялық құндылықтарымыз сөз жүзінде де, іс жүзінде олардың антиподы орын алды. Қоғамдық-идеологиялық мақсаттарымызды практикалық жүзеге асыру құралы – Ата заңымыздың – бірінші бабында «демократиялық», «құқықтық», «зайырлылық» және «әлеуметтілік» талаптары ойылып жазылған. Халық билігін қамтамасыз ететін «демократиялық» үрдіс жұртшылықтың көз алдында автократияға айналғанын, «құқықтық» үрдіс коррозияға ұшырап, кімдердің мүддесіне қызмет еткенін, «зайырлылық» формалды мазмұнға еніп, діндарлардың мазағы болғанын, ал «әлеуметтіліктің» «162 бай мен 50 мың теңгелік » қарабүдіннің күйін кешкені бүгінгі күні айтпаса да белгілі жәйт. Айтайын дегенім осының бәріне қарсы күресетін қазақ қоғамының ішкі идеологиялық алаңы неге деидеологиялық күштерге, күні өткен этноклерикалдық ағымдарға, әлеуметке, жұртшылыққа, «халық билігіне» емес, тек «үстем тапқа» қызмет ететіндерге көзге көрінетін саяси-партиялық күрессіз берілді!? Бұл алаң – ХХI ғасыр тіршілік жағдайында саяси-партиялық және саяси-қоғамдық бірлестіктердің «қасиетті орны» емес пе еді…

Бүгінде екпіндеген білгіштеріміздің қарғысына күнде ұшырайтын кедей-кепшіктердің көсемі В.И.Лениннің айтқанындай, экономика өмір сүру әдісінің негізі, саясаттың түйінделген көрінісі. Бұл әлеуметтік серпілістің қозғаушы күші – саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, олардың лидерлері мен белсенділері.

Тіршілігіміз алдыңғы қатарда, прагматикалық өмір салтындамыз дейтін үлгілілеріміз де, этатизм, лаицизм және секуляризация талаптарын жүзеге асыратын қоғамның қаймақтары да солар. Әзірге қолда бар саяси-әлеуметтік құрылымдарымыз осылар. Мүмкін алдағы уақыттарда демократиялық тәртіптің дамуына ілесе басқалары да пайда бола жатар…

Сапарбек САХОВ,

Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының

доценті, тарих ғылымдарының кандидаты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *