АУДИТ ІС-ШАРАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қоғам
225 Views

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясында, «Салықтық әкімшілендірудің тиімділігі, жергілікті бюджетке түсетін салық және басқа да міндетті түсімдердің толықтығы мен уақтылығы, дұрыстығына» жүргізілгенаудит нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктер мен сәйкессіздіктерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жауапты қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге тексеру комиссиясының мүшелері, бөлім басшылары, мемлекеттікаудиторлары және мемлекеттіккірістер басқармасының жауаптықызметкерлері қатысты. Кездесубарысында айтылған негізгі түйінді мәселелер: аудиторлық іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Қаржыминистрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің «Орталықтандырылғансәйкестендірілген дербес шоттар» ақпараттық жүйесіндегі салық төлеушілердіңжеке шоттарына ішінара талдау жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар тұлғалардың жергілікті бюджетке түсетін Жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияларын мерзімінде тапсырмағандығы, салық салынатын табыс көлемін кеміткендігі немесенөлдік көрсеткіштермен тапсырғандығы. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешені шығындарын субсидиялауға бөлінген қаржыларды алушы тұлғалар туралы «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінен және «Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен «Нәтижеліжұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарғаарналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы»қаулысына сәйкес, 2020-2022жылдары жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар алған кәсіпкерлер жөнінде мәліметтер алынбағандығы айтылды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар алдағы уақытта жоғарыдағы кемшіліктерді болдырмау мақсатында өздерінің ойлары мен ұсыныстарын талқыға салып, пікірлерін білдірді.

М. БАЛҚЫБЕКОВ,

Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *