ТУБЕРКУЛЕЗ ТУРАЛЫ НЕ БІЛУ КЕРЕК?

Денсаулық
162 Views

Туберкулез — ежелгі жұқпалы аурулардың бірі. Роберт Кох 1882 жылы туберкулез қоздырғышын ашты жәнебұл жұқпалы ауру екенін дәлелдеді. XX ғасырға дейін туберкулез іс жүзінде емделмейтін болған. Туберкулез әлемдегі ең көп таралған инфекциялардың бірі.Микроскоп астындағы туберкулез микробы қатты ұлғайған кезде кішкентай таяқша тәріздес болып көрінеді, сондықтан туберкулез таяқшасы деп аталды.

ТУБЕРКУЛЕЗ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Туберкулез — бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез — бұл текөкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзаларының — сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардыңда зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.

Жұқтырудың негізгі көзі — туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам.

ТУБЕРКУЛЕЗ БЕЛГІЛЕРІ ҚАНДАЙ?

1. Ұзақтығы екі аптадан асатын жөтел

2. Шаршау және әлсіздік

3. Дене салмағының төмендеуі

4. Температураның ұзақ көтерілуі

5. Түнде тершеңдік

6. Кеуде қуысындағы ауырсыну

7. Қан түкіру

ТУБЕРКУЛЕЗДІ ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ?

1. Тері туберкулин сынамасы (Манту) адамның жұқтырғанын көрсетеді.

2. Рентгенологиялық тексеру (флюорография) өкпенің зақымданғанын көрсетеді.

3. Қақырықты зерттеу жөтел кезінде бөлінетін микробтардың бар-жоғын анықтайды.

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

1. Салауатты өмір салты. Бұл мақсатқа жету үшін ең жақсы жолы — күн тәртібін құру және ағзаны шынықтыру.

2. Таза ауада серуендеу, күн және су процедуралары, дене шынықтырумен айналысу, демалыс пен еңбек жүктемесінің дұрыс үйлесімі, толыққанды, дәрумендерге бай тамақтану, жеткілікті және уақтылы ұйқы, яғни дұрыс гигиеналық тәртіп адам ағзасының нығаюына ықпал етеді және оны туберкулез ауруынан қорғайды.

3. Жыл мезгіліне қарамастан, таза ауада мүмкіндігін-ше көбірек болу қажет, өйткені таза ауа ағзаға жақсы әсер етеді және шынығудың тамаша жолы болып табы-лады.

4. Жеке гигиена ережелерін сақтау: жуу құралдарын және ағынды суды пайдалана отырып, қолды, ыдыстарды жуу, тұрғын үй-жайларды ылғалды жинау және желдету, ет пен сүтті міндетті термалық өңдеу, жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды пайдалану, су процедуралары — сүртіну, құю, душ.

5. Жөтел этикетін сақтау

6. Гигиеналық тәртіптің маңызды бөлімі дұрыс та-мақтану болып табылады. Адам тәбетінің жоғарылауына ықпал ететін және ағзамен жақсы сіңіретін түрлі та-ғамдарды жеу керек. Тағам құрамына ақуыздар, майлар мен көмірсулардан басқа, міндетті түрде витаминдер мен минералды тұздар кіруі тиіс. Ақуыздар ет, сүт, сүз-бе, жұмыртқада болады; көмірсулар — қант, нан, картоп, жармада. Витаминдер мен минералды тұздар негізінен жаңа піскен көкөністер мен жемістерде болады.

7. Туған кезде БЦЖ-мен міндетті түрде вакцинациялау және 6-7 жаста қайта вакцинациялау.

8. Туберкулезді дер кезінде диагностикалау.

Жүніс Құралай Естановна,

ТО ДСБ «Облыстық фтизиопульмология орталығы» ШЖК МКК

 1-терапия аға медбикесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *