КОРОНАВИРУС ШЫНЫМЕН-АҚ 15 МИЛЛИОН АДАМНЫҢ ӨМІРІН ҚИЫП КЕТЕ МЕ ЕКЕН?!

Денсаулық
612 Views

Өткен жылдың желтоқсан айында Қытай Халық Республикасының Ухань қаласынан шыққан коронавирус кеселі бүгінде төрткүл әлемге жайылған. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы бұлқатерлі дертке SARS-CoV-2, COVID-2019, 2019-nCoV деген атау берген.

Аустралия Ұлттық университетінің (ANU) ғалымдары көлденеңнен келген коронавирус кеселінің кесірінен әлем экономикасы 2,4 триллион доллардан 9 триллион долларға дейін құлдырауы мүмкін деген болжам жасап отыр. Америка Құрама Штаттары – 1,7 триллион доллар, ҚХР – 1,6 триллион доллар, Үндістан – 567 миллиард доллар, Жапония – 549 миллиард доллар көлемінде зардап шекпек. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл қатерлі індет төрткүл әлемдегі 15 миллион адамның өмірін қиып кететін көрінеді. Бүгінде көптеген өркениетті елдер коронавирусқа қарсы вакцина іздеу үстінде.

2020 жылғы 22 маусымға дейін төрткүл әлемнің 213 елінде – 470665 адам көз жұмған. Соның ішінде Еуропада – 187387, Солтүстік Америкада – 153627, Оңтүстік Америкада – 70324, Азияда – 47291, Африкада – 7950, Аустралия мен Мұхиттар аймағында – 124 адам бақилық болған. Әлгі ғалымдары қатты алаңдап отырған жасыл құрлықта 102 адам көз жұмған.

Мемлекеттер арасынан АҚШ-та – 122247, Бразилияда – 50659, Ұлыбританияда – 42632, Италияда –34634, Францияда – 29640, Испанияда – 28323, Мексикада – 21825, Үндістанда – 13703, Бельгияда – 9696, Иранда – 9623, Германияда – 8962, Канадада – 8430, Перуде – 8045, Нидерландыда – 6090, Швецияда – 5053, Түркияда – 4950, ҚХР-да – 4634, Чилиде – 4479, Эквадорда – 4223, Пәкістанда – 3501, Индонезияда – 2465, Колумбияда – 2237, Египетте – 2193, Швейцарияда – 1956, Оңтүстік Африка Республикасында – 1930, Ирландияда – 1715, Португалияда – 1530, Румынияда – 1512, Бангладеште – 1464, Польшада – 1356, Сауд Арабиясында – 1267, Филиппиныда – 1169, Иракта – 1100, Аргентинада 1011 адам өмірмен қош айтысқан. Өзге елдердегі өлім көрсеткіші мың адамға жетпейді.

Бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер арасындағы кісі өлімінің көрсеткіші мынадай: Ресей Федерациясында – 8111, Украинада – 1002, Молдовада – 473, Арменияда – 350, Беларуста – 346, Әзербайжанда – 154, Литвада – 76, Эстонияда – 69, Тәжікстанда – 52, Қырғызстанда – 37, Латвияда – 30, Өзбекстанда – 19, Грузияда – 14 адам.

Бейресми мәліметтерге қарағанда Тәжікстанда бұл қатерлі індеттен қайтыс болғандардың саны 420-ны құрайды. Жоғарыдан берілген тапсырма бойынша дәрігерлер марқұмдарға пневмония, туберкулез, доңыз тұмауынан көз жұмды деген құжат толтырған көрінеді. Бұл елде карантиндік шаралар енгізілмеген. Тек адам көп жұмыс істейтін кейбір кәсіпорындар ғана жұмысын тоқтатқан.

Ал бейтарап авторитарлы мемлекет – Түркіменстанда коронавирус ресми түрде тіркелмеген. Былайша айтқанда, ешкім кесел жұқтырмаған. Адамдарға бетперде, медициналық қолғап киюге тыйым салынған. Ел Президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов сақтық шаралары ретінде үйде адыраспан тұтатуды ұсынған. Сол себепті бұл елде күн сайын мыңдаған адамның қатысуымен көпшілік іс-шаралар өткізілуде. Мұндайда «Ауруын жасырғанды өлім әшкере етеді» деген тәмсіл ойға оралады екен.

Өзіміздің Қазақстанға келетін болсақ, коронавирустан 120 адам бақилық болған. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтанда – 32, Алматыда – 20, Шымкент пен Павлодар облысында –13-тен, Қарағанды облысында – 10, Ақмола мен Түркістан облыстарында – сегізден, Батыс Қазақстан облысында – алты, Атырау облысында – үш, Қостанай, Маңғыстау облыстарында – екеуден, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында – бір-бірден адам көз жұмған. Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында кісі өлімі тіркелмеген.

Бұл қатерлідертті жұқтырғандардың арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы НұрланЗайроллаұлы Нығматуллин, Денсаулық сақтау министрі Елжан Амантайұлы Біртанов,Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиұлы Құрманғали да бар. Біз олардың бәрінің, жалпы байтағымыздағыбарлық тұрғындардың карантин кезінде қауіпсіздік қағидаттарын қатаң сақтап,аман-есен, сау-саламат жүруін тілейміз. Бақытты күндерде бас қосқанша, ағайын!

Әбдісаттар ӘЛІП.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *