Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің білім беру бағдарламалары 2025 жылдың 12 наурызында жарияланған QS World University Rankings әлемдік білім беру пәні рейтингінің үздік ТОП 200 қатарына енді.
Үздік пәндер қатарында: «Қонақжайлылық және демалысты басқару» – топ 101-150, «Археология» – үздік 101-150, «Ағылшын тілі мен әдебиеті» – 101-150, «Лингвистика» – 101-150, «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» – 153 орын, «Тарих» – 201-250 топ.
Сондай-ақ әлемдегі үздік үш жүздікте «Инженерия және технологиялар» пәндері – 292-орын және «Саясат және халықаралық зерттеулер» – 250-300.
Үздік 500-ге «Әлеуметтану» — 301-350, «Білім» — 301-350, «Бизнес және менеджмент» — 501-550 білім беру бағдарламалары кірді.
Биыл 5203 ЖОО-ға талдау жасалып, оның 1,747-сі жарияланды.
ЕҰУ ұсынылған пәндердің жалпы санында оң динамикасын көрсетуді жалғастыруда, бұл биылғы жылы 21-ге дейін өсті. Салыстыру үшін айта кетейік, 3 жыл бұрын олардың тек 11 пәні болған, яғни көрсеткіш екі есеге өскен. Биыл ЕҰУ 17 пән және 4 пәндік бағыт бойынша ұсынылды.
Рейтинг келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады: академиялық бедел, жұмыс берушінің беделі, дәйексөздер, Һ-индексі, халықаралық зерттеу желісі.
Биыл алғаш рет ЕҰУ «Жаратылыстану ғылымдары» пәндік бағытына еніп, 455-орынға ие болды. Университет сонымен қатар «Математика» бойынша 501-600 үздік қатарына енді.
Нәтижелер 145-орынға көтерілген «Археология» бойынша, 301-350-ге кірген «Білім» бойынша және 35 орынға көтерілген «Инженерия және технологиялар» бойынша 292-орынға көрсеткіштер жақсарды.
Ең үздік пәндер 100-ден сәйкесінше 72,0 және 68,8 балл жинаған «Қазіргі тілдер» мен «Лингвистика» болды.
ЕҰУ-нің баспасөз қызметі