«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ» ИНТЕРАКТИВТІ ТАРИХИ КАРТАСЫ

Рухани жаңғыру
1 492 Views

2017 жылғы 26 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының рухани жаңғыруға белсене атсалысатынына сенім білдіріп, Ассамблея мүшелеріне өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін бірқатар жобаға тоқталып өткен болатын. Сессия барысында Елбасы 2018 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының көпфункционалды мультимедиалық порталын ашуды, сондай-ақ «Қазақстан халқы» интерактивті тарихи картасын жасауды тапсырды. «Қазақстан халқы» интерактивті тарихи картасы – рухани жаңғыру мен халықтар достығының ұйытқысы екені даусыз.

Ел иесі – қазақтың мемлекет құраушы ретіндегі айрықша рөлін ескере отырып жасалуға тиіс электронды карта ежелгі қазақ жерінде сан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің ұйысу процесін көрнекі және толық көрсетіп береді. Осы интерактивті картаны жасап, келесі жылы «Алғыс айту» күніне орай тұсауын кесуді тапсырғаны баршамызға мәлім.

Осыған орай ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымының докторы Айжамал Ибрагимқызы Құдайбергенова еліміздегі үшінші мегаполис мәртебесіне ие болған Шымкент шаһарына іссапармен жол тартып, ғылыми түрде «Қазақстан халқы» атты интерактивті тарихи карта жайында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, қалалық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының залында баяндама жасап, картаның негізгі мақсаты мен құрылымымен таныстырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы Қазақстан халқын Мемлекет басшысының қоғамдық сананың жаңғыруы бойынша бастамаларын іске асыруды қолдауға шақырады.

Ақнұр ОРАЛОВА,

тарих ғылымының магистрі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *