«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ»

Рухани жаңғыру
1 585 Views

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талдау және «Кітап – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті», “Тәуелсіздік – жүрегі елім деп соққан әрбір қазақстандық үшін аса қадірлі, айрықша ардақты ұғым”. «Адам бақытты өмір сүруі үшін оның тәуелсіз Отаны болуы қажет». Жастарды Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу мақсатында, академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жастары мен Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 1 курс студенті Мади Асел өз баяндамасында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы туралы баяндап, бүгінгі Қазақстан – қалыптасқан мемлекет, бірақ ең бастысы – ол орасан зор әлеуеті және өркендейтін болашағы бар ел дей келе Қазақстанның болашағы – жастардың қолында екеніне тоқтала өтті. Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың маңдайына жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни бізге бұйырған бақыт деп ойлаймыз. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Ендігі болашақ – жастардың қолында, ел жастарға сенеді. Елбасымыздың халыққа Жолдауында “ХХІ ғасыр – білім ғасыры” делінген.

2019 жыл – жастар жылы деп жариялады. Олай болса, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек, жақсы оқып, жан-жақты білім мен ғылым алуымыз керек. Ел ертеңі – біздің, келер ұрпақтың қолында деп айтып та, жазып та жүрміз. Елімізді көркейту, оны өзімізден кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің борышымыз деп білеміз. Ұлы Мұхтар Әуезов: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер, қайрат, еліміздің болашағы тек жастардың қолында. Елбасымыздың халыққа Жолдауында: «Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр» деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын етуге әрекет жасайық.

Қарағайдың қырық бұтағы болғанымен, біреуі ғана саптыаяққа жарайды екен. Өз студентін шынайы түрде қолдау екінің бірі ойлағанымен, мыңнан бірі ғана жасайтын дүние. Шәкірті жоқ ұстаз – тұл. Ал, өз шәкірттеріне қолдау білдіре білген оқу ордамыздың басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты Рабиға Қуатбекова ханымға университетіміздегі алты мыңнан астам студенттердің атынан алғысымыз шексіз!

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық кафедрасының меңгерушісі Шымырбай Нартбаев «Көне кітаптар – жаңғыру кепілі, шежірелі қазақ тілінің түп-тамыры тереңде жатыр» дей келе Төлеген Ағыбайұлының «Тарихи дастан жәдігерлері» (1929 жылдары қолжазба араб тілінде жазылған), аударылып баспаға ұсынылып, 2019 жылы «Оңтүстік полиграфия» баспасында жарық көретінін айтып өтті. Кітап – ақы сұрамайтын алтын қазына! Қазақ жазуы тарихының түрлі кезеңдеріне сапар шектіретін сирек кездесетін кітаптар көненің көзі – жазба ескерткіштерді жинақтау, сақтау, зерттеу, дәріптеу ісімен айналысуда. Кешімізді қорытындылауға ғалым, филология ғылымының кандидаты, PhD докторы, Бектай Қожахметов «Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұратының орындалуы» деп, жастарды тәуелсіздіктің қадір-қасиетіне жетуге шақырды.

Ардақ ОДАМАНОВА,

академик, Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің кітапханашысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *