Тағайындау:
Асхат Айтуғанов,
Департамент басшысы.
Бұған дейін
Бір бөлімнің хатшысы.
1990 жылы туылған.
Заңгер,
Қаржыгер,
Бес тіл біледі.
Жылағанға жылап,
Күлгендерге күледі.
Жұрттың тілін таба біледі…
Суретіне қарасам,
Ақ көйлек,
Қара кәстөм-шалбар киіп,
Басын иіп
Қазақтың қара баласы отыр.
Мынасы анаусынан өткен:
Айбол Досболов вице-министр.
1981 жылы туған.
Туа салып
Білімнің жолын қуған.
«Болашақпен» Алманияда оқыған.
Бұған дейін,
Бір нәрсеге қарсы…
Кейін
Араб, Парсы
Елшілікте болған.
Он тіл біледі.
Суретіне қарасам,
Монтиып
Тағы бір қазақтың баласы отыр.
Ал, баспасөзде,
Ұсталған
Шіренген шенділер,
Министрдің адамы!
Ең жаманы –
Әкімнің орынбасары.
Судьялар өріп жүр,
Оны көзіміз көріп жүр.
Қазекем айтқыш:
«Қыз күнінде бәрі жақсы,
Жаман жемқор
Қайдан шығады» – дейді.
Иә,
Адам өзгереді екен,
Өзгергенді көз көреді екен.
Ералхан ЖЫЛҚЫАЙДАРҰЛЫ.